Ырғақ – балалардың қабылдауын қозғалыс-қимыл арқылы белсендіретін сазды-педагогикалық тәртіп. Төменгі мектеп жасындағы балалар



бет1/3
Дата29.11.2022
өлшемі172 Kb.
#160293
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
4 Klassicheskij tanecz - kopiya 1

Түсінік хат
Би өнерімен айналысу оқушылардың жалпы денсаулығына жақсы әсер етеді. Нақты жеңіл қозғалыспен дұрыс жүріп тұруына, иілгіштік қабілетінің артуына, ауамен дұрыс демалуына, музыканың екпінін, буын ырғағын, мазмұнын ажырата білуге көмектеседі. Төменгі сынып оқушылары арнаулы қондырғысыз - ақ залдың ортасында бимен айналысуына болады. Ол үшін ойын түрінде берілетін нақты қимыл қозғалыс жаттығуларына көбірек көңіл бөлуі қажет. Олар қимыл қозғалыспен музыканы үйлестіру шеберлігін дамытадыБарлық бастауыш сынып мұғалімдері мен педагогтарына баланың қозғалыс-қимылының, ағзасының дамуы үшін дене тәрбиесі пәнінің рөлінің ерекше орын алатыны белгілі. Олай болса біздің мектебімізде дене тәрбиесі сабағынан басқа – ырғақ жаттығулары үйірмесі қосымша жүргізіледі.
Ырғақ – балалардың қабылдауын қозғалыс-қимыл арқылы белсендіретін сазды-педагогикалық тәртіп.
Төменгі мектеп жасындағы балалар үшін жүгіру, билеу, секіру, жалпы ойын түрлері маңызды орын алады. Сондықтан балалар бұл сабаққа қызыға қатысады. Ол үшін әр сабақты түрлендіріп өткізу мұғалімнен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді.
Сабақ саны – 68. Ол үш бөлімнен тұрады: аэробика (10-15 минутке есептеледі), хореографиялық бөлім және еркін қимыл қозғалыстары, ол қазіргі әуендермен орындалады.
Аэробика – арнайы әуен ырғағымен орындалатын жаттығу түрлері.
Сабақтың негізгі бөлігі – хореография, мұнда балалар халық билерінде кездесетін негізгі қимыл-әрекеттерді үйреніп қана қоймай, пластикалық қозғалыстарға жаттығады.
Сабақтың соңында балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында әр түрлі әуендерге 10 минут еркін ырғақта билейді.
Ырғақты жаттығулардың мақсаты - әуен ырғағына ере отырып, өз денелерін еркін қозғалысқа енгізе отрып, жеңіл және күрделі қимылдарды өздегінен орындай алуға машықтандыру.
Бұл мақсатқа жету үшін төмендегі жаттығуларды қолдану қажет:

  • Есте сақтау,ұқыптылық және қоғамдық ортадағы дамуына;

  • Қимыл-әрекетінің шапшаңдығына;

  • Негізгі іс-әрекетті игеруіне: жүру,жүгіру, секіру, жүрудің әр түрлеріне;

  • Дене ағзасын еркін ұстауына т.б.

Сонымен қатар бұл сабақтың балалар үшін маңыздылығы сол, баланың танымдық әрекетінің, сұлулық пен көркемдікті сүюіне өз ықпалын тигізеді.
Би — музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім-әсерлері би қимыл-қозғалыстары мен ишараларына негіз болған. Табиғат құбылыстарын, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл — бимен бейнелеу көне дәуірде өмір талабынан туды.
Би хореографиясы жинақы образдар арқылы болмысты бейнелеп, адамның ішкі жан дүниесін көрсетеді. Экономикалық, әлеуметтік, тарихи географиялық, т.б. факторлардың әсерімен де әр халықтың өзіне ғана тән би дәстүрлері, өзіндік хореография тілі, пластикалық бейнелілігі, қимыл-әрекетті музыкамен байланыстыру тәсілдері пайда болды.
Би — қазақтың халық фольклорының көне түрлерінің бірі. Ол туралы Қазақстан жерінде сақталған тастағы суреттер, тарихи деректер, орыс саяхатшылары, тарихшылары, ғалымдарының этнографиялық жазбалары сыр шертеді.
Би - музыка өнерімен сабақтас сабақтас халық өнерінің бір түрі. Қазақтың би өнері ерте заманнан бастау алып, күні бұгінге дейін жалғасып келеді. Би өнері халқымыздың салт - дәстүрі, тұрмыс - тіршілігіне байланысты туындаған. Қазақтың ежелгі би өнері жайлы ертегі, аңыз, дастандарда айтылады. Ертедегі қазақ билері киіз үйлердің ішінде биленетін болғандықтан, алуан түрлі қимылдармен қатар бет - әлпет құбылулары арқылы да бейнеленген.
Сондықтан балалар бұл үйірмеге қызыға қатысады. Ол үшін әр сабақты түрлендіріп өткізу мұғалімнен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет