Инновация теориясы, инновация мәні және қасиеті, классификациясы



Дата06.02.2022
өлшемі4,07 Mb.
#81308
Байланысты:
Асель инновация

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультеті биотехнология мамандығы


СӨЖ
Тақырыбы:Инновация теориясы , инновация мәні және қасиеті, классификациясы
Орындаған:Ережепова Асель
Тексерген: Ильяшова Г.К.
Алматы 2020

Инновациялардың пайдалану аясына байланысты жіктелуі келесідей:

Инновациялардың пайдалану аясына байланысты жіктелуі келесідей:

  • ғылыми инновациялар — жаңа ғылыми бағытты қалыптастыруға немесе қайдай да бір салада ғылымның жетістіктерін пайдалануға ықпал етеді;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық инновациялар — ұйымда бұрыннан қалыптасқан басқару əдістерін, еңбекті немесе өндірісті ұйымдастыру формаларын, шешімді қабылдау жүйесін жаңартуды көздейді;
  • əлеуметтік инновациялар — əр түрлі əлеуметтік топтарда қарым-қатынасты өзгертумен, еңбек жағдайы мен еңбекке ынталандырудың жаңа əдістері мен тəсілдерін қолданумен жəне осы бағыттағы басқа да іс-əрекеттерді жақсартумен байланысты;
  • технологиялық (өндірістік) — ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріс пен тұтынуда пайдаланып, қолданыстағы техника мен технологияны, технологиялық əдістер мен тəсілдерді өзгертуге жəне жаңартуға бағытталады. Технологиялық инновациялар, өз кезегінде, инновациялық өнім (жаңа, жаңартылған немесе жақсартылған өнімдерді дайындауға қатысты) мен инновациялық үдеріске (өндірісте шығарылатын өнімдер мен қызметтерді дайындауда жаңа технологияларды қолдану) бөлінеді;
  • экологиялық — қоршаған ортаның ластануын азайтатын, зиянды қалдықтарды тазалайтын, шикізатты қалдықсыз өңдейтін, қоқыстарды өңдейтін инновациялық үрдістерді қамтиды;
  • саяси — мемлекеттің əлеуметтік, халықаралық, сыртқы ішкі бағыттағы іс-əрекеттерін жетілдірумен жəне оның халық үшін тиімділігін көтерумен байланысты;
  • мемлекеттік-құқықтық — жаңа мемлекеттік институттар, демократиялық құқық, заңдық актілер, мемлекеттік басқару тəсілдері, əділетті сот жүйесі түрінде көрініс табады;
  • рухани саладағы инновациялар — білімде, мəдениетте, ғылымда жаңа жүйелер мен ізденістердің, туындылар мен жетістіктердің пайда болуы.

«Инновация» ұғымының қарапайым жəне күрделі мағынасы бар. Өзінің эволюциялық дамуында оның əр түрлі мазмұны мен нысандары бар. И.В.Афониннің пікірінше, «жүзжылдық метаморфозаның жаршысы» ретінде беймəлім ғалым Джон А.Гобсонды санауға болады. Нақ Гобсон құнның «жер– еңбек–капитал» факторына төртінші «талант жəне білім» ұғымын қосты жəне «озық өнеркəсіп саласы» ұғымын енгізді [1].

«Инновация» ұғымының қарапайым жəне күрделі мағынасы бар. Өзінің эволюциялық дамуында оның əр түрлі мазмұны мен нысандары бар. И.В.Афониннің пікірінше, «жүзжылдық метаморфозаның жаршысы» ретінде беймəлім ғалым Джон А.Гобсонды санауға болады. Нақ Гобсон құнның «жер– еңбек–капитал» факторына төртінші «талант жəне білім» ұғымын қосты жəне «озық өнеркəсіп саласы» ұғымын енгізді [1].

Осы заманғы инновация тұжырымдамасының негізін қалаушы австриялық, кейіннен американдық ғалым Й.Шумпетер өзінің «Экономикалық даму теориясы» еңбегінде алғаш рет «жаңашыл» жəне «жаңалық» ұғымдарын енгізді. Бұл тұжырымдамада ол инновацияға негізделген кəсіпкердің жаңа табиғатын — жаңаша ұйымдастыру, өндіргіш күштерді ойната білу қабілетін бөліп көрсетті [2]. Бұл қабілет кəсіпкерлік табысты алумен қатар, өндірістің қолданыстағы айналымын жеделдетуге жəне жалпы экономикалық өсуді жылжытуға мүмкіндік береді. Өзінің «іскерлік белсенділік айналымы» теориясында ғалым болжам ұсынды. Оған сəйкес экономикалық дамудың қозғалтқышы –құрылымдық өзгерткіштердің айналымдық өзгерісі — кəсіпкердің инновациялық қызметі — тəуекелді бизнес арқылы нарыққа инновацияларды жылжытудың айрықша жəне сирек байқалатын қабілетін ұсынды. Тиісінше кəсіпкер экономикалық өсуді тұрақты қайнар көзі ретінде қызмет етеді [3].

Кейіннен əр түрлі зерттеушілер бұл экономикалық категорияға өздігінше ұғым бере бастады. Мысалы, Ф.Валента жəне Л.Волдачек «инновация бұл — өзгеріс» десе, Э.Уткин инновацияны нақты «объект» деп санайды. Ф.Никсон — «іс-шаралардың жиынтығы», С.Валдайцев «жаңа өнімді игеру» деген ұғым берді [4].

Бұл туралы қазақстандық мамандардың өз пікірі бар. Мəселен, 1996 жылы С.Б.Əбдіғаппаров «инновация — бұл ғылыми негізделген идеялардың шаруашылық субъектілердің зерттеуін, əзірлеу мен енгізуін қамтитын мемлекеттік жəне нарықтық реттеу арқылы қоғамның өмір деңгейін көтеруге бағытталған мақсаттарға жету үдерісі» деп атап өтті [5]. Ал 2006 жылы Н.А.Барлыбаева өзінің

«Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесі: перспективасы жəне даму механизмі» монографиясында нарықтық табыстардың инновациялық қызметке қатысушылардың ерекше креативті қабілеттерінен туындайтындығы туралы қорытындыға келді. Бұл жағдайда: «инновацияның өзі мəні бойынша «технологиялық түрткі» не нарықтық сұраныс жүктемесі» дейтін ұғым болып табылмай-ақ, олардың бірлескен ықпалынан туындаған құбылысты білдіреді


Қорытынды

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет