Информатика пән аралық ғылым ретінде. Информатика – еэм арқылы информацияны



бет1/6
Дата12.12.2021
өлшемі24,61 Kb.
#99732
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
философия практика 12
Химия оқыту әдістеме 3прав, 23.04.21 Алгоритмизация практ 2 пара, тест 9, Àòòåñòàöèÿäàí ?òóø³ äåíå øûíû?òûðó ï?í³ ì??àë³ìäåð³íå àðíàë?àí à

Информатика пән аралық ғылым ретінде.

Информатика ЕЭМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіңдіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында инфармацияны кеңінен қолдану заңдары мен тәсілдері туралы мәліметтер беретіні болып табылады.

Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми-техникалық прогреске айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән болып саналады да, оны оқып үйрену күннен күнге күрделіленіп барады.

Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шікізаты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан “информация” ұғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.

Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни қолданылатын негізгі интерфейс рөлін командалық қатар атқарады. Бұл қатар арқылы МS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұхбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ-ді басқару үшін қажет жүзден аса командалар пернелерден енгізіліп барып орындалады. Командаларды жазу тәртібі өте күрделі – деуге болады, кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келеді. Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де, көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды.

Осыдан барып, адам мен операциялық жүйе арасыңдағы байланысты жеңілдету үшін әртүрлі жүйелік қоршаулар құрастырыла бастады. Бірақ олар негізінен текстік режимде (ең кең таралғандарының бірі — Norton Commander) жұмыс істейтін еді. Бұларда бір-екі пернені қатар басу арқылы күрделі де қиын командаларды термей-ақ тікелей орындау жүзеге асырылды.

Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің фашщық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті, яғни қажет информацияны жылдам әрі жеңіл тауып, оның мазмұнын қарауға және онымен жұмыс істеуге өз септігін тигізді.

5-және 6-сабақтарда біз ОС-тің негізгі үш түрі жайлы айтқанбыз (ІВМ, Мас, DEС компьютерлері үшін). DEС фирмасы компьютерлерінің операциялық жүйесі ретінде UNIX  қолданылды, олар үлкен және орташа ЭЕМ-дерде жұмыс істеген болатын.

 UNIX операциялық жүйесінің МS-DОS жүйесінен негізгі артықшылығы болып, оның бір мезетте бірнеше есепті қатар шығару мүмкіндігі, яғни бірнеше программаларды параллель орындау қасиеті есептелген.

80-ші жылдардың ортасында МS (РС)-DOS-тың мұндай кемшілігінен арылу үшін, Місrosoft фирмасы ІВМ тәрізді компьютерлерге арналған бірнеше есепті қатар шығара алатын операциялық жүйелер жасау жұмысын қолға алды, солардың бірі  жүйесі болатын. Алайда, осы уақытқа дейін олардың онша көп таралмауын дербес компьютерлердің есептеу мүмкіндіктерінің төмендігімен түсіндіруге болады.

80386 сериялы микропроцессорлардың пайда болуымен қатар іске қосыла бастаған Windows графикалық ортасының жаңа версиясы Windows  3.1 бірте-бірте бұрынғы текстік программалық қоршауларды қатардан ығыстырып шығара бастады. 80486 сериялы процессорлардың шығуьша байланысты дербес компьютерлердің көптеген жаңа түрлеріне графикалық мүмкіндігі мол Windows 3.1 немесе одан кейінгі Windows 3.11 версиясы қондырылған МS-DОS  операциялық жүйесі орнатыла бастады.

Місrosoft  корпорациясының ОС жасау жолындағы келесі елеулі қадамы болып ондағы графикгік интерфейстің қондырылған программа күйінде емес, сол жүйенің ажырамас белігі болатын операциялық жүйені құру болып саналады. Осылайша Windows 95 және Windows NТ операциялық жүйелері пайда болды. Windows 95 жүйесінің, сондай-ақ Windows NТ жүйесінің соңғы версияларының графикгік интерфейсі стандарттары Windows 3.1 жүйесінің стандартынан өзгеше түрге енді, бірақ негізгі идеологиясы бұрынғыша сақталған болатын. Windows 3.1-ден Windows  95-ке өту әрине МS-DОS -тан бірден Windows 95-ке өтуге қарағанда біршама жеңіл екені түсінікті.

Қазіргі операциялық жүйелердің адамға беретін жеңілдікттері МS-DОS  жүйесінің мүмкіндіктеріне қарағанда өте жоғары, ал графиктік интерфейс солардың тек бір қыры ғана.

Бұдан былай Windows  жүйесі деген сөзді Windows З.1х (кез келген сан) және Windows 95 операциялық жүйьлері деп ұққан жөн. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет