Информатика



бет22/119
Дата03.02.2017
өлшемі17,37 Mb.
#8600
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   119




16-слайд Есеп шешімінің математикалық моделі

  • L=S1+S2

  • S1=V1*T

  • S2=V2*T

  • L= V1*T +V2*T = T*( V1 + V2)

  • T=L / (V1 + V2)




17-слайд Есеп шешімінің блок-схемасы






18-слайд Алгоритмдік тіл

  • Алгоритмдік тіл – орындалатын әрекеттерді, амалдарды бірыңғай және дәл жазуға арналған, өз тіліміздің кейбір сөздерін пайдаланатын белгілер мен ережелер жүйесі.




19-слайд Алгоритмдік тілді қолдану. Мысал.

y=(Ax-B)*(Cx+D) формуласы бойынша x-тің кез келген мәні үшін y мәндерін еcептеу алгоритімі
T-ны шығару

Мұндағы алг, арг, нәт, басы, соңы - түйінді сөздер



алг - алгоритм

арг - аргументтер

нәт – нәтиже

“:=” – меншіктеу таңбасы









іі. алғашқы бекіту




Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.


Алгоритм жазу жолдарына сипаттама

Алгоритмнің график түрінде кескінделуі

Алгоритмдік тіл

Табиғи тілде – қазақ тілінде жазылған алгоритм.

График түрінде – арнайы фигураларды және байланыс сызықтарын қолдану арқылы бейнеленген алгоритм.

Алгоритмдік тілде – арнайы сөздер (псевдокодтар) арқылы жазылған алгоритм түрі.

Программалау тілінде – Паскаль, Си, Си++ сияқты жасанды тілде жазылған компьютер орындай алатын алгоритм.

График түріндегі алгоритм блок-схема деп аталады. Блок-схема элементтерінің атаулары:

Процесс, таңдау, модификация, құжат, енгізу-шығару, бастау-аяқтау, қосалқа программа, түсініктеме



Алгоритмдік тілдің негізі түйінді сөздері:

алг, арг, нәт, басы, соңы - түйінді сөздер

алг - алгоритм

арг - аргументтер

нәт – нәтиже

“:=” – меншіктеу таңбасы




Қорытынды:________________________________________________________________________________________________________________________________




ііі. құзырлылық қалыптастыру




Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Теледидарды қолдану инструкциясы алгоритм жазудың қай түріне жатады?

  2. Тағамды дайнындау жолы (рецепт) алгоритм жазудың қай түріне жатады?

  3. Төмендегі алгоритм қай түрде жазылғанын анықта.



  1. Төмендегі алгоритм қай түрде жазылғанын анықта.

Program Sandar;

Uses CRT;

var A, В: integer
С, D: char;
begin

ClrScr;
Writeln (' А, В, С, D мәндерін енгізіндер :');


Read(А, В);
Read (С, D);
Writeln (А, В, С, D);
end.

  1. Берліген алгоритм қай түрде жазылғанын анықтап, алгоритмге ат қой.




      1. Жерде шұңқыр қазу

      2. Шұңқырға көшетті салу

      3. Көшеті бар шұңқырдың үстіне топырақ салу

      4. Көшетке су құю

  1. Берліген алгоритм қай түрде жазылғанын анықта.



  1. Алгоритмнің график түрінде кескінделуі қалай аталады?

  2. Блок-схема элементтерінің атын атап, сыз.


ІІ деңгей тапсырмалары

  1. a) Робот тор көз алаңда жұмысын атқарады. Көршілес тұрған торлардың ортасында кереге тұруы мүмкін. Келесі сандарға сәйкес Робот алаңда қозғала алады:

1 – Жоғары 2 – Төмен 3 – Оңға 4 – Солға

Осындай әрбір команда үшін Робот көрсетілген бағытта көрші торға қарай бір қадам жасайды. Егер сол бағытта кереге тұрған болса, Робот бұзылады. Робот қай торда тұрған кезде, 3241 алгоритімін орындай отырып қайтадан өзі тұрған бастапқы торға келеді?


b) Роботқа арналған алгоритм қандай түрде жазылып тұрғанын анықта.

c) Берілген алгоритмді графикалық түрде жазып көр.


  1. формуласы бойынша x-тің кез келген мәні үшін y мәндерін есептеу алгоритімінің блок-схемасын құр.

  2. Шай қайнату кезінде орындалатын әрекеттерді алгоритмдік тілде жаз.


ІІІ деңгей тапсырмалары

1. “Құрастырушы” деп аталатын орындаушының командалар жүйесіне екі команда кіреді:

1 – 2-ні қосып жазу

2 – 2-ге бөлу

Бірінші командаға сәйкес берілген санға оң жағынан 2 цифры қосылып жазылады 2, ал екінші командаға сәйкес санды 2-ге бөлу керек.


  • Егер 22212 алгоритімін орындасақ, 8 саны қалай өзгереді?

  • Берілген орындаушының командалар жүйесін қолдана отырып, 1 санынан 16 санына жету алгоритімін тап. Алгоритмге сәйкес блок схема сыз және алгоритмді алгоритмдік тілде жаз.




іV. шығармашылық әрекет




Топтық жұмыс.

Сынып оқушылары 3 топқа бөлінуі тиіс.



Тапсырма. Екі санның арифметикалық ортасын табу алгоритімін құр.

1-топ: алгоритімді сөз түрінде жазыңдар. Басқа жазу жолдарымен салыстырғанда сөз түрінде жазылған алгоритмнің артықшылықтары қандай деп ойлайсыңдар?

2-топ: алгоритімді график түрінде жазыңдар. Басқа жазу жолдарымен салыстырғанда график түрінде жазылған алгоритмнің артықшылықтары қандай деп ойлайсыңдар?

3-топ: алгоритімді алгоритмдік тілде жазыңдар. Басқа жазу жолдарымен салыстырғанда алгоритмдік тілде жазылған алгоритмнің артықшылықтары қандай деп ойлайсыңдар?




V. бағамдау-бағалау




Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________


12 сабақ

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ




Тақырыбы: Алгоритм орындаушысы ұғымы




Күтілетін нәтиже:




Білімдік

Білім

  • Алгоритм орындаушысы кімдер бола алатындығын анықтайды.

  • Орындаушы түрлерін таниды.




Түсінік

  • Орындаушы сипаттамаларын түсінеді.

  • Компьютер формалды алгоритм орындаушысы екені жайлы қорытынды шығарады.




Құзырлылық

Қолданыс

  • Орындаушы аты мен жасайтын әрекеттері арасындағы байланысты анықтайды.

  • Қолданыстағы бағдарламаның орындаушы ретіндегі сипаттамаларын көрсетеді.




Анализ

  • Сипатталған орындаушыны және оның әрекеттерін бөлшектеп қарастырады.




Синтез

  • Орындаушы түрлері мен сипаттамалары және формалды орындаушылардың адам өміріндегі маңызы ұғымдарын тұтастырады.




Құнды-лық

Баға

  • Формалды және формалды емес орындаушы арасындағы айырмашылықты түсінеді.

  • Формалды орындаушының маңыздылығын ерекшелейді.




Сабақ құрылымы:







І. Ақпарат алмасу (13 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (14 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (4 мин.).




Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру




Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивті, топтық




Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:







  • Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру

  • Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету

  • Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.

  • Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру




Негізгі ұғымдар мен терминдер:







• Алгоритм орындаушысы, формалды орындаушы, орындаушының командалар жүйесі, транслятор




Оқушыда дағды қалыптастыру:







  • Жаңа өткен тақырыпты толық игеру

  • Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау

  • Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау




Ақпарат көздері:







1. Б. Бөрібаев, Б. Нақысбеков, Г. Мадиярова.2005. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп.

2. С. Яковлев. Исполнитель алгоритмов. Ақпарат көзі:

http://school10-rasskazovo.narod.ru/INFO/site-alg/algoritm.htm

3. Исполнители алгоритмов. Ақпарат көзі:

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/58e9a0c3-11df-4c94-a5eb-0a7b359ea35/9_32.swf
4. Тема 1.1. Алгоритм и его свойства. Формы записи алгоритмов. Ақпарат көзі: http://wecherkina.ru/razdel-i/tema-1-1-algoritm-i-ego-svoystva-formyi-zapisi-algoritmov/





Оқушы жетістігін бағалау:







  • Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.




Үй тапсырмасы:







  1. Анықтамаларды жаттау.

  2. Келесі алгоритмді орындау:

Сандар тізбегі келесі алгоритм бойынша құралады:

Тізбектің алғашқы екі саны 1-ге тең;

Әр келесі сан оның алдында тұрған екі санның қосындысына тең;

Тізбектің алғашқы 10 санын жазыңыз.



  1. Алдыңғы алгоритмді орындағанда сіз формалды орындаушы болдыңыз ба, әлде формалды емес орындаушы болдыңыз ба?







• Бонус-балл тапсырмасы

  1. “Формалды орындаушы үшін алгоритмді бұлжытпай орындау ережесін бұзу неге алып келуі мүмкін?” сұрағына жауап бер.




САБАҚ БЛОКТАРЫ







і. аҚПАРАТ алмасу




Тақырып жоспары:

1. Алгоритм орындаушысы дегеніміз не?

2. Алгоритм орындаушысының түрлері.

3. Алгоритм орындаушысының сипттамалары.



Слайдтар:

1-слайд (титул)




2-слайд Сабақтың мақсаты




3-слайд Тақырып жоспары




4-слайд Алгоритм орындаушысы

  • Алгоритм орындаушысы – көрсетілген іс-әрекеттер тізбегін бұлжытпай орындай отырып, керекті нәтиже алуды жүзеге асыратын машина, құрылғы, жануар немесе адам.




5-слайд Алгоритм орындаушы мысалдары



Каталог: uploads -> doc -> 1057
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1057 -> Сабақтың тақырыбы: М. Тәнекеев. Қажымұқан Мектеп:№19 Күні: 10. 12. 16 Мұғалім: Ашуханова А. К
1057 -> Сабақтың тақырыбы: Металды қолмен оттекті кесу. Сабақтың мақсаттары
1057 -> Шаблон для закрытых вопросов (пять вариантов ответов)
1057 -> Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы Тобы: мб-11


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   119




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет