Iqyz аслан Oрақбаев айқызым 145 мазмұНЫ



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата25.04.2023
өлшемі1,05 Mb.
#175385
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
IQYZ x ASLAN Orakbayev 2023
Мек 213, MEK215 Минор, M9EWIY7
Жанашыр ағаның
насихаты
Кез келген жанашыр әке қызына былай деп насихат айтар 
еді: «Егер еркектер қасқыр, ал әйелдер олардың олжасы 
екенін білсең, сен де қасқырды көрген қой секілді қашар 
едің. Егер еркектердің ұры тәріздес екенін білсең, онда сен 
де ұрыдан қорыққан сараң бай секілді одан сақтанушы едің.
Бірақ, қасқырға қойдың еті ғана қажет болса, еркекке 
сенен әлдеқайда артық нәрсе керек. Ал, оның саған жасайтын 
зұлымдығы қойдың өлімінен де жаман. Ол сендегі ең бағалы 
нәрсені алып кетпек. Ол – кез-келген әйелді асқақтататын, 
оның абыройын биіктететін, адамдығының негізі болып 
саналатын сенің пәктігің. Еркектің қыздың пәктігін құртуы – 
қасқыр шапқан қойдың өлімінен жүз есе бетер.
Қыз балаға қарап тұрып, оның жалаңаш күйін елестете 
көзімен шешіндірмейтін еркектер жоқтың қасы. Ешқашан 
еркектерді жақсы ниетпен араласады деп сеніп, жақын 
досыңдай көріп, саған тек пейілің мен тәрбиең керек дегеніне 
сенбеу керек. Бұның бәрі жалған.
Егер сен жас жігіттердің өзара әңгімесін естісең, зәрең 
ұшар еді. Олардың жанарындағы кез-келген күлкі және саған 
айтқан жылы сөздері, саған көрсеткен кез-келген қызметі, 
басқа емес - қалауына жетудің әзірлігі немесе өздері де соны 
түсінбестен, соған қарай қадам басуы.


5
Бірақ, одан кейін не болмақ? Қызым менің, ойланып көрші. 
Өткінші ләззаттан кейін ол жай ғана сені ұмытып кетеді. Ал, 
сен жападан жалғыз бармақ тістеп қаласың.
Аз уақыт өткен соң, ол әдеттегі мақсатымен басқа жеңілтек 
қызды іздеп кетеді. Одан соң барлық қиындық саған қалады: 
жүктіліктің ауыр кезеңдері, жандүниеңнің мазасыздығы мен 
төгілген арың...
Әділетсіз қоғам еркекті «жас жігіт қателесті, қатесін 
түсінді» деп кешіреді. Ал сені ақтамайды. Сен болсаң бар 
өміріңді осы басылған таңбамен, масқарамен өткізесің.
Егер сен алғашқы кездесуде-ақ өзіңнің қаталдығыңды 
көрсете одан жанарыңды алып, парасаттылығыңды 
көрсетсең, онда ол сен қойған барьерден өте алмас еді. Егер 
де сенің қарсылығыңа қарамастан саған сөзімен немесе 
ісімен қол сұғатын болса, онда аяқ киіміңді шешіп, басынан 
ұр. Содан кейін қасыңнан өткен әрбір адам сені қорғап, 
сенің жағыңа шыққанын көресің. Осылай істер болсаң ешбір 
бұзақының саған арамдық жасауға батылы бармайды, ал 
егер ол әділ, игі жан болса, онда өкініп, сенің қолыңды рұқсат 
етілген жолмен сұрауға келер еді».
Бұл сөздерді аялап өсіріп отырған қызына, мәпелеп бағып 
отырған гүліне жанашырлықпен кез келген әкенің немесе аға 
айтуы керек. Өкінішке орай, ер-азаматтарымыз осы секілді 
насихаттарды айтса да, оны шектен шыққан қаталдықпен 
жеткізуде

Ардақты әке, айналайын ағатай! Егер қызың немесе 
қарындасың сендерден жылу мен мейірім, махаббат 
көрмейтін болса, сырттан іздейтініне мен кепіл боламын. 
Сол үшін қатал ұстаймын деп» нәзік гүлдің сабағын өз 
қолдарыңызбен сындырып алудан сақ болыңыз! Қызыңыз 
бен қарындасыңыздан жылуыңыз бен махаббатыңызды 
аямаңыз. Сенің қызың, сенің қарындасың нәзік құмыра 


6
секілді. Егер оны қатты ұстасаң, сындырып алуың ықтимал. 
Оны аяла! Оған жұмсақ бол!
АйҚызым! Әкеңнің батып айта алмаған, ағаңның белгілі 
бір себептермен ашылып ескерте алмаған мәселелерін 
қозғағалы отырмын. Ендеше, құлақ түр!
Қоғамдағы орнына, байлығына, атағына, құрметіне 
қарамастан ешбір әйел өзінің ошағын құрметтеуші, сақтаушы 
игі жар болып, тұрмыс құрмай өзінің аңсаған арманына 
жете алмайды. Бұнда барлық әйелдер тең: депутат, бастық, 
танымал голливуд жұлдыздары және қыздарды адастыратын 
көптеген «қастерлеушілер». 
Ескіден қалған екі ересек әйелдің өмірін білемін. Олар 
шын мәнінде тәрбиелі, өте бай және атақты болды, бірақ 
олар тұрмысқа шыға алмады. Өмірінің соңында екі әйел де 
естерінен алжасты...
Неке - бұл қыздың ең үлкен қалауы, тіпті, ол парламенттің 
мүшесі немесе билік иесі болса да. Бұл ретте күнәһар, 
бұзылған, яғни жеңіл жүрістегі әйелге ешкім үйленгісі 
келмейді. Кейде пәк қызды үйленуге уәде беріп, басын 
айналдыратын еркек те болады. Егер ол оған күнә іс істеуге 
қарсылық танытпайтын болса, онда қалағанын алғаннан 
кейін оны тастап кетеді де, өзіне жар етіп басқа пәк қызды 
алады. Себебі ол үйінің иесі және қыздарының анасы азғын 
әйел болғанын қаламайды.
Қолында ойыншық қылып, сұп-сұлу ажарлы әйел баласын 
табанының астында жарқыратып ұстамақшы болатын, 
«ләззат базарынан» тауарды көзін жұмып таңдап, өзінің бір 
сәттік құмарын қандыратын ақымақ күнәһар, азғын еркек 
сонда да өзін сақтаған, ары таза, абыройлы қызға үйленгісі 
келеді.
Отбасы құруға деген сұраныстың азаюы сіздер, қыздарға 
байланысты екені анық. Егер араларыңызда жеңіл ойлы 


7
қыздар болмағанда, неке институты бұрынғыша өзекті болар 
еді және «ләззат базарындағы» сауда кең тарамас еді...
Неге ізгі ниетті қыздар бұл мәселемен күреспейді? 
Әлде сіздер де үміт үздіңіздер ме? Еркектерге қарағанда, 
сіздер бұл іспен айналысуға лайықсыздар ғой. Сондай-ақ, 
жақсы нәтижелерге қол жеткізе аласыздар, себебі сіздер 
әйелдердің тілін жақсы түсінесіздер және қажетті дүниені 
қалай түсіндіруді білесіздер.
Бүгінгі күні әрбір қыз бала өзіне жар таба алмай жүр, 
себебі жас жігіттерде дос қыздарының арасында нәпсісінің 
қажеттіліктерін өтеп, әйелдің орнын баса алатындары бар. 
Барлық елде осындай жағдай орын алуда деп ойлаймын...
Білімді қыздардың басын қосыңыз, үйретіңіз, адасқан 
әпкелеріңізді дұрыс өмір салтына шақыру, сондай-ақ 
Құдайдың жазасын алу қаупін түсіндіру мақсатында ислам 
жолында жүрген жандардан өзіңіз де сол нәрсеге әдеттеніңіз. 
Егер олар күнә жасаудан қорықпаса, онда оларға бұл некесіз 
қатынас кесірінен туатын аурулар жайында айтып беріңіз. 
Егер ол да әсер етпесе болашағы туралы айтыңыз: 
«Бүгін 
сіз жассыз, әдемісіз, сол себепті сізге ер адамдар назарын 
аударып, көз салады, бірақ бұның бәрі мәңгі ме? Әлде сіз 
жастық пен сұлулықтың келмеске кететінін білмейсіз бе? 
Сізге де қарттық келіп, омыртқаңыз қайысып, бетіңізге әжім 
түскенде не болады? Ол кезде кімге керек боласыз?! Сізге кім 
қызығатын болады?! Сіз егде жастағы әйелге тек балалары 
мен немерелері ғана қамқорлық танытып, құрмет пен күтім 
жасайтынын білесіз, ал ол болса, ер тарапынан махаббат 
пен қамқорлыққа ерекше мұқтаж болады. Сіздер, өздеріңіз 
де алдарыңызда не күтіп тұрғанын жақсы түсінесіздер ғой!»


8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет