Орындаған: Бисенбаева. Н қабылдаған: Тұрсынбай. А тобы: фм-11-20-1 Стерильді дәрі дәрмектер



Дата24.03.2022
өлшемі377,45 Kb.
#136655
Байланысты:
Б.НАЗЫМ
өспе, 1 билет, Тақырып 10 (1), a293299f-6579-4da2-88cb-fe63bd675852

“Болашақ” жоғарғы медициналық колледжі
Орындаған: Бисенбаева.Н
Қабылдаған: Тұрсынбай.А
Тобы: ФМ-11-20-1
Стерильді дәрі дәрмектер.
Дәрі дәрмектердің стерильді және асептикалық дайындалған түрлері.
Қызылорда, 2022
Жоспары: 1. Стерильді және асептикалық жағдайларда дайындалатын ДТ – дің жалпы сипаттамасы. 2. Стерильді ДТ – ге арналған орауыштардың түрлері: a) инфузиялық ДТ – ге арналған; b) инъекциялық ДТ – ге арналған; c) көздік ДТ – ге арналған; d) басқа ДТ – ге арналған. 3. Оларды бөлшектеу мен орамдауға қолданылатын машиналар және автоматтар.
Стерильді ДТ – дің жалпы сипаттамасы. Осы топтың ДТ – рінің өнеркәсіпті жасап шығаруы басқалармен салыстырғанда өте кеш басталды. 1885 жылда Петербургтің фармацевті, профессор А.В.Пель әлемде ең бірінші келесіні ұсынған: кейбір ДТ (инъекцияларға) асептикалық жағдайды жасауын; стерильді инъекциялық ерітінділердің жалпы технологиясын; стерильді дозалаған ерітінділерді сақтау үшін дәнекерленген шыны құтыларды қолдану. Өндірістік жағдайда дайындалатын стерильді ДТ бірнеше топтарға жіктелінеді:
инъекциялық ДТ (ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар, лиофильденген ұнтақтар, ерітінділерді дайындауға арналаған стерильді таблеткалар);
имплантацияға арналған таблеткалар; көзге арналған ДТ (тамшылар, пленкалар, жағар майлар, инъекциялар); құрамында антибиотиктері бар ДТ; жаңадан туылған балараға арнал,ған ДТ; стерильді шаймалар мен басуға арналған сұйықтықтар.
Парентеральды қолданылатын ДТ – дің қәзіргі кезде ДДТ жалпы массасымен салыстырғанда 30% аса мөлшерде шығарылады. Дағдыдағыдай, олар шыны құтыларда (ампула, флакон), полимерлі материалдардан жасалынған мөлдір орауыштарда (бір рет қолданылатын шприц – тюбиктерде, пакеттерде, формасы және көлемі әртүрлі пластмассты коробкаларда) шығарылады. Өніркәсіпте сонымен бірге бірқатар стерильді МҚБ шығарылады: бір рет қолданылатын шприцтер, системалар, әртүрлі ЖМҚ (ВМС), тігу материалдары, тану құралдары және т.б.
Стерильді ДТ – дің және МҚБ – дың орауыштарына келесі талаптар қойылады: орамдалған ДТ – дің немесе МҚБ – нің өзгерістерін байқау үшін, механикалық қоспалардың болмауын тексеру үшін және т.б. олар мөлдір болуы керек; орамдалған ДТ немесе МҚБ стерильдігін сақтау үшін герметикалық болуы керек. Ең жауапты операцияларды: ДТ дайындау, орауыштарды толтыру (бөлшектеу), оларды тығындау (дәнекерлеу) – 1 класс тазалығындағы бөлмелерде немесе зоналарда стерильді ауаның ламинарлы ағында автоматты немсе жартылай автоматты лимияларда орамдалады. Сол кезде сыртқы ауамен қатынасуы линимальды болу керек. Әсіресе осы талап тнрмиялық стерилизациядан өтпейтігн асептикалық жағдайда дайындалатын ДТ мен МҚБ – ға қойылады.
Стерильді ДТ арналған орауыштардың түрлері. І. Инфузиялық ерітінділер – оларға құрамы әртүрлі, бірден қанның ағынына тамшы немсе ағын түрде әртүрлі мақсатпен үлкен көлемде (100 – ден 500 мл дейін) енгізілетін ерітінділер жатады. Құрамына байланысты олардың тқтқырлығы әртүрлі болады. Олар ХТ – 1, НС – 2, НС – 2А маркалы шыны флакондарда шығарылады. Сары түсті шыны флакондар оларға қолданылмайды, себебі сақтау кездегі ерітінділердің түстін өзгеруін бақылауға мүмкіндік болмайды. Ал олардың көбісінің құрамындағы глюкоза, қан плазмасы, стерильдеген, сақтау кезде ыдырауға ұшырауы мүмкін, соны тек түсі өзгерген кезде байқауға болады.
Оларды организмге енгізу үшін «бір рет қолданылатын сұйықтықтарды алмастыру жүйесі» (СР – 1) падаланылады. СР – 1 ұзындығы 150 см 2 пластикатты түтіктен, диаметрі 2,6 мм ПЭ канюлясы бар металлды инеден және 2 ПЭ – ді қорғаныс қақпақтан тұрады. Оларды химиялық немесе тиндализациялық әдіспен стерильдеген соң асептикалық жағдайда стерильді ПЭ – ді пакеттерге орамдайды. ІІ. Инъекциялық ДТ – оларға терісін зақымдатып (п/к, в/в, в/м және т.б.) организмге енгізу үшін қолданылатын ДТ (ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар, лиофильді ұнтақтар). Әдетте осы ДТ шыны түссіз НС – 3 және НС – 1 маркасынан, сары түсті СНС – 1 маркасынан жасалынған ампулаларда немесе НС – 2 маркасынан жасалынған 10 мм – лік флакондарда («пеницилляшка»), майлы инъекциялық ерітінділерге АБ – 1 маркасынан жасалынған шыны ампулалар қолдануға рұқсат етілген. Ампула – бір дозалық орауыш болып саналады, яғни бір рет қолданылатын орауыш ретінде. Егер салыстырмалы сынғыштығы жоғары болмағанда, шыны ампуланы идеальды орауыш ретінде санауға болатын еді, себебі ол бірқатар артықшылықтарға ие: дәрілік препараттардың көбісімен және олардың сулы, сулы – спиртті, майлы ерітінділермен сыйымды; герметикалық дәнекерленеді және ДТ стерильдігін керекті мерзімде сақтайды; бағасы төмен.
Ампулаларды екіншілік орауыштарға орамдау. а) 2 – жанынан жабыстырылған картон пачкаларға: Танспортер арқылы керекті ені бар картон лента жіберіледі. І позицияда оның үстіне орамдауыштарды бір бірінен ажырату үшін кертіктер түсіреді. ІІ позицияда картон лентаның үстіне «гофре» түрде бүктелген орауыш қағаз жабыстырады. Осы «гофрирленген» қағаз ампулаларды бір бірінен қорғайтын ұяшық ретінде болады. ІІІ позицияда параллельді транспортермен келген ампуланы арнайы итергішпен гофрирленген ұяшыққа итеріп орналастырады. Осы кезде әр орауыштың ішіне ампулалардың капиллярларын ашу үшін арнайы кескіш – скарификатор салады. Келесі ІV – V позицияларда коробканың 2 жаны бүктеледі, олардың сыртына керекті мәліметтері бар бандероль лента жабыстырылады. Осы лента 2 функция атқарады: а) этикетка; б) ААБ. б) контурлы – ұяшықты орауыштарға орамдау, мысалы, 5 мл – лік ампулалар үшін модель 529 автоматта жүргізіледі. Қыздырған кезде полимерлі пленкада пуансондар және сығылған ауа көмегімен ұяшықтар түзіледі. Бункерден ұяшықтарға ампулалар түскен соң, скарификатор салған соң, орауыштың үстін термиялық балқитын қабаты бар алюминий фольга немесе ламинирленген қағаз жабыстырады. Содан соң жалпы лентадан бөлек орауыштарды кесіп алады.
Шприц – тюбиктердің технологиясы. Ішіндегі ДЗ стерильді ерітіндісі бар шприц – тюбиктер дала жағдайда және кезек күттірмейтін кезде көмек көрсеткенде бір рет қолдануға өте ыңғайлы. (мысалы, адреналин г/хл – дінің, жүрек гликозиттерінің, морфин г/хл – дінің ерітінділері). Шприц – тюбик ПЭ ж.қ. жасалынған ампуладан оның ауызына престелген инеден және жабатын қақпақтан тұрады. Иненің ішіне мандрен салынады. Олардың жасалуы: ПЭ т.қ. – ді қыздырп штамповка әдіспен қақпағы жасалынады. Ж.қ. ПЭ - нен қыздырып экструзия және штамповка әдістермен бірге ампуланы жасайды. Оның ұшына айналдырып алдын ала автоклавта стерильденген инені престейді. Шприц – тюбиктерді кассетаға жинап ультрадыбысты әдіспен жақсылап жуып, карбол қышқылдың (фенол) ерітіндісімен өңдейді. Келесі операциялар асептикалық жағдайда өтеді. Иненің ішіне мандрен салып, канюляның үстіне ұзын қақпақ кигізеді. Содан соң шприц – тюбикті артқы жағынан ДЗ стерильді ерітіндісімен асептикалық жағдайда толтырады және дәнекерлейді: ампула тюбик – ұстағышқа барады, осы жерде тубаның шеттері жақындап 290 – 3000С температурада бір – біріне жабысып, қысылады

Пайдаланылған әдебиет: https://zhauap.kz/69891/

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет