Информатика мен информатика пєні туралы



бет14/67
Дата13.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#67749
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67
Байланысты:
Маржан дипл
rya 21, rya 40, 1863823, Проверьте себя. Тест, Aytbenowa-A-A-WEB-dizayn-negizderi-converted, 7 HTML, КАНАТ ДИПЛом нов, Задан-1-9 казМК, Задан-1-9 казМК, 13-15 апталарына тапсырма, 1.3. РОЛИ МЕН ОРНЫ2, Логика есеп, Логика есеп, жиын тест
Бірінші кезең, бұрынғы Одақтағы 50-жылдардың бас кезіндегі алғашқы ЭЕМ-дың пайда болуына байланысты. Осыған байланысты, адам қызметінің жаңа саласы дами бастады. Программалаудың қалыптасу кезеңінде тілдік құралдар мен әдістер жеткіліксіз болды. Соған қарамастан оқушылардың прогараммалауды түсініп, игеруіне ешқандай принципті қиыншылық болған жоқ.

Алғашқы ЭЕМ-дер пайда болғаннан кейін көп кешікпей ғылыми-зерттеу мекемелерінде және ірі жоғары оқу орындарында прогараммалауды және ЭЕМ-де жұмыс істеуді зерттейтін топтар пайда бола бастады. 50-жылдардың аяғына қарай, А.П.Ершовтың басқаруымен Новосибирск қаласының кейбір мектептерінде тәжірибелер жүргізілгендігі белгілі. Бұл тәжірибені сондағы ғылыми қалашықтағы есептегіш техника негізінде жүргізді. Басталған жұмысқа университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының көптеген ғалымдары қатысып, араласты. Бірақ, мұндай алғашқы қадамдардың жалпы білім беретін орта мектеп үшін міндетті курстың қалыптасуына қатысы жоқ еді.



Екінші кезең, математикаға бейімделген мектептер негізінде программалауға мамандыруға байланысты. Информатиканы мектепте оқытуды 1959 жылдан басталды деуге болады, өйткені Мәскеу қаласының №444 мектебінде С.И.Шварцбурд жоғары сынып оқушыларына ЭЕМ жұмысын үйретуге бағытталған эксперимент жүргізуді бастады. Мұндай мектептерде жалпыға бірдей орта білім негізінде программист дайындау көзделген болатын. Осы мақсатқа сәйкес, С.И.Шварцбурдтың жүргізген тәжірибелік жұмысы көпшілікке белгілі болды.

Программалау саласында мамандандырылған мектептер жүйесінің дамуы тағы бір маңызды рөл атқарады. Оқушыларды программалауға үйретуге арналған мақалалар мен әдістемелік талдамалар көптеп шыға бастады.

Бұл жылдары математикаға бейімделген мектептер үшін дайындалған оқу құралдары кең таралды және бұл құралдар белгілі бір программалау жүйесі негізінде жасалды. Осы жинақталған материалдар программалау бойынша факультативтік курстардың қалыптасуында маңызды рөл атқарды.

Келесі кезең, арнаулы факультативтік курстардың ашылуына байланысты. Факультативтік курстың мақсаты – оқушылардың жан-жақты мүмкіндіктерін дамытуға және білімдерін тереңдетуге бағытталған жаңа оқу жұмысының түрі ретінде қарастырылды. Ол жөнінде КОКП ОК мен КСРО министрлер кеңесін 1966 жылғы «Жалпы білім беретін орта мектеп жұмысын одан әрі жақсарту шаралары» туралы қаулысында көрсетілді. Математика және оның қолданулары бойынша жүргізілген факультативтерде арнаулы үш курс әртүрлі деңгейде ЭЕМ-ның қолдануын қажет етті. «Програмалау», «Есептеу математикасы», «Векторлық кеңістіктер және сызықтық программалау». Осы факультативтік курстардың енгізілуіне байланысты программалауды орта мектепте енгізу басталды.

Кейінірек, сол кездегі математикалық орта білімнің қайта құрылуына байланысты жаңа таңдаулы тақырыптар ұсынылды. «Санау жүйелері» және «ЭЕМ-нің арифметикалық құрылғылары» (7-сынып), «Алгоритмдеу және программалау» (8-сынып), «Кибернетика негіздері» (9-10-сыныптар), «Программалау тілдері» (11-сынып).

Дәл осы кезеңде арнаулы факультативтік курстар бойынша оқыту мазмұны мен әдістерін жасау мәселелеріне байланысты әдістемелік мәселелер В.М.Монаховтың және т.б. көптеген ғалымдардың еңбектерінде шешімін тапты. Мектептер мен есептегіш техникасы бар өндіріс орындары арасындағы байланысты қалыптастыру тәжірибесі жинақталды. Бұл тәжірибе кейін оқу-өндірістік комбинаттары арқылы мектептегі оқыту ісіне есептегіш техниканы енгізуге негіз болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет