Қираған ғимараттар, үймереттердің үйінділеріндегі өрттерді сөндіру


Пайдалану үрдісі кезінде ғимараттар мен үймереттердің жағдайын техникалық қадағалау



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі101,83 Kb.
#93937
1   2   3   4   5
Байланысты:
Документ тапсырма 1
Документ тапсырма 1

Пайдалану үрдісі кезінде ғимараттар мен үймереттердің жағдайын техникалық қадағалау


17. Құрылыс құрылымдарының, ауыр жүк көтеретін крандардың металл құрылымдарының, ғимараттар мен үймереттердің инженерлік жабдықтарының жағдайына техникалық қадағалауына жатады:
- негізгі құрылымдарды ағымдық тексерулер;
- жалпы мерзімдік тексерулер;
- кезектен тыс тексерулер;
- мамандандырылған тексерулер;
- кезектен тыс тексерулер, олар табиғи апаттан кейін (өрттер, дауылдар, жарылыстар, жауын-шашын және қардың көп болуы, сейсмикалық алаңдарда жердің сілкіңуі және т.с.с.) арнайы комиссия арқылы өтеді;
- құрылыс құрылымдарын техникалық қадағалау және бақылау.
18. Құрылымдарды ағымдық, жалпы, мерзімді және кезектен тыс тексеруді жүргізу мерзімі және орындау тәртібін, тұрақты ұзақ бақылауды өткізу тәртібін нормативтік құжаттар белгілейді ҚР ЕР 1.04-22-2010 «Тұрғын қорды техникалық пайдалану және ұстау», ҚР ҚН 1.04-26-2011 «Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта, күрделі және ағымды жөндеу».
19. Ғимараттар мен үймереттер жағдайын күнделікті жүйелік тексеру кезінде құрылыс құрылымдарындағы ақауларды, бұзылуларды тауып, оларды тез арада жөндеу мақсатында барлық құрылыс құрылымдарын жалпы тексеруден өткізу керек.
20. Өндірістік ғимараттар мен үймереттердің ағымдағы тексерулерін цехтағы қызметкерлер құрылыс құрылымдарын дұрыс пайдалануын бақылау мақсатында оң күнде бір рет өткізу керек.
Қатты агрессивті ортадағы және динамикалық жүк әсер ететін цехтарда барлық құрылыс құрылымдары мұқият тексерілулері тиіс.
Ауыр немесе өте ауыр жұмыс істейтін крандары бар ғимараттарда арқалықтар рельстерге дұрыс бекітілуін, кранасты құрылымдардың бекітілуін бөлшектеп тексеруден өткізу қажет.
21. Жалпы ағымдағы тексерулер мекеменің бас инженері бекіткен жоспар бойынша арнайы комиссиялар арқылы жылына екі рет өтуі тиіс – көктемде және күзде.
22. Көктемгі жалпы тексерулер қар етігенен кейін басталады, сол кезде ғимараттардың, үймереттердің барлық сыртқы бөліктері және ғимарат алаңы тексеруге дайын болады. Бұл жағдайда қыста бұзылған жерлер айқын көріне бастайды.
Көктемгі тексерулер кезінде терезелерді, жаққыштардың, қорғандардың, есіктердің және де басқа осындай тәрізді құрылғылар механизмінің дұрыс жұмыс істеуін тексеру қажет, сонымен бірге суағарлар, жауын-шашын жинаушылар, төбелердің жағдайы қаралуы керек.
Көктемгі тексерулер мәліметтеріне сәйкес алдын-ала ағымда жөндеу жұмыстарын қажет ететін ғимараттар мен үймерттер тандалып, оларға дереу орындайтын шаралар тізімі құралады.
23. Күзгі тексерулерді ғимараттар мен үймереттердің қысқа дайындығын тексеру үшін жүргізеді. Бұл уақытқа дейін барлық ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталуы тиіс.
24. Ғимараттар мен үймереттердің көктемгі және күзгі тексерулерінің күнтізбелік мерзімдері климаттық жағдайға байланысты орнатылады.
25. Өртке қарсы құрылғыларының жағдайы мен өртке қарсы шаралардың орындалуын күнделікті бақылаулармен, ағымдағы және жалпы тексерулер үрдісі кезінде қадағалау керек.
26. Ғимараттар мен үймереттерді кезектен тыс тексерулері апаттық жағдайдан кейін (жауын-шашын, дауылдарда, қардың көп болуында, су басқанда, өртте, жер сілкіңісі және т.б.) жүргізіледі, сонымен қатар цехтар мен бу өткізгіш, май өткізгіш, булы мазут өткізгіш жүйелерінде, және басқа да инженерлік коммуникациялық жүйелерде (жер төленің, тоннельдердің су басуында, төбелердің, ауа жүйелерінің, суағар құбырлары, қоршаулардың және т.б. бұзылуларында), әсіресе адам өміріне қауіп келтіретін аландарда жүргізілді.
27. Ғимараттар, үймереттер туралы барлық мәліметтер, яғни оның техникалық жағдайы, күнделікті және ағымдағы тексерулер, сонымен қатар ғимараттың қызмет көрсетудегі барлық жөндеу жұмыстары бойынша нәтижелер туралы мәліметтер пайдалану туралы куәлікте және техникалық журналда жазылуы тиіс.
Ғимараттың, үймереттің құрылыс куәлігі болмаған жағдайда, оны құру үшін арнайы ұйымды шақырған жөн.
28. Ғимаратты пайдалану, өрт және жарылғыш қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы мен құрылыс құрылғыларының істен шығуы сияқты адамдар мен құрылыс құрылғыларының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайлар анықталған кезде, пайдалану қызметінің жауапты тұлғасы дереу мекеменің басшысына анықталған бұзылулар немесе ақауларға шаралар қолдануды айтуы тиіс.
29. Ғимаратты пайдалану және жөндеу бөлімшесі цех басшысымен бірігіп, апаттық құрылғыларды уақытша күшейтіп, оларға тіреулер, қоршаулар қою сияқты шаралар қолдануы керек.
30. Ғимараттар мен үймереттердің көтеру құрылғыларынан көтеру қабілеттілігін төмендететін деформациялар табылса, онда оларды қайта қалпына келтіру жобалық сметтік құжаты бар құрылыс құрылғыларының жағдайы туралы Қорытынды алу және техникалық тексеру жүргізу үшін арнайы аттестаты бар сарапшыларды шақыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет