Interconnected networks (байланысқан жүйелер) терминінен шыққан, яғни техникалық көзқараспен бұл кіші және ірі желілер бірлестіктері


Казахстандық және шетелдік интернет ресурстары



бет4/61
Дата09.03.2022
өлшемі0,84 Mb.
#134725
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
веб 2 апта
1610566481-мейрімділік
2.3 Казахстандық және шетелдік интернет ресурстары
http://www.elim.kz/ - заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, болашақ алыс күндерде ескі дәстүрлерді сақтауға болады. Кейін әлі өмірге келмеген сіздің ұрпақтарыңыз Интернетте өз бетін ашып, одан сіздің фотосуретіңізді көре алатын және сіздің кім болғаныңызды біле алатын болады. Кестеге атыңызды, өмірбаяныңызды жазып, өзіңіз бен ата-анаңызды, балаларыңызды жазып, Сіз өзіңіз өмір сүрген уақыт пен заманды таныстырасыз. 

1-сурет. Шежіре сайты.


http://www.eurasica.ru/ - сайт Еуразия тарихына арналған. Бұл тілдері, тері түстері және мәдениеті әртүрлі қалыптасқан көптеген халықтар мекен еткен үлкен өлке. Бірақ олардың тағдырларын соғыс кезеңдері, шапқыншылықтар, мәдени байланыстар және бейбіт одақтасулар жақындастырып, болашағы мен бүгінін айқындап берді.

2-сурет. Еуразия тарихына арналған сайт
http://www.madenimura.kz/ - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев бастамасымен құрастырылған «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарлама қазақ халқының мәдени мұрасын, бүгінгі ұлттық мәдениетін, фольклорын, салт-дәстүрін зерттеу жүйесін құрастыруды қамтиды; мәдени-тарихи және архитектуралық ескерткіштерді жаңғырту; көпғасырлық жазба және ұлттық әдебиеттің тәжірибесін жинақтау; мемлекеттік тілдегі дүниежүзілік ғылыми ой, мәдениет және әдебиеттің жетістіктерінің қоры арқылы гуманитарлық білімнің құнды қорын құрастыру мақсатында жұмыс істейді.

3-сурет. Мұрагерлік кітапханалар сайты.


http://ikitap.kz/ - Қазақстанның ашық кітапханасы, бүгінгі күнде қазақстандық және әлем авторларының 4 мыңнан артық шығармалары жиналған

4-сурет. Қазақстанның ашық кітапханасы сайты
http://adebiportal.kz/ -Әдеби портал– бұл казақстандық және шетел авторларының шығармаларының бірегей Интернет ресурсы. Мұнда қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілінде өткен ғасырлар мен қатар қазіргі заман шығармалары да топтастырылған. Оқуға қолайлы болу үшін Порталдың өз ридері, pdf және epub көлемінде электронды кітаптарды оқу жүйесі бар.



5-сурет. Әдебиеттер порталы сайты


http://www.abay.nabrk.kz/ - сайт ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевқа арналған.

6-сурет. Ұлы Абай Құнанбаевқа арналған сайт порталы


http://e-history.kz/ru - «Қазақстан тарихы» соңғы зерттемелер негізінде құрылған ақпараттық-білімдік портал. Бұл портал жаңа технологиялар мен эксклюзивті ақпараттың бірегей үйлесуі болып табылады. «Қазақстан тарихы», «Тарихи білім», «Тұңғыш Президент», «Халық тарих толқынында», «Есімнама», «Электронды мұрағат» және басқа бөлімдер бар. Ақпарат әртүрлі көлемде – жай мәтін, PDF, ақпараттық кесте, интерактивті ойындар, фотосуреттер, видео и аудио түрінде берілген. Порталдың үстемдігі деп көптілділігін айтуға болады: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.



7-Сурет. Қазақстан тарихы сайты


http://kz-en.ru/ - бұдан қазақ тілін – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін және ағылшын –халықаралық қарым-қатынас тілін үйрену үшін көптеген материалдар ала аласыз. Ұлт пен мекен еткен еліңізге қарамастан, бүкіл дүниежүзіне танылған озық әдістемелерді пайдалану арқылы осы тілдерді үйренемін дегендердің барлығын бұл сайт қызықтырары сөзсіз. Бұдан басқа сайтта қазақ тілінде бүкіл Интернет жүйесінен жинақталған қызықты материалдар бар: мақал-мәтелдер, құттықтаулар, өлеңдер, жұмбақтар, ертегілер, мультфильмдер және т.б. Үнемі толықтырылып отырады.


8-сурет. Шет емлекет халқына арналған қазақ тілін үйрену сайты
http://catalog.kazakh.ru - қазақстандық газет және журналдардың толық каталогы.

9-сурет. Газет журналдар каталогы
www.kazneb.kz - «Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасы». Барлық кітаптар мен құжаттардың электронды көшірмелері Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымынан № 6-I «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңына сәйкес орналастырылған. Порталда тіркелмей-ақ оқуға қол жеткізуге болады.

10-сурет. Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет