«Информатика» пәні бойынша тәжірибелік-зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік Практикум Семей, 2013 Құрастырушы: Жұмаханова Дария Әнуарқызы, Шәкәрім атындағы сму «Ақпараттық жүйелер»



бет1/2
Дата11.07.2017
өлшемі0,6 Mb.
#21119
  1   2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті



«Информатика» пәні бойынша тәжірибелік-зертханалық жұмыстарды орындауға арналған

әдістемелік Практикум

Семей, 2013
Құрастырушы: Жұмаханова Дария Әнуарқызы, Шәкәрім атындағы СМУ «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы
«Информатика» пәні бойынша машықтану-зертханалық жұмыстарды орындауға арналған практикум

Машықтану сабағы 1
ТАҚЫРЫБЫ:
Машықтану сабағы 3
ТАҚЫРЫБЫ: WINDOWS операциялық жүйесiмен жұмыс
Жұмыстың мақсаты:

  1. Windows–тiң негiзгi тәсiлдерiн мазмұндау;

  2. Windows ортасында бағдарлауды үйрену, ұғымдар кiргiзу.


Тапсырма 1: WINDOWS стандартты бағдарламаларымен жұмыс.
Жұмыс барысы:

1. Менің компьютерім (Мой компьютер) программасын іске қосыңыз. «С:» дискін активтендіріңіз.

Windows жүйелік папкасын ашыңыз.

CALC қосымшасын іске қосыңыз (калькулятор таңбашасымен) – калькулятор.

Калькуляторды келесі амалдарды орындаңыздар

а)125.26*63.65 б)456.36/(377-2.58)

в) (456.25 – 35.35 )*(3.658-45.254)

Нәтижесін жазыңыз.

Калькулятор терезесін ашып, 45.62+323, амалын орындау, жауабын жазу.

Калькулятор терезесін жабу, ары қарай тізбек бойында «С:» диск терезесін және Мой компьютер (Менің компьютерім).


Тапсырма 2: Анықтама ішкі менюімен танысу.
Жұмыс барысы:

  1. Менің компьютерім (Мой компьютер) программасын іске қосу.

2. Меню арқылы анықтаманы (Вызов справки) (тiлсызықпен ? таңбасын басу және тыщқанмен анықтаманы шақыру): шақыру.

a) орыс әрiптерiн теру режимiне өту;

б) Предметный указатель өрісінде Алғашқы әрiптердi кiргiзiңiз (Введите первые буквы) . . . терiңiз Терезе(окно).

в) Выберите термин или фразу (термин немесе фраза таңдаңыз) өрiсiнде … тышқанмен Окна сообщений, изменение вида таңдаңыз;

г) Шығару (Вывести) батырмасын басыңыз (терезенiң төменгi жағында);

д) шығарылған мәтiндi оқып, терезенi жабу.

3. Менiң компьютерiм терезесiнде Басқару панелi (Панель управления) жолында тышқанмен екi рет шерту.

4. Басқару панелi (Панель управления) терезесi iшiнен экранды таңдау және тышқанмен екi рет шерту.

5. Қасиет (Свойства) диалог терезесiнде Көркемдеу-ді (Оформление) таңдау.

6. Терезенiң iшiнде батырмасын басып Түсі (цвет) арқылы түсiн өзгерту.

7. ОК батырмасын басыңыз.

8. Менің компьютерім (Мой компьютер) терезелерiн жабу.


Тапсырма 3: Жұмыс үстелінің контекстік менюі.
Жұмыс барысы:

1. Жұмыс столында тышқанмен бос орынды көрсетiңiз және тышқанның оң батырмасын басыңыз.

2. Динамикалық (контекстi) меню пайда болады, Свойства (қасиет) жолын таңдаңыз.

3. Свойства (қасиет) диалог терезесiнiң iшiнен Көркемдеу-ді (Экран Оформление) таңдаңыз.

4. Экранның түсiн, Түсі (цвет) сөзiнiң алдындағы батырмасын басу арқылы таңдаңыз.

ОК батырмасын басыңыз.


Тапсырма 4: Сілтеуіштің (Проводник) жұмысы
Жұмыс барысы:

1. Іске қосу (Пуск) батырмасын басу арқылы, Сілтеуіш программасын iске қосыңыз, ары қарай тышқанмен шертiп Программы – Проводник-тi таңдаңыз.

2. Сілтеуіш терезесi пайда болады, терезенiң сол жақ бөлiгiнде Менің құжаттарым (Мои документы) бумасын тышқанмен шертiңiз, терезенiң оң жақ бөлiгiне және бума таңбашасына көңiл аударыңыз.

3. Терезенiң сол жақ бөлiгiндегi Windows бумасын тышқанмен шертiңiз, терезенiң оң жақ бөлiгiне көңiл аударыңыз.

4. Windows бумасының алдында, тышқанме “+” белгiсiн шертiңiз, не болғанын түсiндiрiңiз.

5. Windows бумасының алдында, тышқанме “-” белгiсiн шертiңiз, не болғанын түсiндiрiңiз.

6. Терезенiң оң жақ бөлiгiндегi Temp бумасының таңбасында тышқанмен екi рет шертiңiз және не болғанын түсiндiрiңiз.

7. Сілтеуіш терезесiн жабыңыз.




Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет