Информатика пәнін Кембридж тәсілімен оқытудағы қысқа мерзімді жоспарлар үлгісі



бет62/63
Дата06.02.2022
өлшемі3,76 Mb.
#40026
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
2-жүргізуші:
6 «Б» класс оқушысы Ханкелді Аружанның орындаунда
«Анаға сәлем» әнінің сазымен «Физика» әні.
1-жүргізуші:
Домбырасыз сән қайда?
Домбырасыз ән қайда?
Ән мен күй бар өмірде.
От та лаулап жанбай ма?!
2-жүргізуші:
7 класс оқушылары оркестрдің орындауында
«Еркем-ай» әнінің сазымен «Математика әні.
1-жүргізуші:
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талантқа.
2-жүргізуші:
Енді кезекті көрермендермен ойынға берелік.
Ойын ережесі мынадай. Қазір сіздерге логикалық есептер оқылады. Жауабын қол көтеріп айтасыздар. Дұрыс жауабын тапқандар сыйлық алады.
Логикалық есептер

  1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)

  2. Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4 сағат)

  3. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? (1,2,3)

  4. Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма?

(Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады)

  1. Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше бала бар? (4)

  2. 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3мин)

  3. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? (4)

  4. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50 кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? (50 кг)

  5. Адамның 10 қолында неше саусақ бар? (50)

10-есеп.
Бір кемпір:
«Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып – құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те, маған бер» - деген екен.
– «Қой, мұңымыз бекер болар. Бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік» - деп кетіп қалыпты.
Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры нешеу? (10 адам, 5 ұры)
2-жүргізуші:
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй» деп Абай атамыз жырлағандай, кезекті әнге береміз.
8 «Б» класс оқушысы Амин Ибрагимнің орындауында
«Ананың тілі» әнінің сазымен «Математика»әні.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет