Инклюзивті білім беру маңызды қажеттілігі



бет2/2
Дата27.05.2020
өлшемі21,85 Kb.
#71291
түріСтатья
1   2
Байланысты:
Тұрсын Бибігүл Мақала
Тұрсын Бибігүл Мақала, Аннотация
Ключевые слова: инклюзивное образование, инклюзия, дети с ограниченными возможностями, дефектология, педагогика, социализация.

Resume: The article is devoted to actual problems of modern education. The author considers the basic needs, opportunities and difficulties of inclusive education in secondary schools.

Key words: inclusive education, inclusion, children with disabilities, defectology, pedagogy, socialization.

Біздің зайырлы Қазақстан Республикасында адам құқығына, соның ішінде бала құқығына, мүмкіндігі шектеулі балалар құқығына көп көңіл бөлінуде. Қазіргі XXIғ. қоғамы қандайда бір белгіге байланысты кемсіту немесе бөлуге қарсы. Мысалы: ұлт, дін, жас, мүгедек болуы және т.б.. Көмекті қажет ететін ерекше балалардын құқығы қалыпты балалармен бірдей болуы қажет. Бүгінгі күнде, тек қоғам және дұрыс жетілмеген білім беру моделі ерекше баларды әлеуметтендіруде қиындықтар мен стереотиптік ой қалыптастырады.

Қазіргі білім беру жүйесі өзінің нақты талаптарын қанағаттандыратын стандартты қабілеттері бар балаларды ортақ бағдарламада оқи алатындығымен қабылдайды. Нәтижесінде, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беру үрдісінен тыс қалады, өйткені жалпы білім беретін оқу орындарының оқытушылық құрамы олармен жұмыс жасау үшін түзету және арнайы педагогика саласындағы қажетті білімге ие емес. Мектепте және мектепке дейінгі мекемелердегі қалыпты балалармен ерекше балалардың білім алуындағы осы және басқа да көптеген мәселелерді шешуге «инклюзивті білім беру» бағытталған.

Сонымен инклюзивті білім беру дегеніміз не? Инклюзивті білім беру - жалпы білім беретін процесс, барлығының бірдей білім алу мүмкіндігі, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалардында. Инклюзивті білім берудің негізі – бұл кез-келген кемсітуді, бөлуді болдырмайтын, барлық адамдардың тең қарым-қатынасын қамтамасыз ететін және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қажетті жағдайларды жасайтын идеология.

Соңғы жылдары мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру жүйесінде сапалы білім беру өзекті мәселелердің біріне айналды. Атап айтсақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылғы ҚР инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген, сонымен қатар 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын атауға болады.

Бұл бағдарламаның басты міндеттерінің бірі – еліміздің инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады.

Инклюзив - сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда», ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» мағынасын білдіреді.

Инклюзивті білім беру – мүгедектігі немесе дамуында қандайда бір ауытқушылықтары бар балалардың сау балалармен бірге олардың әлеуметтенуі мен интеграциялық процестерін жеңілдету мақсатында бірлесіп оқыту.

Инклюзивті білім беру оқыту процессінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педогогикалық қолдауды қамтамасыз етеді, жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндігін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие процесінің ерекшілігінде ескерген жөн.

Мүмкіндігі шектеулі балалар қатарына атап айтсақ оның бірі психикалық дамуы тежелген (ПДТ) оқыту бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар.

Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшілігі шаршағыштығымен, жұмысқа қабілеттілігі төмендігі, қоршаған орта туралы дамуында бұзылыстар байқалады. Психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық-педогогикалық қолдау (ППҚ) қызметінің тиісті мамандарымен жүзеге асырылады. Түсініктері фрагментарлық, зейіндері тұрақсыз, тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған, жалпы психикалық процестердің дамуында бұзылыстар байқалады, мұндайда әр маман өз бағыттары бойынша жұмыс істейді.

Жалпы инклюзивті білім беру – мүміндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудін бір формасы. Нағыз инклюзия білім берудің 2 жүйесін : жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне қарама-қайшы қоймай, қайта жақындатады.

Ал бұл процессті жүзеге асыру үшін мектепте балаға психологиялық- педогогикалық қолдау қызметі ұйымдастырылуы қажет екенін түсініп, өзіміз соны істе асыруымыз қажет.

Инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:

· Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс;

· Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады;

·Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттеріне: білім бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілікпен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы парасатты байыту» деп атап көрсеткен. Осыған байланысты қоғам алдында оқушының жеке басын үйлесімді дамытуға бағыттайтын міндеттер қойылып отыр.

Инклюзивті оқыту- негізгі принцептері:

1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталады;

2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті;

3. Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы;

4. Барлық адам бір-біріне қажет;

5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады;

6. барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді;

7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру;

8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін инклюзивті білім берудің сөзсіз артықшылықтары - баланың әлеуметтенуі, барлық балалар ерекшеліксіз оқитын, бейімделетін білім беру ортасының пайда болуы, сонымен қатар мемлекеттік мектептер мен ата-аналардың мүгедек балаларды қабылдауға әлеуметтік-экономикалық дайындығы. Барлығына ыңғайлы оқу жағдайларын жасау мүмкіндігі – мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға қосылуын күшейтеді, реабилитациялық жағдайы оңалады, әлеуметтік әлсіз топтағы балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға әкеледі. Инклюзия - нашар үлгерімді, оқшаулану, оқудан шығу қаупі бар балаларға ерекше назар аударумен байланысты. Қоғам тәрбиелейді және тең құқықты, ешбір дискриминациясыз қоғамды дайындайды.

Бірақ бүгінгі күнде орта мектептерде инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы жағдайлар жасалған жағдайда ғана қол жетімді – мысалы: көру қабілеті нашар балаларға арналған тифлотехника, мүгедек балаларға ортопедиялық жабдықтар және т.б. Тәжірибе көрсеткендей, бастапқыда жалпы білім беретін мектепте қарапайым балалармен жұмыс істеуге бейім педагог, біріккен оқыту жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту ерекшеліктері туралы білімі жоқ немесе жеткіліксіз. Егер коррекциялық мектептерде мұғалімдердің арнайы білімі бар - балалардың ерекшеліктерін, оларды оқыту әдістері мен тәсілдерін білетін дефектология мамандары (логопедтер, сурдопедагогтар, олигофренопедагогтар және т.б.) болса, мемлекеттік мектептерде мұндай мамандар көбіне жеткіліксіз. Нәтижесінде, психикалық дамуы тежелген баланы оқыту процесі формальды болып, стигматизацияға ықпал етуі мүмкін. Баланың ерекше білім беру қажеттіліктері мектептен қосымша мақсатты материалдар, бағдарламалар немесе қызметтер ұсынуды талап етеді.

Түзету мектебінде де жалпы мектептегідей басты мақсат – әлеуметтендіру, мүмкіндігі шектеулі балалар өз ортасында еркін сезінеді, қоғамдық стигматиясыз, қандайда бір ерекшеліктері бар құрдастарына түсіністікпен қарайды. Түзету мектебінде тәжірибем болмаса да, жалпы білім беретін мектеп оқушылары мүмкіндігі шектулі балаларды кемсітіп немесе бөлгенін біраз кездестіргенмін. Біз бар күшімізді салып, балаларға ерте жастан инклюзиялық білім беру арқасында, осындай жағдайлардын алдын алуымыз керек. Бұл мүмкіндігі шектеулі баланы тең құқылы қабылдауына дайын еместігін және әлі де әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени фактарлорға байланысты терең зерттеп, эксклюзияға алып келмеу жолдарын қарастырылуы керек.

Біз инклюзивті білім беру үдерісінің кеңеюіне, оның тұжырымдамасын зерттеуге және қалыптастыруға куә болып отырмыз. Бүгінгі таңда, мұғалімдер мен әртүрлі мемлекеттік мекемелердің өкілдері қоғамдық пікірді қалыптастыруда және білім беру реформасының негізін қалайтын мәліметтер мен білім беруде көптеген жұмыс атқарады. Дамыған демократиялық қоғамдастықтың заманауи білім беру жүйесі, инклюзивті білім беруге көшу тек техникалық немесе ұйымдастырушылық өзгерістерді ғана емес, қоғам мен мемлекеттің барлық оқушылардың білім алу мүмкіндіктерін ашуға нақты дайындығы. Сондықтан инклюзивті білім беру сапалы білім берудің және кемсітушілік пен бөлусіз барынша инклюзивті қоғам құрудың басты мәселелерінің бірі болып қала береді.

Қорыта айтқанда, қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие, сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. «Бәріне бірдей мүмкіндік», «Сапалы білім - барлығы үшін» деген ұстанымды қолдаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жданова В.О. Инклюзивное образование умственно отсталых детей в «зеркале» педагогического мнения. [Электронный ресурс]:URL: www.km.ru

2. Жарықбаев Қ. Жалпы психология, 2000

3. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы



4. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2010.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет