Институттың негізгі міндеті Қазақстан Республикасы үшін жоғары дәрежелі ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындау



бет2/2
Дата29.03.2018
өлшемі228,98 Kb.
#39735
1   2

Халықаралық қатынастар
Институт ұстаздары ұзақ жылдар әртүрлі халықаралық ғылыми орталықтарымен тығыз байланыста. Олар: Базистік зерттеу орталығы (Майами, Флорида, АҚШ); Біріккен ядролық зерттеу институты (ОИЯИ, Дубна); ЦЕРН (Женева, Швейцария); Жапондық қолданбалы физика институты (Токио); Кореялық алдыңғы сатылы білім институты (KIАS, Южная Корея); РҒА-ның П.Н. Лебедев атындағы физика институты (Москва) және т.б. Институт профессор оқытушыларының ғылыми зерттеу жұмыстары республикалық және алыс, жақын шет елдерде өткен әртүрлі халықаралық конференцияларда баяндалып, қолдау тауып отыр (Канада, Франция, Польша, Жапония, Румыния, Германия, Ресей, Қаазақстан).
Студенттік өмір

Университеттің және институттың қоғамдық жұмыстарына студенттер түгелдей ат салысады. Жылда өткізілетін студенттердің ғылыми конференцияларына қатысып, жүлделі орындарда көрінеді. Стденттер республикалық өнер сайыстарында, спорт жарыстарында, «Көңілді тапқыштар» клубында өнер көрсетеді.

Студенттердің академиялық мобилділігін арттыру барысында студенттердің бір академиялық ауқымдықта Қазақстан Республикасының және шет елдердің ЖОО-да білім алуға мүмкіндіктері бар.

Материалдық-техникалық базасы
Математика, физика және информатика институты бөлек оқу корпусында оқиды, онда қазіргі оқуға арналып жабдықталған оқу бөлмелері, ғылыми зертханалар, лекция оқитын дәріс аудиториялары бар. Олар интерактивті тақталармен, мультимедиялық проекторлармен жабдықталған.

Институттың кітапханасында 1,5 миллионға жуық кітап қоры бар, оған қоса интернет- сыныбы жұмыс істейді. Сонымен қатар, студенттердің жан- жақты білім алу үшін интернет жүйесіне қосылған 10 компьютерлік сынып студенттерге қажетті қызмет көрсетуге арналған.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет