Инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар жалпы білім беру №39 орта мектебі «Биология сабақтарында оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендіру»


Сабақ нәтижелі және қызықты болу үшін танымдық қызығушылықты дамыту әдістерін қолданамын



бет2/2
Дата25.11.2019
өлшемі0,67 Mb.
#52435
1   2
Байланысты:
obobschenie po biologii Kozhabaeva 39 shk 1423751300 102620

Сабақ нәтижелі және қызықты болу үшін танымдық қызығушылықты дамыту әдістерін қолданамын:

1) жаңа материалды игеруге дайындалуды қалыптастыру (тапсырмаларды орындау)

2) қызықты танымдық материалды қолдану.


Танымдық әрекетерді белсендіру әдістері мен қағидалары-оқытудың бір түрі,онда оқушылар белсенді жұмыс істеп, өз білімдерін кеңейтеді, «маған оқу не үшін керек?» деген сұраққа саналы түрде ойланады.

Оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру бұл маңызды педагогикалық мәселенің бір түрі.

Қазіргі заманда білім беру жүйесінде құзыретті іскерлік, жағдайды модельдеуге қабілеті, диалогты жүргізу тәжірибе, шығармашылық әрекетке қатыстыру ерекше маңызды болып түр.

Сонымен бірге оқуға деген қызығушылықтары төмендеп барады, инттеллектуалды енжарлық байқалады. Мұғалім белсенді ойлау әрекетін тудыратын әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың салыстыру, шешім табу, талдау, жалпылау іскерліктерін қалыптастырады.

Танымдық белсенділіктің ерекшелігі:

1.Эмоционалды еріктік, сенсорлық және когнитивті

2.Оқытудың нәтижелігі оқушылардың танымдық белсенділігіне байланысты

3.Оқуға деген мотивациялық әрекет

4.Қазіргі педагогикалық технологияларды қолдану
Оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендіру қағидалары:

-оқушылардың өздік белсенділік қағидасы;

-саналы танымдық қағидасы;

-барлық және орташа оқитын оқушылардың дамуына мақсатты және жүйелі түрде бағыталған қағида;


Оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендіру әдістері:

-оқушылар жұппен, топпен оқытылады;

-мұғалім керекті ақпаратты табуға жетелейді;

-оқушылар көп жұмысты өздігінен орындайды;

-оқушыларды шығармашылық әрекетке итеру;

-эвристикалық әдіс-тәсілдер, шығармашылық ойлаудың әр түрлі операциялары:

- эвристикалық сұрақтар қою, оқушылардың ойын ынталандыру

- дәстүрлі емес сабақ беру (аукцион сабағы, сынақ, саяхат сабағы, турнир, эстафета т.б Ерекше қызуғышылық көрсететін оқулықпен жұмыс істеу түрлері ( жоспар құру, сызба, конспект құрастыру), салыстырмалы-талдау (кесте, суреттер) және шығармашылық (тест, сөзжұмбақ құрастыру)


-Қызықты фактілер арқылы ( биологиялық, тарихи ақпараттар, өмірден алынған мысалдар)

-Демонстрациялық материалдар (роликтер, электронды оқулықтар)

-топтық, жеке жұмыстарды өткізу

-ойындарды өткізу



АҚТ-оқушылардың танымдық әрекеттерін белсіндіретін құрал

Қазіргі білім беру процестің АҚТ технологиясы өте маңызды түрдің бірі. АҚТ технология арнайы техникалық құралдарды қолдану (аудио, видео, кино,презентация, ролик т.б).



Биология сабақтарында оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендіру тәсілдері
Дидактиканың ең маңызды проблемасы сабақта оқушылардың танымдық әрекетті белсендіру. Ол дегеніміз оқушыларды жүйелі түрде оқу процесіне ынталандыру. Сабақта белсенді ойлау жұмысы, өздік танымдылық көрсету –нәтижелі оқытудың жемісі. Оқытылатын материалға қызығушылықты тудыру үшін белсенді және енжарлы әдістер түрлерін қосу, жас ерекшеліктерін, қабілеттерін ескеру керек.

Оқушылардың танымдық әрекеттерін дамытуға арналған нұсқалар:



дидактикалық ойындар. Оқыту ойын бірнеше қызмет атқарады:

-ойлау қабілетін дамытады, оқытылатын тұлғаға әсер етеді, ой-өрісін кеңейтеді;

-нақты жағдайда бағдарлауға үйретеді;

-танымдық әрекетін ынталандырып, мотивациясын күшейтеді, қызуғышылықты дамытады.


Мысалы: а) «Үшіншісі артық» ойыны- тақтада бағанмен ағзалар, құбылыстар, нақты бір белгі бойынша сөздер жазылады. 1. жидек 2. бұршаққап 3. дәнек (артығы 1 сөз-шырынды жеміс)

б) «Тізбек»

в) «фоторобот» бір объектіні тауып алу

г) «танымдық ойындар-саяхаттар» -Ішекқуыстылар еліне саяхат, т.б


Проблемалық жағдайлар
Проблемалық сұрақтарды тақырыпты оқыған кезде әр кезеңінде қоюға болады:

-жаңа тақырыпты түсіндіргенде «сабақтың басында), бұл қызуғышылықты тудырады;

-алған білімдерін бекіткенде, материалды жалпылауға көмектеседі және оқушылар өздігінен қорытынды жасай алады;

-білімдерін тексергенде;


Танымдық әрекеттерін белсендіруге проблемалық жағдай туғызу қажет:

1) «Ішін ауырса, ауызыңды тый» мәтел арқылы асқорыту тақырыбын өткенде айтуға болады.

2) «Айтбас жерде ауызынды тый, қышынбас жерде қолыңды тый»

3) «Ғалым мен жақын болсан, қолын жетер. Залыммен жақын болсаң, басын кетер»

4) «Сақтықты соқырдан үйрен, кішілікті түйеден үйрен» т.б

Биология сабағында танымдық қызуғышылықтарын дамыту үшін биологиялық есептер қолданамын. Есептерді шешкенде оқушылар әр түрлі пікірлерін айтады, дәлелдеуге тырысады, ойлайды, логикалық ойлау әрекеттері дамиды.


Биология сабақтарында мынадай мақсаттарды қолданамын:

а) оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға қалыптастыратын есептерді қолданамын

б) табиғи нақ пішіндерін анықтау тапсырмалар

в) іскерліктерін қалыптастыру және болжам арқылы дәлелдеу

г) зерттеу іскерлігін дамытуға арналған тапсырмалар

д) практикамен байланысқан теориялық білімдерін анықтауға арналған тапсырмалар.

е) бақылауға арналған тапсырмалар

ж) жаңа ақпарат беретін тапсырмалар


1.Мысалы, жалпылауға арналған тапсырмалардың бірін ойын ретінде өткізуге болады.

«Түсіндір» деген тапсырмада оқушылар мына өсімдік қай тұқымдасқа жатады? Жауабын шешу үшін мына сұрақтарға ең бірінші жауап беру керек.


а) Шие туралы айтылатын болса:

1. Бұл өсімдік ағаш немесе бұта

2.Жапырақтары жай, тор жүйкелі

3.жемісі қызыл, сүйекті

4.Гүлдері иіссіз, дұрыс, 5 күлтесі және тостағаны бар, аталығы көп,

аналығы 1

5. гүлшоғыры-қалқан
б) «қайсысы артық» деген тапсырма:

сұлы, бидай, қарабидай, тары, алмұрт

шие, алма, алмұрт, долана, сұлы
в) «Орама» деген танымдық ойын түріндегі тапсырма. Оқушылар бірін-бірінің артына отырып бір оралған қағаз береді. Әр топ бір тұқымдастың белгілерін қағазға жазады және олар оқып, қағазда дұрыс сызылмаған көп белгілер қалса сол топ жеңді.

ВОКАНСОНА және ГЁТЕ-нің үйрегі

«Егер де үйрекке бір нәрсе ұқсаған болса және сол сияқты жүзіп жүрсе, онда ол үйрек»- ағылшын мақалы бар




      Суретте 1739 жылы француз Жак Вакансонның жасаған механикалық роботы –үйрегі көрсетілген.  Үйрек жүретін, дыбыс шығарып, құстың қимылын жасайтын Ең қызықтысы, ол қоректеніп, жегенің бөліп шығаратын. Көргендер роботтың тамағы қортылмайтынын анықтаған.Оның ауызына тамағы барып, ішінде қалса да , мүмкін механикалық үйректі артқы жағынан экскременттермен толтырған. 1805 жылы осы үйректі Иоганн Вольфганг Гёте көрген. Поэттің айтуы бойынша « үйрек қаңқаға ұқсайды және ас қорыту жүйесінде проблемасы бар»

Қалай деп ойлайсыңдар Вакансонның роботын үйрек деп санауға бола ма? Жауаптарыңды логика және биология көзқарасы арқылы беріңдер.


7 сыныптарда жануартану тақырыбын өткенде мына сұрақтарды қолдануға болады:

1.Краб таяқшалары, шпрот консервлері-гастрономиялық деликатестер. Оларды неден дайындайды?

2. Балға балық деп неге аталған? (тұмсығының пішіні балғаға ұқсайды)

3.Оптикалық құрал және аквариум балығының аты (телескоп-балығы)



4. «Фугу жегін келсе, ең алдымен мұраңды біреуге жазып кет» жапондықтардың мақалы бар. Осылай неге айтылады?
5. «Мен, әлі қолы шықпаған, балалары бар, сегіз ананың басын кесіп тастадым.Содан кейін біреуін төрт рет кесіп тастадым ....». А.Трамбле бұл қандай жануар туралы айтылған?

6 .

Фантастикалық жануардың бейнесі қандай құстардың денесінен құралған?

7. «Өркен» тақырыбының танымдық сұрақтары
1. Қандай орман шуылдайды және қандай орманда ағаштардың жапырақтары жай желге ақырын селбесіп тұрады. Неліктен?

2. Емен, аққайың және терек, самырсын, пихта шаған. Осы ағаштардың арасында қайсысы артық? Неліктен.

3. Біздің маңайымызда өсетін ағаштардың қандай қорғаныс ерекшеліктері бар?

4. Аққайың және қиянкөлең ағаштарының жапырақтарының шеттері тілше тәріздес, қиянкөленнің, жапырағы қолды кесіп жібереді, аққайыңның жапырағы жоқ. Неліктен?

5. Осы өсімдіктердің қайсысы өзінің жапырақтарына көп шаң тартады? Терек немесе шегіршін бе? Неліктен?
8.Тақырып «Тамыр»
1. Мұғалім оқушыға «Тамыр» бөлімін нашар менгергенсіңдер,-деді. Оқушының жауабы: «Тамыр жүйесі жөнінде білім міндетті емес, өйткені тамырдың практикалық маңызы жоқ»-деп жауап берді. Оқушының жауабы дұрыс па? Неге?

2.Оқушы биологиялық турнирде былай дәлелдеді. Қосжарнақты өсімдіктер кіндік тамыр жүйесін құрайды. Оқушы қандай қате жіберді.

3. Бөрібұршақ, қарабидай, сұлы, бидай осылардың тобында, бөрібұршақ неліктен артық?

4. Ағаштың тамырынң диаметрі мен бөрікбасының диаметрі бірдей бола ма? Неге?

5. Желдің әсерінен қатты зиян шегетін қарайғай ма, шыршы ма? Неге?

9. Бұл қызықты фактілер!

1.1 см2 теріде 200-400 сезгіш рецепторлар бар, ал бүкіл теріде 8 млн.

2.Іздейтін иттер жарты млн иіс айыра алады. Осындай иттер 1 см3 ауаның құрамынан заттың иісін 1 молекуласынан сезеді. Бірақта иттер бүкіл әлемді тек ақ-қара түсті түрінде көреді. Осыны қалай түсіндіруге болады?

3.Дегустатор-шараптың бір тамшысынан 70 түрін сезеді, кейбірлері шайдың сортын, қайдан әкелгенін, қашан қорапқа салынғанын біледі.

4.Сезу рецепторлар барлық денеде біркелкі орналаспаған. Мысалы, 1 см2 тізеде 10, ал үлкен саусақта 111-135 рецепторлар бар.

5. Температураның ауытқуын терінің әр түрлі үлескілері әр түрлі сезеді, өйткені саусақта, мұрын ұшында суықты сезетін нүктелер болады.


10.Логикалық тізбек
1.Аминқышқыл, глюкоза, ас тұзы (ас тұзы-бейорганикалық зат)

2.АТФ, РНҚ, ДНҚ (АТФ-энергия аккумуляторы)

3.Транкрипция, гликолиз, трансляция (гликолиз-глюкозаның тотығуы)

4.Крахмал, каталаза, целлюлоза (каталаз-ақуыз, фермент)

5.Аденин, тимин, хлорофилл (хлорофилл-жасыл пигмент)
Биологиялық жұмбақтар шешу:
1.Ат басты,

Арқар мүйізді,

Бөрі кеуделі,

Бөкен санды (шегіртке) т.б

Осындай үнемі ауыспалы материалдар сынып бұрышында болады, ол да танымдықты тудырады.


Дельфиндер-табиғаттың өте бір қызық құпиясы



Дельфиндердің ақылдығы


Дельфин жайындағы жұмбақтар ғалымдардардың назарын ертеден аударуда. Зерттеулерге қарағанда, дельфиннің миы бізге белгілі жануарлар дүниесіндегі аңдардың миының бәрінен жақсы жетілген. Салмағы жағынан адам миымен шамалас, ал ми қыртысының дамуы, ондағы шым-шытырық тамырлардың саны және ішкі құрылысы жағынан адам миынан да асып түседі. Дельфин миында, қандай қызмет атқаратындығы түсініксіз, адамда жоқ нерв орталықтары бар екендігі байқалады.

Дельфиндар қолға тез үйренеді. Ғалымдар “ақылдық дәрежесін” салыстырмалы түрде зерттегенде дельфин-афалиннің “ақылдық дәрежесі” 190 балға жеткен. Бұл қасиет адамға ұқсас маймыл “ ақылдығынан” да асып түскен. Адам тәрізді маймыл “ақылдығы” 150 балл.

Дельфиндер өз ара “сөйлесіп”, адам сөзіне де еліктейді. Әсіресе лабораториядағы адамдардың істеген жұмысына қызыға қарап, бақылайтындығы таңырқатады. Ол өзінің гидролокациялық аппаратымен 3 км жердегі балықтардың түрін 98-100 % -ке дейін дәл ажырата алады.

Дельфиндер-адамның теңіздегі сенімді көмекшісінің бірі.


1.Бактерияның вирусы ... (бактериофаг)

2.Түссіз пластид .... (лейкопласт)

3.Жасушаның органикалық заттар ірі молекулаларын сіңіру процесі....(фагоцитоз)

4.Құрамында центриольдар бар органоид .... (жасуша орталығы)

5.Катаболизмнің синонимі ....(диссимиляция, энергиялық алмасу)

6. «Фермент» терминін түсіндір.... (биокатализатор)

7.Рибосомадағы ақуыз синтезі ...(трансляция)

8.Крахмалдың мономері.....(глюкоза)

9.Ақуыз жинақталатын органоид.....(рибосома)

10.Ядросыз бір жасушалы ағзалар....(прокариоттар)

А .тобы


1.Столбняк таяқшасы 6.Бұғымүк

2.Пеницилл 7.Стрептококк

3.Ағашқұлақ 8.Гепатит вирусы

4.Холера вибрионы 9.Диатомды балдырлар

5.Спирогира 10.амеба

А. (ст. таяқшасы, холера вибрионы, стрепококк)

№1 есеп

ДНҚ молекуланың фрагменті 268 нуклеотидтерден тұрады. Осы фрагменттің ұзындығын табыңыздар. Шешуі:



1.Нуклеотидтердің ұзындығы 0,34 нм, ДНҚ молекула фрагментінің ұзындығын анықтаймыз 268*0,34═101,14 (нм)

№2 есеп


ДНҚ молекуланың үлескісі 3680 нуклеоитдтен тұрады. Үлескінің ұзындығын табыңыздар (6256 нм)


Қорытынды
Танымдық әрекеттерді белсендіру жұмыстары осындай нәтижелерге келтіреді:

-танымдық әрекеттері белсенді болады;

-пәнге деген қызуғышылықтары дамиды;

-шығармашылық ойлау әрекеттері қалыптасады;

-құзыреттілік қабілеттері дамиды;

-зерттеуге арналған жұмыстары орындалады;

-алған білімдерін өз өмірінде қолданады;

-қосымша әдебиетпен жұмыс істейді


Сонымен, танымдық әрекеттерін ынталандыру үшін нашар оқитын оқушылармен бірге жұмыс істеу керек, оларды оқуға итермелеу керек.

1.Танымдық әрекетке оқушыларды жетелегенде ғана нәтиже болады

2.Оқыту барысында жақсы үлгеретін оқушыларды ғана емес, сонымен бірге орташа және нашар оқитындармен жұмыс істеу керек.

3.Оқыту процесінде осындай әдіс-тәсілдерді қолданғанда оқушылардың ой-өрістері кеңейіп, пәнді тереңдетіп оқуға жол ашады.

4.Оқушы осы пәннің өз болашақ өмірінде керек пе екенің сезіну керек.

Бірақта осы идеяны орындау мұғалімге қиындық туғызады. Неге? Қазіргі заманда не көп? Әрине ақпарат көп! Әр мұғалім өз пәнін бірінші орынға қояды, әр қайсысы бір оқушыны жан-жаққа тартып, «ғалым» қылып шығарғысы келеді. Бірақта адамның физиологиялық процесіне байланысты есте сақтау қабілеті әр түрлі.

ХХ ғасырдың екінші жартысында Кибернетика ақпараттық әлемде екі көтеріліс жасады:

1.адамзатқа радио мен телевидение арқылы ақпарат көшкінін ұсынды

2. компьютерлік ғасырды ашты және Жердегі барлық адамзатты «ақпараттық тайфунмен» жапты

3.Негізгі мектептегі оқу уақытында балалар тек математика бойынша ғана есте сақтауы қажет:

- 270 түсінік,
- 137 анықтама,
- 154 ережелер, нышандар, формулалар, диаграммалар, аксиомалар, белгілер,
- 82 математикалық есептер типі,
- 89 теорема (және 45 дәлелдемелер),
- ол үшін олар шамамен 8544 есеп шығару керек
- Мұғалімдер кейбір пәндер бойынша бір сабақ ішінде 18 (!) түсінікті есте сақтайды деп пайымдайды...

Сонымен бірге әр оқушының қолында ұялы телефондар, көпшілігінде компьютер бар, интернет-ресурстарды қолдануға мүмкіншілік бар. Бірақта оқушылардың қызығушылықтары басқада, яғни телефонда. Сондықтан әр ата-ана, мұғалімдер дұрыс түсіндіріп, оның болашағына қажеттілігін көрсету керек, бұл ата-ананың бақылауына, қадағалауына және мұғалімнің шеберлігіне байланысты

Қолданылған әдебиеттер:

1.Выдрина М.К. Активизация познавательной деятельности учащихся на уроке

2.Н.А.Лозовая Лабораторные работы и познавательные задачи по биологии Алмата «Мектеп» 1986

3. Щукина Г.И. Проблема познавательного интереса в педагогике 1971.

4.С.С.Молис С.А. Молис Активные формы и методы обучения биологии Москва «просвещение» 1988

5. Биология және салауаттылық негізі (журналдар)

6 интернет-ресурстар

Алматы облысы
Қаратал ауданы
Қызықты химия мен биология
Шағын тапсырмалар жинағы

Құрастырған:Иманбаева Жанель Бахытжановна МДШОБ Кәлпе орта мектебінің химия биология пәндерінің мұғалімі


2014-2015 оқу жылы

Химия
1.Д.И.Менделеевтің кестесінде латын тілінін қай әріпі кездеспейді?
Жауабы:J
2.Бұрынғы заманда бір ағылышын ғалымы өз қанында бір химиялық элементтін бар екенін анықтап сүйіктісіне сол элементтен жүзік жасамақшы болып қан кетуден қайтыс болады, ол қандай элемент?
Жауабы: темір
3.Неліктен темір мен марганец рудалары кен орындарында ғана емес көптеген батпақтар мен көлдердің түбінде кездеседі?
Жауабы: темір мен магнийдің ондай жерлерде кездесуі бактериялардың арқасында олар осы элементтерді сіңірің су түбіне шөгеді.
4. Қазіргі кезде химиялық өндіріс саласы ауыл шаруашылығындағы насекомдармен күресетін көптеген химикаттар ойлап табуда неліктен олардың көзін түпкілікті жойып жіберетін препараттар жасамасқа және қандай насекомдарды құртып жіберуге болады?
Жауабы:Барлық ауылшаруашылығына зиян келтіретін насекомдарды жойып жіберуге болмайды ,себебі табиғаттағы қоректік тізбек бұзылады тек қана «қолға үйректілген » бит, бүрге тарқан т.б зиянкестерде түпкілікті жоюға болады.
5.Колумбияда бір аумақта насекомдармен күрес шараларында өте уытты химикаттар пайдаланыпты, нәтижесінде сол маңдағы өзендердің барлығында ақсерке балығы жоқ болып кетіпті, неліктен?
Жауабы: Уытты химикаттар балықтар оның ішінде ақсеркелер қоректенетін омыртқасыздарды да жойып жіберген.

БИОЛОГИЯ
1.Өзенде әр түрлі алуан систематикалық топтарға жататын тірі ағзадар өмір сүреді.Неліктен қандай да оптималды жағдайлар болса да олардың санының шегі болады?


Жауабы:Биоценоз тұрақты болған жағдайда әр ағзаның сан ауытқуы болмайды , егерде бір ағзалардың саны шектен тыс көбейіп кетсе,онда бұл экожүйенің тұрақтылығының бұзылуы.
2.Табиғатта маңызды экожүйелердің бірі агроценоздар болып табылады. Агроценоздың өзін-өзі тұрақтандыру қасиеті бар ма?
Жауабы:Жоқ, себебі агроценоздың жүйесін адам басқарып реттеп отырады.
3.Не себепті жаңа саябақтарда құстар, ескі саябақтарға қарағанда сирек кездеседі?
Жауабы:Себебі ескі саябақтардың ағаштарында құс ұялары көп, ағаш діңдері қалың ол жерде сан алуан құрт-құмырсқалар мекендейді ,онымен қоса жасыл жапырақтары да қалың болғандықтан.
4.Шабылған ормандардың орнында күн сәулесі мол түссе де неге батпақтану процесі қарқын жүреді?
Жауабы: Шабылған орманнның орныныда биологиялық процес нәтижесінде мүктер қарқынды түрде көбейеді соның арқасында батпақтану прцесі жүреді.
5.Неге қалалы жерлерде қыналар өспейді?
Жауабы: Себебі қынаға ең керекті жағдай оттекке бай таза ауа, олар ауа индикаторлры болып саналады.
6.Мұхиттің үстіңгі қабатында күміс түсті балықтар жүзеді,200-400 м тереңдікте қызыл балықтар жүзеді, ал одан тереңіректе қара және көкшіл түсті балықтар жүзеді,ал су түбіндегі балықтар мүлде түссіз болады не себепті, түсіндір.
Жауабы: Себебеі судың қабаттарына күн сәулесі нің түсуіне байланыстыі,су бетіндегі балықтар күнмен шағылылысып күміс түске боялған, 200-400 м тереңдіктегі балықтар қызыл-қоңыр балдырларға ұқсас қызыл түске боялған,ал су түбінде мекендейтін балықтардың түске боялудың еш биологиялық маңызы болмағандықтан олар түссіз болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:



Демьянков Е.Н. Биология в вопросах и ответах. М. «Просвещение». 1999ж.
Лернер Г.И. Общая биология. Подготовка к ЕГЭ. 10-11 классы. М.Эксмо,2009ж.
Агафонова И.Б., Сивоглазов В.И. Биология. Общая биология. Базовый уровень. 11 класс. Серия «Навигатор». М. «Дрофа» 2011ж.
Мовчан В.Н. Экология человека. Изд. С-Петербургского университета. 2006ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет