Информатиканы мектепте оќытудыњ жалпы мєселелері


Төменгі сыныпта информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеті



бет3/16
Дата13.05.2020
өлшемі0,73 Mb.
#67748
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
КАНАТ ДИПЛом нов
rya 21, rya 40, 1863823, Проверьте себя. Тест, Aytbenowa-A-A-WEB-dizayn-negizderi-converted, 7 HTML, Маржан дипл, Задан-1-9 казМК, Задан-1-9 казМК, 13-15 апталарына тапсырма, 1.3. РОЛИ МЕН ОРНЫ2, Логика есеп, Логика есеп, жиын тест
Төменгі сыныпта информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеті.

Төменгі сыныптарда информатиканы оқытуды ұйымдастыру мәселесін төмендегідей қарастыруға болады:

  • информатиканы төменгі сыныпта оқытудың мақсаттары;

  • информатиканы төменгі сыныпта оқытудың міндеттері;

  • «Информатика» пәнінің зерттеу объектілері;

Информатиканы орта білім беру жүйесінде оқытудың мақсаттары:

-оқушыларға ақпараттарды беру, өңдеу, сақтау, жеткізу және оны қолдану үрдістері туралы білімдерді меңгерту, басқаша айтқанда, оқушыны ақпараттық біліммен қаруландыру;



  • оқушылардың оқу үрдісінде компьютерлік техниканы өзіндік даму мен іске асыру құралы ретінде, сонымен қатар, кәсіптік қызметтерге пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

  • оқушылардың логикалық - құрылымдық және алгоритмдік-шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, ынта-ықыластары мен шығармашылық бейімділіктерін қалыптастыру.

Аталған мақсаттардан төмендегі міндеттер анықталады:

  • информатиканы төменгі сыныптарда оқытудың мазмұнын анықтау;

  • информатиканы төменгі сыныптарда оқытудың оқу бағдарламасын жасақтау;

  • информатиканы төменгі сыныптарда оқытудың әдістемелік жүйесін жасақтау.

«Информатика» пәні бойынша дайындалған стандарт білім берудің сәйкес сатысының базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспарымен, білім бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылды.

«Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұны (БМ) - оқу пәнінің мектепте міндетті түрде оқытылуы тиіс және үздіксіз білім берудің келесі сатылары мен деңгейлеріне информатиканы оқуды жалғастыру үшін жеткілікті болатын мазмұнының құрамы мен құрылымы.

«Информатика» оқу пәні бойынша білім берудің негізгі бағдарламасы (БНБ) –оқу пәнінің мазмұнын, яғни оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негізді қалыптастыруды, олардың ойлау қабілетін дамытуды, ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгеруді және оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлауды анықтайтын құжат. Оның мазмұны мемлекеттік стандарт бойынша анықталады.

«Информатика» оқу пәні бойынша бағдарлы білім беру бағдарламасы (БББ) – «Информатика» оқу пәнінің мазмұнын анықтайтын, пәнді тереңдетіп, бағдарлы оқыту қамтамасыз ететін оқушыларды кәсіби даярлау бағытына қарай көлемі мен мазмұны бойынша сараланған құжат. Оның мазмұны мемлекеттік стандарт бойынша анықталады.



«Информатика» оқу пәні бойынша қосымша білім беру бағдарламасы(ҚҚБ) – мемлекеттік стандарт мазмұнынан тыс, оқушылардың информатика пәні бойынша білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған оқу курстарының мазмұнын анықтайтын құжат. Бұл бағдарлама факультативтік немесе арнайы курстар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы ережелер:

Информатика пәнін оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері төмендегідей:



  • оқушылардың ғылыми дүниетанымдық негізін қалыптастыру;

  • оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;

  • оқушыларға ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологияларды меңгерту;

  • оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлау;

  • информатика ғылымының негізін қалайтын үш ұғымның (зат, энергия және ақпарат) бірі болып есептелетін, қазіргі таңдағы әлем бейнесін құрудың негізін құрайтын ақпарат ұғымын қалыптастыру;

  • қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді, табиғат, қоғам, техника аймақтарында қарастыру;

  • ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар саласында білім,білік және дағдыларды қалыптастыру мен оларды дамыту;

  • оқушыларды ақпараттық бірліктермен қамтамасыз ететін білімдермен қаруландыру;

  • оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру;

Информатика пәнінің зерттеу обьектілері:

  • ақпарат;

  • ақпараттық ресурстар;

  • ақпараттық үрдістер;

  • ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар.

Информатика пәнінің даму болашағы мына көріністерге байланысты:

1.Пәннің жалпы білімдік, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру,атап айтқанда:



  • оқушыларға формальдау, модельдеу және компьютерлік тәжірибе әдістермен меңгерту;

  • тиімді шешідерді таңдай білуге бағытталған оперативті ойлау қабілетін дамыту.

2.Информатиканың ғылыми пән ретінде қалыптасуы, атап айтқанда, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, биологиялық, қолданбалы информатика және т.б.

Информатика пәнінің даму бағыттары:



  • Теориялық информатика. Мұнда ақпараттың жалпы қасиеттерін зерттеу, табиғаттағы және қоғамдағы ақпарат үрдістерінің өзара қатынасы, сонымен қатар әр түрлі ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың негізгі заңдылықтарын зерттеу мәселелері қарастырылады.

-Ақпараттандыру құралдары. Мұнда дербес компьютерлердің, микроүрдістердің есептеу қызметінің мүмкіндіктері және аймақтық желілер арқылы ақпараттарды алмасу қызметтері туралы мәселелер қарастырылады. Әр түрлі ақпараттарды сақтау, өңдеу және қолдану мүмкіндіктерін одан әрі жетілдіру бағытында ақпараттық технологиялалардың даму мәселелерін қарастырумен жалғасады.

- Әлеуметтік информатика. Мұнда информатика мен ақпараттық технологиялалардың қазіргі қоғамдағы алатын орны, ақпаратпен және бағдарламалық өнімдермен жұмыс жасаудың құқықтық, этикалық және моральдық нормалары, жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық қауіпсіздігі төңірегіндегі мәселелер қарастырылады.

Информатика оқу пәні бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар мына бағыттарда қарастырылған: оқыту үрдісін мамандармен қамтамасыз ету; оқыту үрдісін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету; материалдық-техникамен базамен қамтамасыз ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет