Жеке адам дегеніміз не?



Pdf көрінісі
Дата07.02.2022
өлшемі188,98 Kb.
#94447
Байланысты:
Жеке адам



1

) Жеке адам дегеніміз не? 
Жеке адам-белгілі бір əлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) 
белгілі бір іс-əрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын 
мойындайтын жəне өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам. Ұлттық психика мен 
жеке адамның психикасының арақатысы диалектикалық ұқсастықпен жекеліктің 
айырмашылығымен сəйкес келеді. Жалпылық (ұлттық) жəне жекешелік (өзіндік) жеке 
адамның психологиялық кейпінде бірлікте болады. Бірақ олардың ара қатысы əр 
адамда əртүрлі. Жеке адамның қатынас кеңістігі неғұрлым кең болса, өмірдің барлық 
жағымен оның байланысы жəне қарым-қатынасы да əртүрлі болады ішкі дүниетанымы 
да бай жəне жеке адамның өз ұлтына тəн əлеуметтік сапасы да жоғары болады. 
 
 2) Нəресте тұлға (жеке адам) қатарына жата ма? Егер жатпаса себебі неде?
Нəресте жеке тұлға қатарына жатпайды.Себебі,жеке адам-əлеуметтік қатынастармен 
санала іс- əрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан 
ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі.Ал нəресте 
айтылғандардың бірде-біреуіне сай келмейді,яғни өзін тани алмайды,өз ойын жетік 
білдіре алмайды,өзін басқалардан ажыра алмайды. 
Мысалы, жаңа туған нəрестені адам деп атауға толық болады, бірақ əлі тұлға емес, 
себебі онда білім, тəжірибе, іс-əрекет, көзқарас жоқ. 
Адам санасының дамып, өсіп жетілуі оның ортасымен (отбасы, мектеп, т.б.) тығыз 
байланысты. Сондықтан тұлға психологиясын дұрыс ұғыну үшін, ең алдымен, оның 
əлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай ортаның өкілі екендігіне, сондай-ақ оның 
көзқарасы, наным-сенімі, бағыт-бағдары білімі мен іс-тəжірибесі, икем-бейімділігі, 
нақты кəсібі бар екендігіне назар аударуымыз қажет. 
3) Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі 
ерекшелік қандай?
Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі ерекшелік бар. 
Оның бірі — əрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар. Бұл – 


адамдардың типтік мақсаттарыен байланысты теориялық мəселе. Екіншісі – сол 
типтерден туындайтын жəне жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер. Бұл 
мəселе осы заманғы психологияда айрықша маңызды деп саналатын биологиялық жəне 
əлеуметтік факторларға негізделе отырып қарастырылады. Биологиялық фактор – 
адамға туа берілетін табиғи анатомиялық жəне физиолигиялық қасиеттер, ал 
əлеуметтік фактор – адамның жетілуіне тіршілік ортасының, қоғамның, тəлім – тəрбие 
істерінің əсері. Осы екі фактор адамның психикалық дамуында бірін – бірі 
толықтырып отырады. 
4) Биологиялық фактор дегеніміз не? 
Биологиялық фактор-бұл ата-анадан ауысқан туа біткен жəне өмір сүруде қабылданған 
дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі құрылысы ерекшелігін білдіретін 
бала организімінің орта мен қарым-қатынасының нəтижесі болып табылатын 
белсенділікті, өсіп келе жатқан баланың денсаулығын, қалыпты өмір тұрмысын 
қамтамасыз етеді. 
5

) З.Фрейдтің пікірі қандай? 
Ол адамның белсенділігі инстиктті əрекеттеріне, соның ішінде жыныстық еліктеу мен 
өзін — өзі сақтау инстиктіне байланысты дейді. Адам мұндай инстинкттерге шек 
қойып, оларды тежейді, өз бойындағы күш қуатын сақтап, оны басқа мақсаттарға, 
мəдени қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды. Сөйтіп, өзінің мінез құлқын саналы түрде 
басқарады. Алайда, З.Фрейд пен оны жақтаушы зерттеушілер адамның белсенділігі сол 
жыныстық еліктеудің шеңберінен шыға алмайды деп, «Эдип комплексі» дейтін мəселе 
көтеріп, ерте замандағы грек жазушысы Софоклдың «Эдип патша» атты 
шығармасының сырын уағыздайды. 




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет