Инструкция по организации образовательного процесса в учебных кабинетах школы астана 2015


Оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты жекелеген оқу кабинеттеріне



Pdf көрінісі
бет4/42
Дата07.02.2022
өлшемі0,85 Mb.
#90426
түріИнструкция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
62298, 62298, ТП каз (2), 12-14, байланыстыра, Титулки-Тесты, Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары, Отбасы және қазіргі заман, Смайлы А3, Смайлы А3, Смайлики Кері байланыс, шапка ктп, 12 101945 1 90173, силлабус ҚМТҚ Жәниет Н.Б.
Оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты жекелеген оқу кабинеттеріне 
ерекше талаптар қойылады.
2.6 
Бастауыш сыныптарға арналған оқу кабинеті
– жиһаздармен, 
оқытудың техникалық құралдарымен, оқу құралдарымен, көрнекіліктермен 
жабдықталған, оқушылардың физиологиялық дамуына, оқу-танымдық, зерттеу, 
жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыруға, шығармашылық ойлау қабілетін 
дамытуға, оқу үдерісінің тиімділігін және нәтижелілігін арттыруға қолайлы 
жағдай туғызатын мектептің оқу бөлмесі.
2.6.1 Бастауыш сынып кабинетінің ақпараттық аймағына
 
интерактивті 
тақта, экран, компьютер кіреді.
2.6.2 Әртүрлі хабарландырулар, көрнекі құралдарды жапсыру үшін (үшкір 
заттармен жапсыра салуға ыңғайлы) табиғи немесе жасанды кеуекті заттан 
жасалған тақталар қолдану ұсынылады.
2.6.3 Алдыңғы қабырғаға бейнефильмдерді немесе сюжетті көріністерді 
көрсету үшін кронштейнмен бекітілген экран (сыныпта интерактивті тақта 
болмаған жағдайда) орнатылады.
2.6.4 Ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға арналған 
әмбебап интерактивтік жүйе – интерактивті тақта ілінеді. Кешен екі режимде: 
тышқан және аннотация режимі арқылы жұмыс істейді. Бірінші жағдайда тақта 
тышқан арқылы басқарылып, қолданушының іс-әрекетін операциялық жүйеге 
жеткізеді, екінші жағдайда маркер тікелей қалам ретінде, яғни жазу немесе 
сурет салу үшін қолданылады. Мұндай жағдайда графикалық редакторды қажет 
етпей, экран бетінде сурет салуға болады.


11 
2.6.5 Интерактивті тақтаның жылжымалы (дөңгелекті) болғаны дұрыс.
2.6.6 Мұғалімге оның жұмыс істеуіне, оқу үдерісіне қажетті құралдар мен 
қосымша дидактикалық материалдарды орналастыруына ыңғайлы, компьютер 
қоюға арналған бөлімі бар, кітап-қағаздар салатын қосымша суырмалармен 
жабдықталған үстел мен орындық/кресло қойылады.
2.6.7 Оқыту үдерісінде оқушылардың оқу-танымдық, зерттеу, жобалау 
әрекеттерін ұйымдастыруға, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға, оқу 
үдерісінің тиімділігін арттыруға қолайлы жағдай жасау және сабақ уақытын 
тиімді пайдалану үшін мұғалім толық жабдықталған жеке компьютермен 
қамтамасыз етілуі керек. 
 
2.6.8 Оқушыларға бір орынды немесе екі орынды үстелдер қойылады.
2.6.9 Үстелдер мен орындықтардың негiзгi өлшемдерi мен таңбалары 
Санитарлық қағидалардың 5-қосымшасында белгіленген (1-кесте).
1-кесте – Оқушыларға арналған үстелдер мен орындықтардың өлшемдерi мен 
таңбалары 
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет