Сабақтың тақырыбы: Жауын-шашын. Суды қорғау



Дата24.05.2017
өлшемі56,48 Kb.
#16845
түріСабақ
Арысова Маншук Сайлауовна

№ 8 орта мектеп



Сабақтың тақырыбы: Жауын-шашын. Суды қорғау.

Сабақтың мақсаты: Жауын-шашынның пайда болуын түсіндіру, түрлерімен таныстыру.

Міндетттері: а) білімділік: Жауын-шашын және оның түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру; жауын-шашынның пайда болуы туралы түсіндіру.

ә) дамытушылық: Қосымша тапсырмалар,сөзжұмбақ орындату

арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын

молайту.


б) білімділігі: Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп,

табиғатқа деген қызығушылығын туғызу және оны

қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тесттік тапсырмалар.

Көрнекілігі: Слайд, суреттер. (тәжірибе құралдары)

Сабақың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Келген қонақтармен амандасу.

- Балалар, бүгін біздің сыныбымызға қонақтар келіп отыр. Қазақ халқымыз ежелден қонақжайлылығымен танылған, бізде өз қонақжайлылығымызды көрсетіп, қонақтарымызды жақсы қарсы алып, тамаша көңіл-күй сыйлайық.

ІІ. Жаңа сабақ. Ойға шабуыл.

-Оқушылар, өткен сабақта қандай тақырып өттік?

"Табиғаттағы су. Бұлт және тұман".

Сиқырлы сандық сұрақтары:

1.Табиғатта су қай жерлерде, қандай күйде кездеседі? (Жер шарының төрттен үш бөлігі, адам денесінің жартысынан көбі су құрайды. Өзен көлдер, мұхиттар, жауын-шашын.)

2.Жел дегеніміз не? (Жербетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы)

3.Күн сәулесі нені қыздырады? (ауа түссіз, мөлдір болғандықтан жер бетін қыздырады.)

4. Бұлт қалай құралады? (Жер бетінен жоғары көтерілгенде ауа салқындайды. Оның құрамындағы бу ұсақ су тамшыларына немесе мұз түйіршіктеріне айналады. Олар шоғырланып бұлт түзеді.)

5. Бұлттың түрлері? (Шарбы, будақ, қабат).

6. Табиғатта су өте көп мөлшерде қайда кездеседі? (өзен, көл, мұхит).



Тәжірибе көрсету. Қайнаған суды шыны ыдысқа құйып, үстіне салқын тәрелкемен жауып қоямыз. Сонда, су буланып, тәрелке бетіне су тамшылары түзіледі.

Жер бетінен көтерілген бу салқындап, су тамшыларына айналады. Су тамшылары бірігіп ауырлайды да, жерге жаңбыр болып жауады.

Құрлық беті қатты қызғанда жерден көтерілген су буы ауаның салқын қабаттарында бірітіндеп су тамшыларына, одан да салқын қабаттарына жеткенде қар-мұз қиыршықтарына айналады. Осының нәтижесінде бұршақ жауады.

Қыста үлкен биікиікте су тамшалары қатып, әуелі ине сияқты мұз түйіршіктерін түзеді. Олар бір-біріне жабысып, қар ұлпасына айналады. Қар кристалдары әр түрлі, қайталанбайтын болып келеді.



Жаңбыр, қар, бұйршақ - жауын-шашынның түрлері.

Сергіту сәті.

Енді сендерге жұмбақ жасырайын.

Етек жеңі жиналмай,

Дауыл тұрса дым қалмай,

Түйдектеліп көшеді,

Тоз- тоз болып өшеді

(Бұлт)

Жарқ-жұрқ етіп қанжары



Көк теңізді осады.

Жалт-жұлт етіп жон жалы

Арыстан даусын қосады.

(Найзағай)

Дауыл ақ дән ұшырып,

Шашып өтті аспаннан.

Шекемізді ісіріп,

Қаштық үйге сасқаннан

(Бұршақ)

Әжемнің қара түбітін

Жел ұшырды күні-түн.

(Бұлт)


Көктен жетеді,

Шөпке сүңгіп кетеді.

(Жаңбыр)
Құрлық бетіне түскен жаңбырдың біразы сіңіп, жер асты суларын құрайды. жиналған су енді еңіс жаққа қарай жылжып, өзен жағасында, сай табанында бұлақ түрінде ағып шығады. Бұлақ ылдиға қарай бір ізбен ағады. Оны жылға дейді. Жылғалар өзенге айналады. Өзеннің ағып шығатын жерін бастау дейді. Өзен ойысты бойлап ағады. Оны арна дейді. Жолда келіп қосылған ұсақ өзендерді саласы дейді. Көлге, теңізге қосылатын жерін сағасы дейді.

Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды.

Судың ластануы туралы айтып өту.

Әр топ "судың ластануы" туралы сурет салу.

Өз ойларын ортаға салу: "Өскенде суды қорғау үшін қандай шаралар атқарар едің?"

Бекіту.

Тест тапсырмаларын орындау.

Сұрақтары:

1. Судың 3 күйі...

а) мөлдір, сұйық, түссіз

ә) сұйық, қатты, газ тәрізді

б) ерігіш, қатты, жылы

в) газдалған, мөлдір, сұйық.
2. Жаңбыр, қар, бұршақ - бұл...

а) жер асты сулары

ә) бұлт түрлері

б)тұман түрлері

в) жауын-шашын түрлері
3. Өзеннің көлге, теңізге барып құятын жерін не деп атайды?

а) сағасы

ә) бұлақ

б) бастау

в) арна
4. Ұзаққа созылған ақ жауын жауатын бұлт түрі:

а) будақ бұлт

ә) қабат бұлт

б) шарбы бұлт

в) тұман
5. Жер шарының қанша бөлігін су алып жатыр?

а) бөлігін

ә) бөлігін

б) бөлігін


в) бөлігін
6. Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын не деп атайды?

а) ауа райы

ә) су

б) жел


в) ауа
7. Ауаның қасиеті:

а) ауыр


ә) мөлдір және түссіз

б) сұйық


в) қатты
4 сурет, 1 сөз ойыны:
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет