Информатика пәнін Кембридж тәсілімен оқытудағы қысқа мерзімді жоспарлар үлгісі



бет8/8
Дата27.12.2016
өлшемі3,76 Mb.
#5622
1   2   3   4   5   6   7   8

А) Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне көшіру В) Бөлікті алмасу буферіне жылжыту

С) Алмасу буферінің мазмұнын кірістіру D) Құжатты дискіге көшіру



19. батырмасының қызметі:

А) Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне көшіру В) Құжатты алмасу буферіне жылжыту

С) Алмасу буферінің мазмұнын кірістіру D) Нысанды алмасу буферінен құжатқа кірістіру

20. Символдар ... анықталған жерге енгізіледі.

А) Алдыңғы символдың орнымен В) Кез келген С) Адреспен D) Курсордың орнымен

21. Қандай амал басқа барлық таңдалған көрсеткішті бұзады?

А) Мәтіннің бөлігін Жою В) Мәтіннің бөлігін Жылжыту С) Мәтінді сақтау D) Мәтіннің бөлігін Көшіру

22. Берілген үлгі бойынша мәтінде сөз іздеудегі ең маңызды үдеріс:

А) Ақпаратты сақтау В) Ақпаратты жөнелту С) Ақпаратты өңдеу D) Ақпаратты алу

23. Жолақтың қандай бөлімі әріпті пішімдеу үшін жауап береді?



А) Бас тіркеме беті В) Кірістіру С) Бетті белгілеу D) Шимайлық

24. батырмасы мәтінді ... етеді

А) Курсив В) Асты сызылған С) Жуан D) Жуан курсив



25. батырмасы мәтінді ... етеді

А) Курсив В) Асты сызылған С) Жуан D) Жуан курсив



Сыныптан тыс жұмыстар
Пәні: информатика

Тақырыбы: «Жас суретшілер» сайысы

Мақсаты:

а) білімділік мақсаты: редактордың құрылымымен таныстыру, дұрыс пайдалана білу және командаларды орындай алу қызметін меңгерту;

ә) тәрбиелік мақсаты: эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру;

б) дамытушылық мақсаты: графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабылетін дамыту.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Көрсете түсіндіру, ойын технологиясын пайдалану;

Сайыс сабақтың кезеңдері:

І. Таныстыру

ІІ. «Кім жылдам?»

ІІІ. «Ғажайып суретші»

IV. «Кім жүйрік?» (капитандар сайысы)

V. Техникалық диктант

VI. Ой сергіту

VII. Қызықты диктант

VIII. «Ойлан-тап»

IX. Пародия

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, әділ қазылар және оқушылар! Болашақтың бастауы, балғын шақтың балалары. Сіздермен бірлесе отырып, «Жас суретшілер!» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Ал, енді ойынға қатысушыларды таныстырып өтейік! 7 «Ә» сынып оқушыларынан құралған «________________________»

командасы және 7 «В» сынып оқушыларынан құралған «Тапқырлар» командасы.

Достық пен ерлікті етіп тұлға,

Жеңіске жеткен едік талай сында.

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- деп, бүгінгі сайысымыздың құрметті әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейік:



  1. _____________________________________

  2. _____________________________________

  3. _____________________________________

Ал, енді командаларға сәт-сапар тілей отырып, сайысымыздың 1-кезең: «Таныстыру» бөлімін бастайық. Турымыздың шарты бойынша әр топ өз атауын таныстыра отырып, өздерінің эмблемаларын қорғайды. Әр кезеңнің соңында әділқазылар алқасы ұпай сандарын есептеп отырады. Ең жоғары ұпай саны 5.

Жүргізуші: 2-кезең: «Кім жылдам?» Бұл кезеңде жалпы сегіз сұрақ болады. Әр командаға 4 сұрақтан қойылады, жауап бере алмаған жағдайда басқа команда жауап бере алады, ұпай жауап берген командағаберіледі. Әр сұраққа бір ұпай.

Тапсырма:

1. Обьектілерді қалай жоямыз?

Обьектіні белгілеп, Delete пернесін басу

2. Жоюды қалай орындатпауға болады?

Правка отменить командасын орындау

3. Обьектіні себетте қанша уақыт сақтауға болады?

Себетте оны өшіргенше немесе қайта қалпына келтіргенше

4. Себеттегі обьектілерді көру үшін не істей керек?

Себет қапшығының белгішесінде екі рет шертіп, оны ашу керек

5.Себеттегі обьектіні одан өзі жойылған қапшыққа қалай қайтаруға болады?

Обьектіні белгілеп Файл Востановить командамын орындау керек

6.Себеттегі обьектіні басқа қапшыққа қалай қалпына келтіруге болады?

Обьектіні Себет қапшығынан қиып алып, оны керек қапшыққа кірістіру керек

7. Дискетадан жойылатын обьектілерді Себетке сала ма?

Дискеттен жойылған обьектілер Себетке салынбайды

8. Файлдар Себеттен қандай мақсатпен жойылады?

Жаңа бағдарламалармен құжаттарға орын босату үшін



Жүргізуші: 3-кезеңіміз «Ғажайып суретші» деп аталады. Бұл ойында оқушылар суретке мәтін кірістіре отырып, берілген тақырып бойынша сурет салады. Бірінші топқа «Тәуелсіздік елдігімнің айғағы» және екінші топқа «Қощ келдің, жаңа жыл!», үшінші топқа «Азиада алауы» тақырыптары беріледі. Олай болса кезеңімізді бастаймыз. Командаларға сәттілік! Командалардың салған суретіне әділқазылар баға береді. Жоғары ұпай 5.

Тапсырма:

1. «Теңіз пейзажы»

2. «Жыл мезгілдері»

3. «Космос»

4 ..«Орта ғасырлық қорған»

5 «Құттықтау парағы»

Жүргізуші: 4-кезең «Кім жүйрік?» яғни капитандар сайысы. І – топтың капитаны төртбұрыштарды пайдаланып суреттер салады, ІІ – топтың капитаны дөңгелектерді пайдаланып суреттер салады. Жоғары ұпай 5. Әр команда капитандары сурет салып болғанша, команда мына тапсырмаларды орындайды. Яғни 5-кезең «техникалық диктант» кезеңі деп аталады, сөйлемді толықтырамыз, дұрыс жазылған бір сөйлемге 1 ұпай.

Тапсырма:



Техникалық диктант

Paint бұл ...................................... редактор. Paint графикалық редакторында негізгі ......... түспен сурет салынады.Paint графикалық редакторының жұмыс беті ........... бөлімнен тұрады. Paint редакторында …………..құрал болады.



Жүргізуші: 6-кезең: «Ой сергіту». Экрандағы берілген графикалық редакторы құралдарының атауын және қандай қызмет атқаратынын тап. Әр командаға бес- бестен графикалық редакторының құралдары беріледі, әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

Жүргізуші: 7-кезең: «Қызықты диктант» Қазір мен үш топқа жұмбақ сөйлем оқимын,соны сурет қылып саласыңдар, қай команда мен оқыған сөйлемге сәйкес сурет салса, ұпай бірінші болып және дұрыс салған командаға беріледі. Ұпай саны 5.

Тапсырма:

1. Үлкен шеңбер салыңдар.

2.Сол шеңбердің төменгі бөлігін өшіріңдер. Сол кезде доға пайда болады.

3.Кішкентай шеңбер салыңдар.

4. Сол шеңбердің үш рет көшірмесін жасап, бірінен соң бірін орналастырыңдар

5.Оларды доғаның астына орналастырыңдар.

6.Кіші шеңберлердің төменгі бөліктерін өшіріңдер.

7.Центрінен бастап түзу сызық жүргізіңдер.

Сол кезде қандай сурет шықты?

Жауабы: Қолшатыр

Жүргізуші: 8-кезең: «Ойлан-тап» Paint редакторының терезесі беріледі,

терезенің элементтерін жаз.



Paint редакторының терезесі



Жүргізуші: 9-кезең: «Түсін мені» пародия келтіру

Тапсырма:

1. Компьютерде ойнап отырған баланы келтір

2. Бірінші рет компьютерге отырған әкеңді келтір

Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Компьютер-сенің көмекшің,

Қаламың, әрі қағазың.

Керек емес демесің,

Аздаған болса хабарың.

Үйрену керек бәрінде-

Ақпараттық заманның!- деп бүгінгі тамашалаған «Жас суретшілер» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.


6-сыныптарға арналған

Жас информатиктер” атты топтық сайысы


Мақсаты:
а)  Білімділік:  Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
ә)  Дамытушылық:  Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
б)  Тәрбиелік:  Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілетін сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: Топтық жарыс сабағы

Сабақтың типі:  Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы.

Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютерлер, ноутбуктар

Көрнекіліктер:  Слайд презентация, плакаттар, карточкалар.

Сайыстың өту барысы:

Жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып. -деп

Ортаға бүгінгі ойынға қатысатын сыныптарды шақырайық.

6 «Ә», 6 «В» сыныптары.

Ал енді оларға әділ баға беретін әділ қазылар қатарымен таныстырып өтейік.

1-ші әділ қазы ____________

2-ші әділ қазы ____________

3-ші әділ қазы ____________


Бүгінгі сайысымыз бес кезеңнен тұрады. Олар:

1 кезең. Таныстыру.

2 кезең. Сұрақ-жауап.

3 кезең. Қатесін тап.

4 кезең. Жұмбақтар

5 кезең. Адасқан әріптер.


Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға, – дей келе ойынымызды бастайық.

1 кезең. Таныстыру.
Бірінші кезеңде әр топ өздерін танысытырып өтуі тиіс. Олар топтын атын, ұраның құрып келу керек

2 кезең.   Сұрақ-жауап.
Екінші кезеңде оқушыларға бірінші, екінші тоқсанда өткен тараулар бойынша сұрақтар қойылады.

Ақпарат.

10. Ақпаратты сақтау үшін ерте замандағы адамдар нені пайдаланған?(Суреттерді).

20. Ақпаратты сақтау үшін адамдар нені қолданбайды? (Суды).

30. 1 Мбайт – ол: (1024 Кбайт).

40. Ақпарат компьютерде қандай түрде сақталады? (Нөл мен бірлік).

Компьютер.

10. Ноутбук компьютердің қай түріне жатады? (Дербес компьютер).

20. Ақпаратты енгізу құрылғысы? (Пернетақта).

30. Компьютер құрылғыларының қайсысы жүйелік блок құрамына кірмейді?(Принтер).

40. Нетбук деген не? (Шағын мөлшерлі ноутбук).

Операциялық жүйе.

10. Файлды атау үшін қолданылатын символдардың ең үлкен саны: (255).

20. Байттардың аты бар қандай да бір тізбек қалай аталады? (Файл).

30. Басқа буманың ішіндегі бума қалай аталады? (Ішінде салынған).

40. Экранның сағатты көруге болатын аймағы: (Есептер тақтасы).
3 кезең. Қатесін тап.

Үшінші кезеңде әр топқа сұрақтар қойылады, олар сол сұрақ жалған немесе шыңдық екенін табу керек. Тапқан жағдайда топқа 10 ұпай беріледі.
1: “ІNFORMATION” латын сөзі мәлімет дегенді білдіреді ме? (иә)
2: Ақпарат тасушы – сигнал болып табыла ма? (иә)
3: Мәтін, радио арқылы хабар, мысал графикалық ақпаратқа жата ма? (иә)
4: Жүйелік бағдарламалардың негізгі болып
интерфейс табыла ма? (жоқ)
5: Сканерде кез келген кескінді сканерлегеннен кейін графикалық бағдарламаларда өңдеуге бола ма? (иә)
6: Қатқыл диск басқаша винчестер деп атала ма? (иә)
7: MS Word графикалық редактор ма? (жоқ)
8: Кез келген санның 0 дәрежесі 0 ме? (жоқ)
9: Меңзердің сол жағындағы символды өшіру пернесі Delete пе? (жоқ)
10: Чарлз Бэббидж компьютердің атасы ма? (иә)
11: Монитор бетіндегі түрлі түсті нүктелер пиксельдер деп атала ма? (иә)
12: Пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру: Alt+Ctrl ма? (жоқ)
13: Қапшық немесе бумада бірдей атпен, бірақ әр түрлі уақытта сақталған файл (құжат) сақтауға бола ма? (жоқ)
14: Пернетақтада абзацтан жазу пернесі Сарs Lock болып табыла ма? (жоқ)
15: ЭЕМ-нің 5 буыны бар ма? (иә)
16: Принтердің 4 түрі бар ма? (жоқ)
17: Монитор адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы ма? (иә)
18: Пробел бос орын қалдыру пернесі ме? (иә)
4 кезең. Жұмбақтар
Қойылған сұрақ есепке,

Ойланып жауап іздейік.

Уақытты текке өткізбей,

Қатесін анықтап берейік.- деп отырып жұмбақтарды шешіп көрейік. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

1.Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылға жатады.
Қозғала салса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі)
2. Төрбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек (монитор)
3. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.
Ойланып, білгіш болсаң жауап берші,
Қалай деп аталады, аты оның? (тышқан)

  1. Бұтақ орнында мың бір инесі,
    Компьютер жаны мекені (кактус)

  1. Биологияда бұл паразит,
    Көзге зорға көрінер.
    Информатикада өлшем бірлік,
    Ақпараттарды өлшер (бит)

  2. Егер білсең айта ғойшы,
    Бұл қандай құрылғы.
    Ақпаратты қағаздағы,
    Компьютерге енгізеді? (сканер)

7. Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын.
Ең қажетті құралмын. (тышқан)
8. Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн барда, бір күн жоқ.
Оны есепке алсаң,
Ұзын саны 107 (пернелік тақта)

5-кезең.  «Терезелер сөйлейді» деп аталады. Әр топ кезекпен кезек шығып кубикті лақтырып, қай терезе түссе сол бойынша қысқаша  айтып беру керек. Дайындалуға 5 минут уақыт беріледі.

 6 кезең. Адасқан әріптер.


Сіздер берілген әріптерден информатикаға байланысты сөзді тауып алуларыңыз керек? Әр табылған сөзге топқа 10 ұпайдан беріледі.

Осымен міне біз барлық кезеңдерді аяқтадық. Соңғы сөз біздің әділ қазылар алқасы айтады.

Марапаттау рәсімі.

Осымен бүгінгі ойынымыз өз мәресіне жетті, қатысып, көңіл бөлгендеріңіз үшін көп – көп рахмет.




Ғылыми-техникалық бірлестігі бойынша

"Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары" атты апталығының

ашылу кеші сценарийі
Өткізілетін орны: №32 мектеп-гимназия

Мақсаты: 
• Мектеп көлемінде ұйымдастырылған апталықтың негізгі мақсаты – мүмкіндігінше мектептің барлық оқушыларын белсенді қатыстыру; 
• Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру; 
• Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету; 
• Математика, физика және информатика пәндеріне қызығушылығын арттыру; 
Апталықтың ашылуына 5-11 класс оқушылары қатысады. 
Барысы: 
Ашылу әуені ойнайды. 
1- жүргізуші: 
-Уа, халайық, халайық, 
Бәріңе жар салайық. 
Бүгінгі кеш төрінде 
Дарындылар елінде 
Тапқыштардың тілінде, 
Есеп шешіп, жарысып 
Жұмбақ шешіп аңдысып. 
2- жүргізуші
Шабыт тасып шалқысып, 
Есеппенен ән салысып. 
Көңілді кеш жасайық 
Жұмбақ шерді шашайық 
Ат салысып аянбай 
Бар өнерге басайық 
1-жүргізуші: 
Асып әсте саспайық 
Батыл қадам бастайық 
Еркіңді билеп барынша 
Жарыста сірә, қалыспа 
Кеш қызығын ей, достар. 
Осылайша шабытпен 
Кәне енді бастайық. 
2-жүргізуші: 
Мұнда қызық табылар 
Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар. 
Айтыс, тартыс тағы бар 
Сөз жұмбақ та, сан жұмбақ. 
Суретті жұмбақ, шеш жұмбақ. 
О-о-ой, бір қызық кеш болар, 
Өздеріңмен бес болар. 

1-жүргізуші. 

Құрметті оқушылар мен ұстаздар!  Бүгінгі «Информатика, математика, физика» апталығының ашылу салтанатына



Бірге: Қош келдіңіздер!

Апталықта бәрі бар – ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар... Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік! 
2-жүргізуші:

Қатысыңыздар, Қолдаңыздар, Есептен шет қалмаңыздар, ойлаңыздар, есеп додасы басталды, кірісейік жұмысқа! Жайбарақат болмаңыздар.  Қатыратын бастарыңызды , Апталық міне басталды.



8 "Ә" класс оқушысы Жалғасбаев Нұрбектің орындауында

"Мерекем" әні.

1-жүргізуші:

Шындықты алғаш таратқан
Жыл күніңді санатқан
Тауып ғажап жаңалық
Жоқтан барды жаратқан
Есеп емей немене.

2-жүргізуші:
Білмегенді білгізген
Өлшеп киімді кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Есеп емей немене

8 класс оқушылары Қуандықова Айым мен Жалинова Айғанымның орындауында

"Ананың тілі" әнінің сазымен "Математика" әні

1-Жүргізуші:

Құрметті көрермендер, математика, физика және информатика пәндерін сүйіп оқитын оқушыларға құрмет көрсетейік! 
2-Жүргізуші: Құрметті көрермендер, осыған орай назарларыңызға 5 "В" класс оқушылары «Математикалық ертегі» ұсынады. Қарсы алыңыздар! 
Ертеде әжесі мен 2 немересі тұрыпты. Бір күні немерелері мектептен шаршап келіп, математика сабағын жек көріп, екеуі де ашуланыпт. Сонда: 
- Сен осы математика сабағын жақсы көресің бе? 
- Жоқ, осы математика сабағы, сандар, есептер соның бәрі маған жыныма тиеді. 
-Сен ше? 
- Мен де сол сабақты жек көремін. Осы математика сабағы, сандар, есептер, фигуралар болмаса ғой. Мен осы сабақ үшін басқа сабақтарды оқып үлгермеймін және есептерден басым қатады,- деп екеуі де, үстелдің үстінде ұйықтап қалады. 
Бұның бәрін естіп қалған сандар, барлығы жиналып, ақылдасып, басқа амал жоқ екенін біліп, балалардан қашып кетеді. 
Кейінірек олардың бөлмесіне кірген әжесі шошып кетеді. 
- Ойбай- а- а- й! Құдай сақтасын! Мынау сандар қайда қашып кеткен? Бүгін нешінші күн, сағат неше болғанын білмейміз ғой. 
- Балаларым, айналайындар, тұрыңдар! 
- А? Не болды? Біз ештеңе білмейміз,- деп немерелері таң қалды. 
- Сендер, математикасабағын жақсы көрмегендіктен сандардың бәрі қашып кетті., ентең ертемен тұрып сандарды іздеуге шығайық. Енді бұдан басқа амаламыз жоқ,- деп әжесі қайғырады. 
Со кезде есікті біреу қағып, әжесі тұрып қараса бір қария адам келіп тұр екен. 
- Сәлеметсіз бе? – деп қария амандасады. 
- Сізде математиканы жек көретін бала бар ма, мен соларды іздеп келе жатыр едім? 
- Бізде мұндай бала жоқ. Бізде бәрі жақсы.,- деп әжесі немерелерін қорғаштайды. 
- Сағат неше болды?- деп сұрайды. 
- Сағат, ээммм-ээээ- деп әжесі айта алмайды. 
- А-а-аай! Қап, бәлем! Сендерде екен ғой сандардың бәрінің қашып кеткен. Осы математика әлемінің заңы бойынша мына есептерді шығарсаңдар ғана сандар қайтып келеді? 
(Көрермендерге сұрақ) 
Жүргізушілер:

Ал, балалар көмектесейік пе? Мынадай сұрақтарға жауап берейік: 
1. Сәуленің 2 қуыршағы, 3 алмасы, 1шоколады, 2 апельсині, 5 шабдалысы және 1 велосипеді бар. Сәуленің қанша жемісі бар? (10)

2. Қиылыспайтын түзулер қалай аталады? ( параллель) 
3. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0) 
4. Төрт қабырғасы тең тік төртбұрыш? (квадрат) 
5. Жеті рет өлшеп.....(1 рет кес) 
6. Сегіз қырлы...... (1 сырлы) 
7. Бір санды 9 есе арттырғанда 27 шығады.Ол қай сан? (3) 
8. Үстел беті төртбұрышты оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ,неше бұрыш қалады?(5бұрыш) 
9. Білекті .... жығады (бірді) 
Білімді..... жығады. (мыңды) 
10. Нәрселерді санағанда, 
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы, бұл қандай сан,
Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан)
Кейін сандардың бәрі былай деп оралады: 
Бір дегенім- бесік, 
Шықтым содан өсіп. 
Екі- дегенім елім, 
Далам, тауым, көгім 
Үш дегенім- үміт 
Үміт артар жігіт. 
Төрт дегенім- төзім, 
Төзе білем өзім. 
Бес- дегенім бақыт 
Бағалайтын уақыт. 
Алты деген- ақыл, 
Тыңдағаның мақұл 
Жеті деген- жалау, 
Жүректегі алау. 
Сегіз деген- сөзім 
Серт беретін кезім 
Тоғыз деген тоқтау, 
Елдің жоғын жоқтау. 
Он- дегенім Отан 
Қорға соны ботам. 

1-жүргізуші:

Физика жақын туыс мына бізге
Қозғалыс, энергия, қуат, күш те
Біздерсіз есептелуі мүмкін емес
Жария қылып айтайық мұны бізде..

2-жүргізуші:

8 "Ә" класс оқушылары Киікбаева Әсем мен Жалғасбаев Нұрбектің орындауында

"Анаға сәлем" әнінің сазымен "Әлемдік тартылыс" әні

Қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші: Қатысыңыздар, Қолдаңыздар, Есептен шет қалмаңыздар, ойланыңыздар, есеп додасы басталды, кірісейік жұмысқа! Жайбарақат болмаңыздар.  Қатыратын бастарыңызды, Апталық міне басталды.

2-жүргізуші: Құрметті көрермендер, ендігі кезек сіздерде. Информатка, физика, математика пәндері бойынша білімдерімізді  толықтырайық. Экрандағы сұрақтарға қол көтеріп дұрыс жауабын тапқандар сыйлық алады.

  1. Кішкене ғана саусаққа,

Ұқсайды ма білмеймін.

Сақтай алар өзіне,

Барлық қызық дүниені.  (Ж.Флэшка)


  1.  Адам мен монитор арасындағы қашықтық қанша болу қажет? (Ж: 50-70 см)

  2. Ақпараттың ең кіші өлшем бірліктері (Ж: Бит)

  3. Windows сөзінің қазақша баламасы қалай аталады? (Ж: Терезе)

  4. Компьютердің ауруы ... (Ж: Вирус)

6. Математика, геометрия пәнінен «П» әрпінен басталатын сөздерді атаңдар? (Параллель, пирамида, периметр т.б.) 
7. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? (құс жолы) 

8. 1 тонна мақта ауыр ма, 10 центнер темір ауыр ма ? (тең) 


9. «К» әрпімен басталатын математикалық сөздерді ата? (көбейткіш, көбейгіш, көбейтінді, кесінді...) 
10.  Бөлмеде 4 мысық отыр, әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? ( Жауап: 4 ) 
11. ... жылда ел жаңа (50) 
12. ......ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. 

13. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазылып тұр бойында. (сызғыш)

1-жүргізуші

 Информатика әлемі


Қызығы мол ғой әдемі
Компьютердей құралды
Меңгердік қой кәделі.
2-жүргізуші

Ән "Информатика" ("Ұстазым" әнінің сазымен).

Орындайтын 9 "А" класс оқушылары

Сапарова Аружан мен Айтмағамбетқызы Аружан

1-жүргізуші:

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан,

Жансыздар әлдилеген шуақты арман.

Жатталсын есімдерің жан жүректе,

Адамның аяулы әні сияқталған.

2-жүргізуші:

Білімнің кәусар бұлағын,

Жүресің құйып санама

Біз үшін сенсің, мұғалім,

Ұстаз да, ғалым, дана да.

Қыр-сырын зерттеп заманның,

Ұлылығын айтып бабамның

Өнеге, өріс беретін

Барометрі сенсің адамның.

11 класс оқушылары Өтесінова Айым мен Есенова Аяжанның орындауында

"Ардақты ұстазым" әні.

Қорытынды.

Ғылыми-техникалық бірлестігі бойынша

«Білімді азамат-ел ертеңі» атты апталығының

жабылу кеші сценарийі
Оркестрдің орындауында «Балбырауын» күйі.

Фанфар ойналады.



1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар!

2-жүргізуші: Ұлағатты ұстаздар мен білімді шәкірттер!

1-жүргізуші: Ғылыми-техникалық бірлестігінің «Білімді азамат-ел ертеңі» атты апталықтың жабылу кешіне

Бірге:

Қош келдіңіздер.



2-жүргізуші: Бүгінгі кешке барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін 3 егіз пән жайлы өлең жолдарына кезек берейік.

(Пән болып киінген 3 оқушы шығып, тақпақтар оқиды).



1-жүргізуші:

Информатика болашаққа бастайды,

Келешекте білім қуған жастарды.

2-жүргізуші:

Қадам басып ХХІ ғасырға

Барлық әлем жаңалығын тастайды-дей келе

8 «В» класс оқушысы Есенова Аяжанның орындауында

«Ұстазым» әнінің сазымен «Информатика» әні.

1-жүргізуші:

Математика-бар ілімнің басы,

Математика-бар ғылымның патшасы.

Математика - өміріміздің тірегі,

Математика – бар шәкірттің жүрегі.

2-жүргізуші:

Ендеше, математика айтысын тамашалайық.

Ортаға математика пәнінің айтыскері 6 «Ә» класс оқушылары

Жылқайдарова Аяна мен Тұрмағамбетов Ермұхамбетті шақырамыз.



1-жүргізуші:

Бүгінде физика барлық жерде,

Құрылыста, техникада, өндірісте

Сырларын бұл ғылымның үйретіңдер

Шәкірттер зерделікпен үйреніңдер.

2-жүргізуші:

6 «Б» класс оқушысы Ханкелді Аружанның орындаунда

«Анаға сәлем» әнінің сазымен «Физика» әні.

1-жүргізуші:

Домбырасыз сән қайда?

Домбырасыз ән қайда?

Ән мен күй бар өмірде.

От та лаулап жанбай ма?!

2-жүргізуші:

7 класс оқушылары оркестрдің орындауында

«Еркем-ай» әнінің сазымен «Математика әні.

1-жүргізуші:

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,

Соқ қолыңды білімді жас талантқа.

2-жүргізуші:

Енді кезекті көрермендермен ойынға берелік.

Ойын ережесі мынадай. Қазір сіздерге логикалық есептер оқылады. Жауабын қол көтеріп айтасыздар. Дұрыс жауабын тапқандар сыйлық алады.

Логикалық есептер


  1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)

  2. Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4 сағат)

  3. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? (1,2,3)

  4. Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма?

(Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады)

  1. Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше бала бар? (4)

  2. 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3мин)

  3. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? (4)

  4. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50 кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? (50 кг)

  5. Адамның 10 қолында неше саусақ бар? (50)

10-есеп.

Бір кемпір:

«Сапырып-сапырып Сарманға бер,

Құйып – құйып Құрманға бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер,

Өзің іш те, маған бер» - деген екен.

– «Қой, мұңымыз бекер болар. Бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік» - деп кетіп қалыпты.

Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры нешеу? (10 адам, 5 ұры)

2-жүргізуші:

«Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй» деп Абай атамыз жырлағандай, кезекті әнге береміз.

8 «Б» класс оқушысы Амин Ибрагимнің орындауында

«Ананың тілі» әнінің сазымен «Математика»әні.


2-жүргізуші:

Ендігі тамашалайтындарыңыз

Көрініс. «Үш мықтының айтысы»

1-жүргізуші:

Ұстаз – Ана! Өмірің шын гүлденсін

Қыраттағы қызыл гүлдей түрге енсін

Бақ пен баян, абырой мен қуаныш

Алдарыңа жүз оралып, мың келсін.

2-жүргізуші:

Орындалсын арман –тілек ойдағы

Тағат төзім таусылмасын бойдағы

Шағаладай шәкірт үшін «шарқ» ұрып

Аман болған күндеріңнің той бәрі,- дей отырып, келесі әсем әнді қабыл алыңыздар!

6 «Ә» класс оқушысы Жылқайдарова Аянаның орындауында



Ән: «Мама».

1-жүргізуші:

Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады.

Кеш қызығын талай адам тыңдады.

Тәрбиелі, тәлімі мол, әсерлі

Болса егер көңіл жақын таңдады.

2-жүргізуші:

Көңіл бөліп бұл кешке

Келгендерге көп рахмет,

Шын сезінген көрерменге,



Мың рахмет, мың рахмет!

Қорытынды.

Марапаттау.
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет