Инженерлік сызба


 СЫЗБА ГЕОМЕТРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет4/23
Дата01.12.2022
өлшемі3 Mb.
#160791
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Сызу оқулық
қазақ тілі нед тап, 9 Лекция-презентация (1), «Иррационал те деулер мен те сіздіктер», 1тапсырма, элект Жұман М, Гаухар Презентация, Тема 6, Тапсырма 3, 3тапсырма, 4 тапсырма, Новый практический курс китайского языка. Учебник. Часть 1 ( PDFDrive ), 14 лекция, срсп 12.03, Гүлдана дүниетану, лекция 4
2. СЫЗБА ГЕОМЕТРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ 
ПРОЕКЦИЯЛЫҚ СЫЗБА 
 
2.1. Проекциялау әдістері туралы жалпы түсінік 
 
Проекциялық сызу
сызба геометриясы негіздеріне сүйене 
отырып, кеңістіктегі нәрселер пішінін жазықтықта бейнелеу 
әдістерін оқытады. 
Проекциялық сызу – машина жасау сызбасының негізі. 
Проекциялық сызбада геометриялық денелерді кескіндеудің және 
оларды үйлестірудің практикалық әдістерін оқытады.
Кеңістікте 
орналасқан 
нәрсенің 
нүктелері 
арқылы
жазықтыққа жүргізілген сәулелердің жазықтықпен қиылысуынан 
шыққан кескінді 
нәрсенің жазықтықтағы проекциясы
деп 
атайды. 
Техникалық сызбада проекцияларды тұрғызудың төрт әдісі 
қарастырылады: 
1). Сандық белгілерімен проекциялау әдісі
2). Орталық немесе перспективалық проекциялау әдісі (2.1. а 
сурет); 
3). Ортогональ немесе тікбұрыштап проекциялау әдісі (Монж 
әдісі), ( 2.1. в,г сурет); 
4). Аксонометриялық проекциялау әдісі (2.1. б сурет). 



Машина жасау сызбасында кеңінен қолданылатыны тік 
бұрышты (ортогональ) проекциялар. Мұнда проекция ортасы 
проекция жазықтығынан шексіз қашықтықта орналасқан, 
проекциялаушы 
сәулелер 
параллель 
және 
проекция 
жазықтығымен тік бұрыш жасайды (2.1. в,г сурет), тік бұрышты 
проекциялар деген атау осыдан шыққан. 
Өндірісте сызбалар тікбұрышты проекцияда орындалады. 
Нәрсенің жазық беттері (мысалы, қабырғалары, қыры мен 
жақтары) проекция жазықтығына параллель болатындай етіп 
орналастырылады, яғни мұндай жағдайда беттер проекция 
жазықтығына нақты шамасында кескінделеді. 
2.1. в суреті нәрсенің пішінінен толық мағұлмат бермейді
сондықтан 
тікбұрышты 
проекцияларды 
бір 
проекция 
жазықтығында емес, екі, үш және одан да көп өзара 
перпендикуляр жазықтықтарда орындау керек (2.1. г сурет). 
Мұндай сызбалар бойынша нәрсенің пішінін елестетіп, оның 
барлық элементтерінің өлшемдерін табуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет