Инклюзивті білім беру



бет2/3
Дата20.12.2021
өлшемі0,77 Mb.
#103863
1   2   3
Байланысты:
инклюзив ұлыбритания хп71
2 сынып КТЖ30.08 — копия, 209904, 209904, инклюзив ұлыбритания хп71

Ұлыбританиядағы интеграция моделін лайықты үлгі деп атауға болады, оның барысында мамандар тоғыз айлықтан бастап, барлық балалармен жүйелі сабақ өткізуге кіріседі, онда дәл диагнозды анықтауға ұмтылмайды, балалардың әлеуетті мүмкіндіктерін барынша дамытуға ұмтылады. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасында интеграция өте ауқымды, бірақ бұл оқыту жүйесінің спецификалық бағыттылығымен түсіндіріледі. 5 жастан 11 жасқа дейінгі жас кезеңі, дайындық мектебіне сәйкес келеді. Осы кезеңде оқытудың әдістері мен мазмұны, біздің мектепке дейінгі білім беруге өте ұқсас. Сыныпта басқа балалармен оқи отырып, әрбір «интеграцияланған бала» өзінің мұғалімі, өзінің жеке бағдарламасы болады. «Ерекше баланы» дамытудың перспективасы мұқият жоспарланады, бұл үдеріске мектептің барлық педагогтары, әдіскер, тьюторлар мен ата-аналар енгізіледі.



  • Инклюзивті білім беру бойынша Ұлыбританияның заңнамасы, арнайы білім беру жүйесін теріске шығармайды және өзінің жаппай сипаты болмайды. Ғалымдардың бақылауы бойынша, мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты әлемдік және ағылшындық саясат, қазір жедел өзгерістер уақытын бастан өткеруде. Англия инклюзивті білім берудің теориясы мен тәжірибесіне қатысты ұзақ және қиын жолдан өтті және өтіп келеді. Елде осы саладағы саясат пен тәжірибені анықтайтын және реттейтін көптеген заңнамалық актілер мен басқа құжаттар бар. Қазіргі кезде осы саясаттың ортасында білім министрлігі 2004 жылы құрастырған «Каждый ребенок важен» («Әрбір бала маңызды») құжат алынады. Бұл бағдарлама 2020 жылға қарай балалар арасындағы кедейшілікті жоюға қабілетті және әрбір балаға толығымен өзінің әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін алдын алу мен көмек түріндегі іс-шараларға бағытталған. Оның басты назарында – «әлеуметтік эксклюзияға» қарсы күрес. Бұл бағдарламаның барлық балалар үшін бес маңызды нәтижесі мыналар:
  • Денсаулық;
  • Қауіпсіздік;
  • Өзін-өзі маңызды ету;
  • Өзінің тұлғалық әлеуетін жүзеге асыру;
  • Қоғамның пайдалы мүшесі болу


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет