Ис bestProfi



бет13/79
Дата06.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#76380
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   79

тәртібі

316. Тасымалдаушы жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының өтініші бойынша тасымалдау құжаттарында көрсетілген жүк алушыны және/немесе тағайындалған станцияны өзгерту арқылы тасымалданатын жүкті басқа мекенжайға жібере алады. Тасымалданатын жүкті басқа мекенжайға жіберу туралы өтінішті жүк жөнелтуші немесе жүк алушы тасымалдаушының атына жазбаша түрде (соның ішінде факс, телетайп және телеграф арқылы) беріледі.
Жүкті басқа мекенжайға жіберу туралы өтініште мыналар көрсетіледі:
вагонның немесе контейнердің нөмірі;
жүк құжатының нөмірі;
жүктің атауы;
жүк жөнелтушінің, станцияның және жөнелтуші темір жолдың атауы;
алғашқы жүк алушының атауы;
алғашқы тағайындалған станцияның және темір жолдың атауы;
жаңадан тағайындалған станцияның және темір жолдың атауы;
жаңа жүк алушының атауы.
Республикаішілік қатынаста басқа мекенжайға жібергенде жүкті қабылдағаны туралы түбіртек қоса тіркеледі, ал халықаралық қатынаста басқа мекенжайға жібергенде өтінішке жүк құжатыныдың телқұжаты тіркеледі.
317. Тасымалдаушы жүкті басқа мекенжайға жіберуді тағайындау станциясында немесе сапар барысында жүргізе алады.
Жөнелтілімнің бөлінуіне алып келетін тасымалдауға арналған шартты өзгерутге жол берілмейді.
Габаритсіз және ауыр салмақты жүктерді басқа мекенжайға жіберу темір жолдарда габаритсіз және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулықтың талаптары ескеріліп жүргізіледі.
318. Кедендік бақылауда тұрған жүкті басқа мекенжайға жіберу тиісті кеден органының келісімі бойынша жүргізіледі.
Салынған сәйкестендіру құралдарының тұтастығы сақталған жағдайда кеден органы тауардың жеткізу орнын өзгертуге рұқсат береді.
319. Тасымалдаушы:
жүк тиісті емес жүк алушының мекенжайына келген;
жүк алушы тасымалдау шартында көрсетілген жүкті алудан бас тартқан;
жүк алушы жүкті алу бойынша міндеттемелерін орындаудан жалтарған;
төрт тәулік (тез бұзылатын жүктерге қатысты - екі тәулік) ішінде Жүк жөнелтуші ден жүк жөнінде өкім болмаған;
тасымалдаушыға тәуелсіз себептер бойынша жүріс жолында вагондар мен контейнерлердің жүкпен кідіруі және жүктің одан әрі жүруі мүмкін болмаған жағдайларда, жүкті жүк жөнелтуші ге оның есебінен қайтарады.
320. Жүк жөнелтушіде немесе жүк алушыда тасымалдаушының МАЖ қол жеткізу мүмкін болған жағдайда қажет болғанда мекенжайын ауыстыру туралы өтініш қоса берілетін құжаттарымен электрондық түрде беріледі.
321. Заңды тұлғалар жүкті басқа мекенжайға жіберу туралы өтініштерді фирмалық бланкіде, егер фирмалық бланк болмаса - онда қойылған мөрімен (бар болған жағдайда) ұсынады. Жүкті басқа мекенжайға жіберу туралы өтінішке, өзге мекенжайға жіберуге өтініш білдірген ұйымның басшысы қол қояды және белгіленген тәртіппен расталады. Жеке тұлғалар жүкті басқа мекенжайға жіберу туралы өтінішінде төлқұжатының немесе жеке куәлігінің нөмірін, салық төлеушінің тіркелу нөмірін және тұратын мекенжайын көрсетеді.
Жүкті басқа мекенжайға жіберу жүк жөнелтуші немесе жүк алушы уәкілеттік берген тұлға оған осы жүкті басқа мекенжайға жіберуді ресімдеу құқығы берілгендігіне сенімхатты ұсынған жағдайда, тасымалдаушымен жүзеге асырылады. Жаңа тасымалдау құжаттары бойынша немесе алғашқы тасымалдау құжаттары бойынша жүкті басқа мекенжайға жіберу жүзеге асырылатын станцияда тасымалдаушының өкіліне берілген сенімхат тасымалдаушыда сақталады.
322. Жүкті басқа мекенжайға жіберуге арналған рұқсатты мұндай өзге мекенжайға жіберуді жүзеге асыру үшін станция бастығына жазбаша түрде жіберіледі.
Жол жүру барысында басқа мекенжайға жіберу кезінде жүкті өзге мекенжайға жіберуге арналған рұқсат басқа мекенжайға жіберу жүргізілетін станция бастығына, ал көшірмесі алғашқы тағайындалған станция бастығына жолданады. Басқа мекенжайға жіберілгендігі туралы оны жүзеге асырған станция алғашқы тағайындалған станцияға телеграф арқылы хабарлайды.
323. Жүктерді басқа мекенжайға жіберу былай жүргізіледі:
1) қосымша жол тізімдемесін ресімдеу арқылы ескі құжаттар бойынша – ТМД, Грузия, Латвия, Литва және Эстония темір жолдары станцияларынан Қазақстан Республикасының станцияларына тағайындалып (ХЖҚК құжаты) жүру кезінде басқа мекенжайға – ТМД, Грузия, Латвия, Литва және Эстония темір жолдарында орналасқан тағайындалған жаңа станцияға жіберу;
2) ХЖҚК-тің жаңа құжаттары бойынша - ішкі құжаттар бойынша ресімделген Қазақстан Республикасының станцияларынан Қазақстан Республикасының станцияларына тағайындалып жүру кезінде басқа адреске – ТМД, Грузия, Латвия, Литва және Эстония темір жолдарында орналасқан тағайындалған жаңа станцияға жіберу;
3) ХЖҚК-тің ескі құжаттары бойынша - ТМД, Грузия, Латвия, Литва және Эстония темір жолдары станцияларынан Қазақстан Республикасының станцияларына тағайындалып жүру кезінде басқа адреске - Қазақстан Республикасында тағайындалған жаңа станцияға жіберу;
4) жаңа құжаттары бойынша - Қазақстан Республикасының станцияларынан және станцияларына (ішкі құжаттар бойынша ресімделген республикаішілік тасымал) жүрген кезде Қазақстан Республикасының жаңа станцияларына тағайындалуы;
5) ескі құжаттар бойынша – жүктер Қазақстан Республикасының станцияларына өз осьтерінде (ішкі құжаттар бойынша ресімделген республикаішілік тасымал) жүрген кезде Қазақстан Республикасының жаңа станцияларына тағайындалуы.
324. Басқа мекенжайға ресімдеу кезінде өтініш иесі (жүк жөнелтуші немесе жүк алушы) жүкті тасымалдауға есеп айырысуды алғашқы тасымалдау құжаттары бойынша жүргізеді және барлық төлемдерді жаңа тасымалдау құжаттары бойынша енгізеді, егер осы Қағидада есеп айырысудың өзге тәртібі көзделмеген болмаса.
325. Маршруттық немесе топтық жөнелтілімдердің құрамында жүрген жеке вагондарды басқа мекенжайға жіберуге жаңа тасымалдау құжаттары бойынша тасымалдауды онан әрі ресімдеу арқылы тағайындалған станцияларында ғана жол беріледі.
326. Басқа мекенжайға жіберуді ресімдеген кезде тасымалдаушы жүк құжатының және жол тізімдемесінің түпнұсқасында басқа мекенжайға жіберу туралы тиісті белгі жасайды.
327. Жаңа тасымал құжаттарын ресімдеу арқылы ашық жылжымалы құрамда тасымалданатын жүктерді басқа жіберу кезінде алғашқы жүкқұжаттың сыртқы жағының 1-бағанында бар белгілер жаңа тасымалдау құжаттарына жүкті орналастыру мен бекіту схемаларын қоса тіркеу арқылы көшіріледі, егер ол алғашқы тасымалдау құжаттарына тіркелген болса.
328. Жүк сапасының нашарлауына алып келетін жеткізу мерзімдері, тасымалдаудың температуралық режимі, желдету тәртібі, тасымалдаудың басқа шарттары бұзылған кезде, сондай-ақ бекіту-пломбалау құрылғылары ақаулы және жол бойындағы станциялардың актілері бар вагондардағы жүктерді басқа мекенжайға жіберуге жүктің жағдайы мен сапасын тексергеннен соң аталған кемшіліктер табылған кезде, оның сапасы туралы жаңа құжат беру арқылы тез бұзылатын жүктерді басқа мекенжайға жіберуге рұқсат беріледі.
329. Бүлінген, зақымданған, кем шығу белгілері бар, сондай-ақ ақаулы бекіту-пломбалау құрылғыларының болуы, температуралық режимі мен желдету тәртібінің бұзылуы және жол бойындағы станциялардың актілері бар ақаулы вагондардағы, контейнердегі жүктерді басқа адреске жіберуге табылған кемшіліктер жойылған жағдайда ғана рұқсат беріледі.
330. Жүк құжатында көрсетілген жүк алушы тағайындалған станция ауданында болмаған кезде жүкті басқа мекенжайға жіберу алғашқы тасымалдау құжаттары бойынша жаңа тағайындалған станцияда жүк алушыдан тасымалдаушыға тиесілі төлемді төлету арқылы Қазақстан Республикасының шектегінде ғана жүргізіледі.
Жүкті тасымалдардың электрондық жинағы бойынша тасымалдаған кезде тағайындалған станция ауданында жүк алушының болмаған жағдайында станция Жүк жөнелтуші мен тасымалдаушының ақпараттық әрекеттестік технологиясына сәйкес жүкті қалай ұйымдастыру туралы деректермен электрондық алмасу арқылы Жүк жөнелтуші ге сұранымды жіберу мүмкін.
331. Жүк алушыны немесе тағайындалған станцияны өзгерткен жағдайда оның өтініші бойынша осындай өзгеріс өткізілген тарап осындай өзгерістердің салдары үшін алғашқы жүк алушының алдында жауапты болып табылады және Жүк жөнелтушінің, алғашқы жүк алушы мен нақты жүк алушының араларындағы есеп айырысуды жүргізеді.
Жүк алушыға жүктің мекенжайын өзгерткен сәттен бастап тасымалдау шарты бойынша міндеттер таралады.
Жүк жөнелтушінің жүктің мекенжайын ауыстыру құқығы жүк алушыға жүк құжатыныын берген немесе жүк тағайындалған елдің шекаралық кіру станциясына келген сәттен бастап тоқтатылады, егер тасымалдаушыда жүк алушының тасымалдау шартын өзгерту туралы жазбаша өтініші бар болса.
332. Тасымалдардың электрондық жинағы бойынша жүкті басқа мекенжайға жіберу жаңа электрондық тасымалдау құжаттары бойынша немесе алғашқы электрондық тасымалдау құжаттар бойынша одан әрі тасымалдауды ресімдеу арқылы жүргізілуі мүмкін.
Басқа мекенжайға жіберуді ресімдеу кезінде электрондық тасымалдау құжаттарын толтыру тәртібі осы Қағидалардың 7-тарауында баяндалған толтыру тәртібіне ұқсайды.
Басқа мекенжайға жіберуді ресімдеу станциясы тасымалдаушының МАЖ -ынан алғашқы тасымалдау құжаттарының осы Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес ГУ-27-У-ВЦ нысаны бойынша жүк құжатының және осы Қағидаларға 30-қосымшаға сәйкес ГУ-29-У-ВЦ нысаны бойынша жолдық тізімдеменің қағаз көшірмелерін алады және басып шығарады. Жаңа электрондық тасымалдау құжаттарын жасау арқылы жүкті басқа мекенжайға жіберуді ресімдеуші тарапқа станциям «Тауар кассирі» бағанында тауар кассирінің қолымен және «Жөнелту (тасымалдауға жүкті қабылдау) станциясының мөрқалыбы» бағанында күнтізбелік мөрқалыппен расталған осы Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес ГУ-27-У-ВЦ нысаны бойынша жаңа электрондық жүкқұжатының қағаздағы көшірмесі беріледі.
Басқа мекенжайға жіберу станциясы тасымалдаушының МАЖ сәйкес басқа мекенжайға жіберу және жаңа электрондық тасымалдық құжаттарды ресімдеу туралы хабарларды беруді жүргізеді.
Егер тағайындалған жаңа станцияға дейін жүкті тасымалдау қандай да бір себептермен тасымалдардың электрондық жинағы бойынша жүргізілуі мүмкін болмағанда, басқа адреске жіберу жүргізілетін станция тасымалдау құжаттарының қалыпты толық жиынтығын ресімдейді.
Егер одан әрі тасымалдау алғашқы тасымалдау құжаттары бойынша жүргізілетін болса, онда жүкпен бірге «Тасымалдаушының белгілері» бағанында басқа мекенжайға жіберу туралы белгісімен, сол бағанда күнтізбелік мөрқалыппен, тауар кассирінің қолымен расталған осы Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес ГУ-27-У-ВЦ нысаны бойынша жаңа электрондық жүкқұжатының қағаздық көшірмесі және жүк тасымалдауға арналған (құймалыдан басқа) осы Қағидаларға 30-қосымшаға сәйкес ГУ-29-У-ВЦ нысаны бойынша жолдық тізімдеменің қағаздағы көшірмесі жүреді. Бұл ретте электрондық жүкқұжатының «Тағайындалған станциясы» бағанында тағайындалған жаңа станцияның атауы мен коды, «Алушы» бағанында жаңа алушының атауы мен коды, «Оның пошталық адресі» бағанында - жаңа жүк алушының пошталық мекенжайы көрсетіледі.
333. Тасымалдаушы жүкті басқа мекенжайға жібергені үшін тасымалдаушының Тарифтік басшылығында (прейскурантта) белгіленген мөлшерде алым алады.
334. Жүк жөнелтушіден, жүк алушыдан тәуелді себептер бойынша оларды басқа адреске жіберуді күтіп вагондардың, контейнерлердің жүкпен тұрған уақытына тасымалдаушымен вагондарды, контейнерлерді пайдаланғаны үшін төлем алынады, жүкті сақтағаны үшін алым, станциялық жолдарда адресін ауыстыруды ресімдеу сәтіне дейін тұрғаны үшін төлем алынады.
19. Үйіп және ақтара тасымалдау тәртібі
335. Ұнтақтар, түйірлер, түйіршектер, капсулалар түріндегі ұн фракциялық құрауыштың (бөлшектер, бөліктер) бір текті массасы болып табылатын жүктер үйіліп тасылады.
336. Сусымалық қасиетке ие емес және орнын ескермей тасымалданатын бір текті емес фракциялық құрамы бар жүктер ақтара тасымалданады.
337. Ақтарылып пакеттелмеген түрде вагондық жөнелтілімдермен вагондарға тиеген кезде орындарды есептеуді (дана) талап етпейтін және өзінің физикалық жағдайы бойынша үйінді жүктерге жатқызуға мүмкін емес жүктер тасымалданады.
338. Жауын-шашыннан және тозаңдатудан қорғауды талап ететін жүктер мамандандырылған жабық вагондарда (мысалы, ұн тасығыштар, астық тасығыштар, цементтасығыштар, минералтасығыштар), мамандандырылған контейнерлерде үйіліп және ақтарылып тасылады. Жүкті қапталған күйде үйіп тасымалдау үшін жабық вагондар пайдаланылады. Үйіп немесе ақтара тасымалдауға жататын жүкті тиер алдында жүк жөнелтуші вагонның конструктивтік саңылауларын бітеу бойынша шарлар қолданады. Вагонның саңылауларын бітеу сапар барысында жүктің темір жол бойында төгілуін және қоршаған ортаны ластауды болдырмау үшін қажет. Жүктерді жабық вагондарда үйіп және ақтарып тасымалдауға Жүк жөнелтуші мен есіктерге бекітпе орнату арқылы жол беріледі.
Вагондардың есіктерінің саңылауларын бөгеу үшін қалқаншалар, тақтайлар, дөңбектер, басқа тығыз материалдардан жасалған бөгеулер қолданылады. Вагонды есіктік бөгеулермен қамтамасыз ету жүк жөнелтушінің күшімен және құралдарымен жүзеге асырылады. Жүк жөнелтуші тиер алдында вагондар мен қалқаншалардың коммерциялық тұрғыдан түзіктігіне, тазаланғанына, зиянкестермен бүлінбегеніне, дәннің төгілуі мүмкін саңылаулардың және тесіктердің болмауына көз жеткізуі керек. Жүкті түсірер кезде алушы вагонға зақым келтірмей, есік бөгеулерін алып тастайды.
Астық жүктері, майлы және бұршақты дақылдардың дәндері «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ішінде жүк жөнелтушімен тасымалдауға карантинді сертификат болғанда, экспортқа фитосанитарлы сертификат болған кезде ұсынылады.
Үйіп және ақтара тасымалдауға арналған жүктерді тасымалдау құжаттарын ресімдеу кезінде жүк құжатыныдың «Орындар саны» бағанында жүк жөнелтуші тиісінше «үйіп» және «ақтара» деп көрсетеді.
339. Жауын-шашыннан қорғауды талап етпейтін жүктер ашық жылжымалы құрамда, сондай-ақ мамандандырылған ашық вагондарда (мысалы, думпкарлар, хоппер-мөлшерлегіштер) үйіліп тасылады.
Егер жылжымалы құрамға тиеуді сырттай қарап, көзбен шолғанда орын санын есептеу мүмкін болмаса, онда барлық жағдайларда, жүкқұжатының «Орын саны» бағанында «ақтара» деп көрсетіледі.
Үйіп тасымалдаған кезде, жүктерді сақтап қалу мақсатында жүк жөнелтуші қалқандарды, тақтайларды, торларды, брезент немесе осындай беріктігі бар басқа материалдардан бөгеттер қолданады.
Арнайы вагондарда, түбі саңылаусыз ашық вагондарда жүктерді үйіп тасымалдауға тасымалдау құжаттарын ресімдеу кезінде жүк жөнелтуші көліктік теміржолдық жүк құжатының «Жүк жөнелтушінің ерекше өтініштері мен белгілері» бағанында мына мазмұндағы белгі жасайды: «Мамандандырылған вагондарда (немесе тиісінше түбі саңылаусыз ашық вагондарда) тасымалдау жүк алушымен келісілген. Түсіру құрылғылары бар».
Үйіп және ақтара тасымалданатын жүктердің тізбесі осы Қағидаларға 31, 32-қосымшаларда көрсетілген.
20. Ашық жылжымалы құрамда тасымалдау тәртібі
340. Ашық жылжымалы құрамда (ашық вагон, платформа) тасымалдауға өздерінің өлшемдері мен массалары бойынша вагондардың басқа түрлеріне, контейнерлерге тасымалдануы мүмкін емес (ыдыстық-дана жүктерге, атмосфералық жауын-шашыннан қорғауды талап етпейтін үйіп және ақтара тасымалданатын жүктерге жол беріледі.
341. Ашық жылжымалы құрамның түрін жүк жөнелтуші тасымалданатын жүктің түріне, тиеу, түсіру (босату) жағдайына, оларды жүргізу үшін құрылғылар мен механизмдердің болуына байланысты таңдайды. Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу вагондардың, контейнерлердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша талаптардан тұратын нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес орындалады.
342. Ашық жылжымалы құраммен тасымалдауға жол берілетін жүктердің тізбесі осы Қағидаларға 33-қосымшада көрсетілген.
343. Ашық жылжымалы құрамның мамандануына байланысты түрі мен үлгісі тасымалданатын жүктің сипаттарына, оны тиеу, түсіру (босату) үшін қолданылатын құрылғылар мен механизмдердің, құрылыстардың түріне байланысты жүк жөнелтуші таңдайды.
344. Ашық жылжымалы құрамда тасымалданатын жүктерді орау үшін олардың қасиеттеріне байланысты тиісті стандарттардың, техникалық шарттардың талаптарына жауап беретін көліктік ыдыс қолданылады. Ашық жылжымалы құрамда жүк тасымалдау кезінде жүктерді орау және жабу үшін тез жанатын материалдарды қолдануға жол берілмейді.
345. Ашық жылжымалы құрамда қауіпті жүктерді тасымалдау осы Қағидалардың 31-тарауына және қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
346. Қара металл сынықтары, қалдықтары, олардың қорытпалары отжарылу қаупінен және радиоактивті материалдардан зиянсыздандырылған, тасымалдауға қауіпсіз, зиянды химиялық заттардан тазартылған жағдайдағы стандарттарға сәйкес дайындалып тасымалданады және олардың жарылу қауіпсіздігін куәландыратын құжатпен бірге алынып жүреді.
347. Оларды тасымалдау осы Қағидаларға 33-қосымшаға сәйкес ашық жылжымалы құрамда жол берілетін жүктердің тізбесінде көрсетілген, майда фракциялары бар жүктерді (олардың мөлшері 13 миллиметрден аспайтын түйірлер) ашық жылжымалы құрамда тасымалдау мүмкіндігін Жүк жөнелтуші белгілейді.
348. Жүк жөнелтуші майда фракциялары бар жүктерді тиеу алдында ұсынған жүкті осы жылжымалы құрамда тасымалдау оның шығындарына, оның темір жол мен қоршаған табиғи ортаны ластауына алып келмейтініне көз жеткізеді. Егер платформаның немесе вагон шанағының ақаусыздығы кезінде жүктің шығыны құралымдық саңылаулар арқылы мүмкін болса, онда жүктің сақталуы үшін жүк жөнелтуші төгілуіне қарсы қосымша іс-шаралар қолданады.
349. Майда фракциялары бар жүктерді ашық жылжымалы құрамға тиеу кезінде жүк жөнелтуші қозғалыс кезінде майда түйіршіктердің үрленуін, сондай-ақ вагондардың ернеуінің деңгейінен оны жоғары тиеген («бөрігімен») жағдайларда жүктің құйылуын болдырмауға іс-шаралар қолданады. Аталған іс-шаралар жүк жөнелтуші мен жүктің әр түрі үшін әзірленеді. Байыту фабрикасының сұрыптау қондырғыларына жөнелтілетін сортталған және қатардағы көмірлері мен брикеттерінен басқа барлық жағдайларда жүктің беті вагондардағы және контейнерлердегі жүктердің орналасуы мен бекітілуінің техникалық шарттарына сәйкес немесе жүк жөнелтуші мен жасалған және тасымалдаушымен келісілген Қағидаға сәйкес тегістеледі және тығыздалады. Бұл ретте «бөрікке» көлденең қимада трапеция пішіні беріледі. Жүкті тығыздағаннан соң «бөріктің» төменгі негізі ашық вагон шанағының жоғарғы байлауынан аспайды.
Жүкті тегістеу мен тығыздау үшін вагондарда механикаландырылған қондырғылар және басқа қарапайым құралдар қолданылуы мүмкін.
350. Минералдық-құрылыс жүктерін ашық вагонның ернеулерінен жоғары тиеген жағдайларда, жүк «бөрігінің» негізі ернеулер деңгейінен ең кемінде 50 миллиметрден төмен болуы тиіс.
351. Суықтан қатуға ұшырайтын жүктер осы Қағидалардың 25-тарауына сәйкес тасымалданады.
21. Жолсеріктермен алып жүре тасымалдау тәртібі
352. Жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың жолсеріктерінің ілесіп жүруімен вагонға тиелген мына жүктер тасымалданады:
жол жүру барысында қызмет көрсетуді талап ететін жүктер;
тасымалдаған кезде қызмет көрсетуді талап ететін тез бұзылатын жүктер, рефрижераторлық вагондардың, рефрижераторлық контейнерлердің жабдығына тасымалдаушының қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалар қызмет көрсетсе, мұндай тұлғалар жолсерік болып саналады және оларға жолсерік үшін көзделген құжаттар ресімделеді;
жануарлар;
өз осьтеріндегі жүк: локомотивтер, моторвагон поездарының вагондары, теміржолмен жүретін крандар, темір жолмен жүретін жол және құрылыс машиналары.
353. Жүк құжатына жүк жөнелтуші жүк атауының астына жолсеріктерінің санын, олардың атын, әкесінің атын, тегін (толық) көрсетіп, жүкті жолсеріктер алып жүретіні туралы белгі соғылады.
354. Тасымалдауға кедергілер және жүкті беру қажеттілігі туындаған жағдайда жолсерік жүк жөнелтушінің функциясын жүзеге асырады. Жолсерікке жүк жөнелтушінің функцияларын жүктеу туралы жолсерікке берілетін өкілеттіктерді дәл сипаттау арқылы жүкқұжаттың «Жөнелтушінің ерекше өтініштері мен белгілері» бағанында белгі соғылады.
Заңды тұлғаның атынан мұндай өкілеттіктер беруге сенімхат оның басшысының немесе осы ұйымның мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылған оның құрылтайшы құжаттарымен осыған уәкілетті өзге адамның қол қоюымен беріледі.
Қағиданың осы тармағында көзделген тасымалдардың электрондық жинағын пайдаланып, тасымалдарды ресімдеу кезінде мәліметтер темір жол көлігінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу технологиясына және жүк жөнелтуші мен тасымалдаушының арасындағы электрондық құжат айналымы жүйесіне сәйкес тасымалдардың электрондық жинағына енгізіледі.
355. Жолсеріктердің:
жүк тасымалданатын вагонда;
Жүк жөнелтушінің өтінімі бойынша тасымалдаушы берген жеке вагонда;
Жүк жөнелтушіге, жүк алушыға тиесілі немесе олар жалға алған жеке вагонда жүруіне жол беріледі.
Жүкті алып жүретін жолсеріктердің жол жүргені үшін жүк жөнелтушіден тасымалдаушының Тарифтік басшылығымен (прейскурантымен) белгіленген мөлшерде ақы алынады. Жолсеріктердің жолақысы жүкқұжатта көрсетіледі.
356. Жолсерік салмағы отыз бес килограмнан жоғары емес оған тиесілі қол жүгін өзімен бірге вагонда тегін алып жүре алады.
Жолсерікте белгіленген нормадан артық қол жүгі бар болған кезде, одан қол жүгінің артық массасы үшін тариф бойынша тасымал төлемі алынады (жеке (тұрмыстық) қажеттіктерге арналған жүктер ретінде).
357. Жүкті алып жүру және күзету сеніп тапсырылған жолсерік жөнелту станциясына төлқұжатты (жеке куәлікті) және іссапар куәлігін ұсынады, осылардың және тасымалдау құжаттарының негізінде жолсерікке станциядағы тасымалдаушының өкілі немесе ол уәкілеттік берген қызметкер қол қойылған және күнтізбелік мөрқалыппен расталған жөнелту станциясымен белгіленген осы Қағидаларға 34-қосымшаға сәйкес ГУ-18 нысандағы жүк жолсерігінің куәлігін береді.
Жолсерік куәлікті алған кезде жол тізімдемесінің түбіртегінде жөнелту тасымалдаушының күнтізбелік мөрқалыбының астына «Куәлікті алдым» деген жазба жазады және жолсерік атын, әкесінің атын, тегін көрсетіп қол қояды. Жолсерік куәлікті алған кезде, куәлікте баяндалған жолсеріктің негізгі міндеттерімен танысады және бұл жөнінде куәлікке әрі жөнелту станциясы Жүк жөнелтушілерінің (жүк алушыларының) жолсеріктеріне куәліктер беруді тіркеу кітабына қол қояды.
358. Жүктерді алып жүруге арналған жолсеріктердің санын жүк жөнелтуші (жүк алушы) белгілейді. Бұл ретте, жолсеріктердің санын екі адамнан кем тағайындауға рұқсат берілмейді.
359. Қауіпті жүктерді алып жүрудің қосымша шарттары осы Қағидалардың 31-тарауында белгіленген.
360. Жүк жөнелтуші алып жүруге жататын жүкті жүктерді орналастыру мен бекітудің техникалық шарттарының талаптарына сәйкес орналастырады және бекітеді.
361. Жолсеріктер өрт қауіпсіздігінің талаптарына жауап беретін қолшамдарды және қатты отынды (көмір, отын) пайдаланатын стандартты үлгідегі шойын пештерді қолданады. Жүру жолында жолсеріктер өрт және жеке қауіпсіздік талаптарын сақтауы тиіс.
Жүк жөнелтуші вагондарды пешпен жабдықтаған кезде, өрт сөндіру мақсаттары үшін жүк жөнелтуші жолсеріктерді көлемі 100 литрден кем емес темір немесе пластикалық сыйымдылықтардағы су қорымен қамтамасыз етеді.
362. Жылжымалы құрамға зақым келтірмейтін және қозғалыс қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігінің талаптарын қанағаттандыратын жолсеріктердің алып жүруіндегі жүктерді тасымалдауға арналған қажетті барлық алынбалы-салмалы қарапайым құралдарды жүк жөнелтуші береді.
363. Жүк вагонында пештер мен пеш жабдықтарын орнату өрт қауіпсіздігі талаптарымен белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Пештерді орнатқан кезде, жүк пен пештің арасындағы қашықтық 1 метрден кем емес, ал жүк тиеудің жоғарғы деңгейі мен вагонның төбесі арасындағы қашықтық - 50 сантиметрден кем болмауы керек. Жүкпен бірге жолсеріктердің болуы болжамданған вагондардағы есік ойықтарында жүктердің, қатты отын қорының, басқа материалдар орналастырылмайды.
364. Вагондарда жүк жөнелтушіге (жүк алушыға) тиесілі пештер мен пеш жабдықтарын орнатқан кезде, жүк жөнелтуші «Жүк жөнелтушінің ерекше өтініштері мен белгілері» жүк құжатының сырт жағының 4-бағанында олардың санын көрсетеді.
365. Вагондарды бүкіл сапар барысында пешке арналған қатты отынмен жабдықтауды жүк жөнелтуші қамтамасыз етеді.
366. Жүкке бұзылу қаупі төнген жағдайда және оны толық сақталымда жүк алушыға жеткізу мүмкін болмаса, жүк жөнелтуші немесе бұған уәкілетті жолсерік жүкке өзі билік етеді.
Тасымалдау үдерісінде бекітудің немесе жүктің орнықтылығының бұзылғанын байқаған кезде, жолсерік вагонды ағыту жөнінде шешім қабылдау үшін станция бастығына жазбаша өтініш береді және бекітуді түзету, жүктің орналасуы мен орнықтылығын қалпына келтіру бойынша іс-шаралар қолданады. Тасымалдаушының кінәсінен жүктің бекітілуі немесе жүктің орнықтылығы бұзылған кезінде түзетуді тасымалдаушы жүргізеді. Жүкті бекітуді немесе жүкті тиеуді тексерудің нәтижелері және жүк жөнелтушінің кінәсінен вагонның амалсыз бос тұру уақыты ГУ-23 жалпы нысандағы екі дана актпен ресімделеді. Актінің бір данасы тасымалдау құжаттарына тіркеледі және «Тасымалдаушының белгілері» жүк құжатының сыртқы жағының 5-бағанында ГУ-23 жалпы нысанды актінің нөмірі және оның жасалған күні көрсетіледі. Актінің екінші данасы вагонның ағытылуы жүргізілген станцияда қалады.
367. Жолсеріктер алып жүретін вагондардың техникалық ақаулығы жүру жолында анықталған және осы поезбен бұл вагондардың бұдан әрі жүруі мүмкін болмаған кезде, мұндай вагондар ағытылады.
Жүк жөнелтушінің немесе жолсеріктің кінәсінен болған вагонның зақымдануы кезінде осы Қағидаларға 35-қосымшаға сәйкес ВУ-25 нысанындағы вагонның зақымдануы туралы акт және ГУ-23 жалпы нысанды акт ресімделеді. Жолсерік вагонның бұзылғаны туралы актінің мазмұнымен келіспеген жағдайда, келіспеуінің уәждерін көрсетіп, оған лермен қол қояды. Вагонның бұзылғаны туралы актінің бірінші данасы тағайындалған станциясында жүк алушыға беру үшін тасымалдау құжаттарына немесе егер бұзылған вагон топтық жөнелтпе құрамында жүрген болса, қосымша жіберілетін жол тізімдемесіне тіркеледі. Бұл ретте, қосымша жіберілетін жол тізімдемесінің жүк атауы астына немесе «Тасымалдаушының белгілері» жүкқұжатының сыртқы жағының 5-бағанында вагонның бұзылғаны туралы актінің нөмірі, оның жасалған күні мен себебі көрсетіледі. Вагонның бұзылғаны туралы актінің екінші данасы вагонның бұзылғаны жөніндегі шотқа тіркеледі, оны тасымалдаушы жүк алушыға ақы төлеу үшін қояды. Вагонның бұзылғаны туралы актінің үшінші данасы вагонның ағытылуы жүргізілген станцияда қалады.
Егер құрамында техникалық ақаулы вагон болған вагондар тобы бірнеше жолсеріктердің ілесіп жүруімен жүрген болса, онда жолсеріктердің біреуі кідіртілген вагонмен қалады.
Егер вагонның техникалық ақауын жою үшін жүк басқа вагонға қайта тиелген жағдайда, бұл жөнінде тасымалдау құжаттарында немесе қосымша жіберілетін жол тізімдемесінде (егер ағытылған вагон топтық жөнелтпе құрамында жүрсе) белгі қойылады.
368. Жолсеріктердің жүкті онан әрі алып жүруі мүмкін болмайтын жағдайда (мысалы, аурудың себебінен) станциядағы тасымалдаушының өкілі жолсеріктердің жазбаша өтініші бойынша жөнелту немесе тағайындалған станция арқылы жүк жөнелтуші ні немесе жүк алушыны бұл жайында хабардар етеді. Жолсеріктердің жазбаша өтініш беруге мүмкіндігі болмаған жағдайларда, хабар беруге және жүктің алып жүру тәртібін өзгертуге белгіленген тәртіппен ресімделген, бұл үшін тиісінше уәкілетті орган, ұйым (мысалы, медициналық мекеме, құқық қорғау органы) ұсынған анықтама негіз болып табылады. Хабар алғаннан соң, жүк жөнелтуші немесе жүк алушы жолсеріктерді алмастыруды жүзеге асырады.
Бұл жағдайда жүктері бар вагондар жүк жөнелтуші нің немесе жүк алушының жаңа жолсеріктері келгенге дейін станцияда кідіртіледі, ол жөнінде ГУ-23 жалпы нысанды акт жасалады. Жүгі бар вагондар кідіртілген станция жаңа жолсеріктерге осы Қағидалардың 357-тармағында белгіленген тәртіппен куәлік береді. Жүгі бар вагондар кідіртілген станция жаңа жолсеріктер туралы мәліметтерді жүкке ілесіп жүретін «Тасымалдаушының белгілері» жүкқұжатының бағанында көрсетеді.
Жүктің тағайындалған станцияға келген бойында тасымалдаушы тасымалдау құжаттарына тіркелген ГУ-23 жалпы нысанды актінің негізінде жаңа жолсеріктердің келуін күтіп вагондардың станцияда болуына байланысты кеткен шығындарын жүк алушыдан өндіріп алады.
Аталған талаптар жолсеріктер алып жүретін қауіпті жүктерді тасымалдауға таралмайды.
369. Жолсеріктердің ілесіп жүруімен жүретін вагондар поездың құрамына бір топта қойылады.
370. Жүкке бұзылу қаупі төнген жағдайларда және оны алғашқы тағайындалуы бойынша толық сақтап жеткізу мүмкін болмаса, тасымалдаушы жолсеріктің жазбаша талабы бойынша вагонды ағытады және белгіленген тәртіппен жүкті басқа ұйымдарға беруде жолсерікке көмек көрсетеді.
22. Жөнелтілім маршруттарымен тасымалдау тәртібі
371. Жүк тасымалдарын жөнелтілімдік маршруттау жүктердің жеткізу мерзімдерін қысқартуға, вагондардың айналымын тездетуге, станцияларда олардың қайта өңделу көлемін азайтуға, материалдық құралдарды үнемдеуге, тасымалдар кезінде жүктерді сақтаудың жағдайларын жасауға ықпал ететін және кірме жолда маршруттық жөнелту тасымалдарын қалыптастырған кезде, тасымалдаушы мен жүк жөнелтушінің арасында өзара тиімді жағдайларды қамтамасыз етеді.
372. Жөнелтілімділік маршруттау мыналарға негізделеді:
1) жүк ағындарын шоғырландыруға:
тұтынушыларды жеткізушілерге және түсіру (босату) аудандарын тиеу учаскелеріне оңтайлы бекітуді қамтамасыз ету жолымен;
жеке маршруттық тағайындауларға жаппай жүктерді тиеуді шоғырландыру жолымен;
бір жүк жөнелтуші мен бір станциядан тағайындаулар бойынша жүктерді тиеуді күнтізбелік жоспарлау жолымен;
кәсіпорындардың кірме жолдарында немесе бір жүк жөнелтуші станциясының жолдарында белгілі тағайындалған вагондарды шоғырландыру жолымен;
2) тарату станцияларына тағайындау маршруттарын ұйымдастыру кезінде жүк поездарын құрастыру жоспарын сақтау және жөнелтілімділік маршруттарын немесе олардың негізін толық құрамда құрастыру станциясынан тағайындалған станциясына дейін сақталып өткізілуін қамтамасыз етуге;
3) жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, тасымалдаушылардың және магистральдық теміржол желісі операторының техникалық құралдарын ұтымды пайдалануға;
4) маршруттық тасымалдауды ұйымдастырудың нысандары мен әдістерін тұрақты жетілдіруге.
373. Бір жүк жөнелтуші бір станцияда тиелген және бір түсіру немесе тарату станциясына тағайындалған вагондардан маршруттарды ұйымдастыру (қалыптастыру) жоспары жүк поездарын құрастыру жоспарына сәйкес кемінде бір станцияны маршрутты қайта өңдеуден міндетті түрде босатуды көздейді.
374. Маршруттың салмағы мен ұзындығы магистральдық теміржол желісі операторымен келісім бойынша, тасымалдаушымен белгіленеді. Ұлттық инфрақұрылым операторының келісімі бойынша маршрут ұзындығын азайту жағына қарай белгіленген нормалардан нақты бір вагоннан артық емес ауытқуға жол беріледі. Жүк жөнелтушінің кірме жолында белгіленген салмақтық нормадағы (мәселен, тиеу шебі бойынша шектеу және басқалар) маршруттарды құрастыру мүмкін болмағанда, салмағы магистральдық бағыттардағы поездардың салмағына еселі вагондар топтарынан маршруттар ұйымдастыру қаралады.
375. Маршруттардың жүріс бағытында поезд салмағының азаю жағына қарай өзгеретін станциялар (түбірлі өзгеріс пункттері) бар болғанда, маршруттар негізден (жүріс жолында поездың салмағы өзгерген жағдайда, тағайындалған станциясына дейін қайта құрастырусыз жүретін белгіленген салмақтағы жөнелтілімділік маршрутының негізгі бөлігі) және салмақ өзгеретін пункттерге дейін құрамда жүретін тіркеме бөлігінен ұйымдастырылады. Салмақтың немесе құрам ұзындығының қатар нормалары белгіленген бағыттарда мұндай маршруттар барлық станциялармен құрам өзгертілмей өткізіледі. Маршрут негізінің салмағы мен ұзындығы тасымалдаушымен белгіленеді. Нақты тағайындаулар үшін маршруттар негізінің салмағы мен ұзындығының белгіленген нормасы жүк жөнелтушілерге хабарланады.
Салмақтық нормаларды түбірлі өзгерту станцияларында оның құрамының салмағын немесе ұзындығын өзгерткен кезде жүріс жолында маршруттардың негізін таратуға жол берілмейді.
Поездардың салмақтық нормаларын түбірлі өзгерту станцияларында тасымалдаушы маршрутты толық салмаққа немесе ұзындыққа толтыру жөнелтілімділік маршрутының тағайындалғанына сәйкес вагондармен жүзеге асырылады, ал мұндай вагондар болмағанда - осы станция үшін белгіленген поездарды құрастыру жоспары бойынша қашық тағайындаулар вагондарымен жүзеге асырылады.
376. Маршруттар олардың ұйымдастырылу және құрастырылу тәсілі бойынша тасымалдаушымен мыналарға бөлінеді:
бір жүк жөнелтуші бір станцияда тиелген вагондардан құралған, сондай-ақ бір кірме жолда тармақ иеленуші және осы кірме жолдың басқа жүк жөнелтуші-контрагенттері құрастырған жөнелтілімділік маршруттарына;
бір станцияда әртүрлі жүк жөнелтушілер тиеген вагондардан (станциялық сатылы маршрут), бір жүк жөнелтуші немесе бірнеше жүк жөнелтушілер бір немесе бірнеше бөлу пункттерінде (учаскелік сатылы маршрут) құрастырған сатылы маршруттарға бөлінеді.
Енгізілген вагондардың тағайындалуы бойынша маршруттар мыналарға:
1) бір түсіру (босату) станциясына бір немесе бірнеше жүк алушылар адресіне (жүктерді маршруттармен қабылдау үшін қажет техникалық жайластырулары бар мұндай станциялар мен жүк алушылардың тізбесін магистральдық теміржол желісі операторы белгілейді) тағайындалған вагондардан құрастырылған тура маршруттарға;
2) кірме жолды пайдалануға немесе жүк алушының, жүк жөнелтушінің жауапкершілігі есепке алынып, кірме жолды пайдалануға немесе вагондарды беру мен жинауға арналған шартта белгіленген тағайындалу станциялары бойынша вагондарды топтап (бір жүк алушының адресіне жіберілетін топтағы вагондардың барынша мол саны оның түсіру (босату) пунктінің түсіру қабілеттілігіне сәйкес келеді) іріктеу арқылы бір тиеу (босату) учаскесінің станцияларына арналған маршруттарға;
3) жүріс жолында қайта өңдеуді барынша қысқартуды ескеріп, маршруттың жүріс жолында орналасқан станциялардың жүк поездарын құрастыру жоспары бойынша ұйымдастырылған тарату станциясына арналып тағайындалған маршруттарға;
4) іс-әрекеттер аудандарының осы пункттері (маршруттарды тарату пункттерінің және олардың іс-әрекеттері аудандарының тізбесі магистральдық теміржол желісі операторымен белгіленеді) үшін белгіленген шектерде түсіру (босату) станциялары және жүк алушылар бойынша вагондарды адрестерге жіберу жүргізілетін тарату пункттері маршруттарына;
5) түсіру (босату) станциялары (кіру мен тарату станцияларының және олардың іс-әрекеттері аудандарының тізбесі магистральдық теміржол желісі операторымен белгіленеді) бойынша осы жүктерімен вагондарды адреске жіберу отын жүктерін алатын кіру немесе тарату станцияларына маршруттар болып бөлінеді;
Тағайындалуы осы тармақтың 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көзделген маршруттар тарату (бөлшектеу) маршруттарына жатады.
377. Жөнелтілімділік пен сатылы маршруттар біртекті және әртекті жүктерден ұйымдастырылады.
Жүктерді тасымалдауды маршруттармен жоспарлаған кезде өңдеусіз жүктердің ең қашық жүрісі ескеріледі. Жүк жөнелтушілер тасымалдаушыға жүктерді тасымалдауға арналған өтініммен бірге үш дана осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес ГУ-114 нысанындағы жүктерді маршруттармен тасымалдауға арналған өтінімді ұсынады.
Тасымалдаушы жүк жөнелтушілер ұсынған маршруттармен тасымалдауға арналған айлық өтінімдердегі маршруттардың техникалық-экономикалық тиімділігін, жоспардың тасымалдаудың егжей-тегжейлі жоспарына сәйкестігін тексереді, вагон ағындарын өңдеуді қамтамасыз етпейтін маршруттарды жоспардан шығарады. Станциялар үшін жүктерді тасымалдауды маршруттау жөніндегі айлық жоспарлар тасымалдаушының тапсырмасы негізінде әзірленеді.
378. Тарату пункттеріне жөнелтілімділік маршруттарымен жүктерді тасымалдаған кезде жүк жөнелтушілер маршруттармен жүктерді тасымалдауға арналған айлық өтінімдерде (жоспарларда) осы тарату пунктінің іс-әрекеті ауданына кіретін түсіру (босату) тағайындалған станциялар бойынша бөлу арқылы маршруттарды тарату пункттерінің атауын, маршруттар санын және олардағы вагондардың жалпы санын көрсетеді.
379. Тасымалдаушы жүк жөнелтушімен келісім бойынша өтінімді орындаудың тәртібін орната отырып, тасымалдарды күндер және тағайындаулар бойынша ірілендіруді қарастырады, жүктерді маршруттармен тасымалдау жөніндегі тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ететін маршруттарды тиеудің күнтізбелік жоспарын жүк жөнелтушілердің қатысуымен әзірлейді және бекітеді. Бекітілген күнтізбелік жоспар жоспарлық ай басталғанға дейін кемінде үш күн бұрын маршруттарды тиеу станцияларына және жүк жөнелтушілерге хабарланады. Маршруттарды тиеу күнтізбелік жоспарын онкүндік басталғанға дейін үш тәулік бұрын тасымалдаушы жүк жөнелтушілермен келісу арқылы онкүндіктер бойынша түзетуі мүмкін.
380. Вагондарды маршруттарды тиеуге, түсіруге (босатуға) беру тәртібі, оларды белгіленген массаға пен ұзындыққа дейін құрастыру, тиеуден, түсіруден (босатудан) соң қайтарылуы және жөнелтілімділік пен сатылы маршруттардың вагондар тобына тиеуге, түсіруге (босатуға) арналған технологиялық мерзімдер вагондарды беру-жинауға арналған шарттармен белгіленеді. Барлық вагондар үшін айналымның жалпы технологиялық мерзімі белгіленген кезде бұл шарттарда маршруттарды тиеуге, түсіруге (босатуға) арналған жеке технологиялық мерзім ескеріледі.
381. Жөнелту маршруттарын бөліп тиеген жағдайда, шарттарда және технологиялық процестерде бөліктер саны, олардың ішіндегі вагондар саны, маршруттың әр бөлігін тиеудің технологиялық мерзімі, сондай-ақ, бірінші бөлікті әкелген сәттен бастап тиеу аяқталғанға және маршруттың соңғы бөлігін тапсырғанға дейін есептелетін, маршрутты тиеудің жалпы технологиялық мерзімі көзделеді. Тасымалдаушы вагондарды тиеу, түсіру (босату) үшін белгілеген мерзімге кірме жолдарда жөнелту маршрутын тиеуге, түсіруге (босатуға) тасымалдау бөлімшелері жергілікті жағдайларға байланысты қосымша технологиялық уақыт береді.
382. Тасымалдау бөлімшелері станциялар мен кәсіпорындар – жүк жөнелтушілердің тұтас учаскесі үшін, тас көмірді, ағашты, дәнді және басқа жаппай жүктерді тиеу учаскелерінде тиеуді, маршруттарды құрастыру мен жөнелтуді қамтамасыз етуді, сондай-ақ осы учаскеде маневрлік жұмысты ұйымдастыруды есепке алып тиеу мерзімдерін көздейтін, бірыңғай тәртіпті белгілейді.
383. Кірме жолдарға жүк тиеу үшін вагондарды беру осы жолдарда түсіруден (босатудан) кейін вагондарды пайдалануды есепке алып жүргізіледі. Жүк жөнелтуші өзінде тиеуде, түсіруде (босатуда) тұрған вагондарды, айналмалы маршруттар мен вертушкалар құрамындағы вагондарды қоспағанда, тиісті түрдегі басқа вагондармен маршруттарды тиеуге берілген вагондарды ауыстырады.
384. Маршрутты тиеу мынадай жағдайларда тасымалдаушының кінәсінен қамтамасыз етілмеген деп саналады:
1) маршрутты тиеуге вагонды толық немесе ішінара бермеу, немесе ақаулы не болмаса түрі бойынша мұндай жүк үшін сәйкес келмейтін вагондарды беру;
2) осы есептік тәуліктерде тиеу үшін толық емес мерзіммен маршрутты тиеуге вагондарды беру, егер жүк жөнелтуші есептік тәуліктің аяғына дейін жүкті тиемесе және тасымалдаушыға тапсырмаса. Осы есептік тәуліктерде тиеу үшін толық емес мерзіммен маршрутты тиеуге вагондарды беру жүк жөнелтушіні, тасымалдау бөлімшесін, станцияны оны ұйымдастырудан босатпайды. Маршрутты тиеу вагондарды беруге-жинауға арналған шарттармен белгіленген мерзімдерде аяқталады.
385. Маршрутты тиеу жүк жөнелтушінің кінәсі бойынша қамтамасыз етілмеген деп саналады, егер:
1) осы тәуліктерде тиеуге тағайындалған және вагондарды тасымалдаушы тиеуге толық мерзіммен вагондармен қамтамасыз етілген маршрут тиелмесе және есептік тәуліктің аяғына дейін тасымалдаушыға тапсырылмаса;
2) жүк жөнелтуші күнтізбелік жоспарда көзделген маршрутты тиеуден бас тартса;
3) маршрут немесе маршруттың негізі белгіленген нормаға қарағанда кем массасымен немесе вагондар санымен тасымалдаушыға берілсе немесе оны жүк жөнелтуші поездар құрастыру жоспарын және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығымен бекітілген Темiржол көлiгiн техникалық пайдалану қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11897 болып тіркелген) бұзып құрастырылса.
Егер алғашқы тағайындалған маршрутты жаңасына алмастыру осы Қағидаларға сәйкес тасымалдаушымен келісім бойынша жүргізілген болса, ондай жағдай маршруттық тиеді бұзу болып саналмайды.
386. Маршруттарды тиеу жоспарының орындалмауына жол берілген күнтізбелік онкүндік ішінде осы онкүндіктің жеке күндерінде орындалмаудың орны толған жағдайда, сондай-ақ жүк жөнелтушілердің кінәсі бойынша да, сондай-ақ тасымалдаушының кінәсі бойынша да сатылы маршруттарға тиеуді қамтамасыз етпегені үшін жүк жөнелтуші мен тасымалдаушы мүліктік жауапкершіліктен босатылады.


387. Жөнелтілімділік маршрутты тиеу станциясы немесе сатылы маршрутты құрастыру станциясы түсіру (босату) не тарату станциясына дейін маршруттың немесе маршрут негізінің құрамында жүретін вагондардың жүкқұжаттарында және жолдық ведомосында мөрқалыппен мынадай тиісті белгі: «№_________ тура жөнелтілімділік маршрут», «_________________________ ст. таратылатын №_________ жөнелтілімділік маршрут», «№________ тура сатылы маршрут», «_____________________ ст. таратылатын №_________ сатылы маршрут» соғады.



388. Құжаттарында «____________ ст. таратылатын №______ жөнелтілімділік маршрут» деген мөрқалыбы бар тарату пунктіне маршруттың құрамында келген вагондарды жүк жөнелтушінің өкілдері, ал жүк алатын кіру немесе бөлу станцияларына келген вагондарды тарату пункттерінің немесе кіру мен бөлу станциялардың іс-әрекет ауданына кіретін түсіру (босату) станциясында жүк алушының, тасымалдаушының өкілдері әрі қарай жібереді. Мұндай вагондарды түсіру (босату) станциялары бойынша әрі қарай жіберу алғашқы құжаттар бойынша жүргізіледі.

23. Шағын және аз тонналық жөнелтілімдермен тасымалдау тәртібі
389. Жүктерді шағын жөнелтілімдермен тасымалдау, осы жөнелтілімдерді қабылдау және беру үшін ашық станциялар арасында жүзеге асырылады.
Бір вагонда бір теміржол торабының әртүрлі станцияларына баратын жүктерді шағын жөнелтілімдермен тиеуге рұқсат етілмейді.
390. Шағын жөнелтілімдермен тасымалдауға тез бүлінетіндерден басқа ыдыстық және даналық жүктерге ғана рұқсат етіледі.
24. Контейнерлерде және көліктік пакеттерде тасымалдау тәртібі
391. Жүктерді тасымалдау үшін халықаралық келісімдер, стандарттар және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келетін, олардың параметрлерін және теміржол көлігінің қатысуымен халықаралық тасымалдауға рұқсат беруді реттейтін контейнерлер пайдаланылады, барлық ірітоннаждық контейнерлерге ҚКК тақтайшасы (оны пайдаланудың қауіпсіздігін куәландыратын) және КБК тақтайшасы (оның жүктерді кедендік бақылаумен тасымалдауға жарамдылығын растайтын), сондай-ақ кезекті куәландыру немесе жөндеу мерзімі көрсетілген трафареттер бекітіледі.
392. Жүктерді контейнерлермен тасымалдау брутто массасы белгіленген контейнерлермен операциялар жүргізу үшін ашылған станциялар арасында жүргізіледі. Контейнерлермен операциялар жүргізу үшін ашылмаған станциялар арасында жүктерді тасымалдау тасымалдаушының келісімі бойынша жүргізіледі.
Аралас теміржол-су қатынасына енгізілмеген порттар арқылы контейнерлерді қабылдауға және ауыстырып тиеу үшін ашылмаған порттар мен станциялар арқылы контейнерлерді өткізуге рұқсат берілмейді.
МАЖ тасымалдаушыда пайдаланылатын жіктегіште контейнерлермен операциялар жасау үшін ашық станциялардың тізбесі.
Жөнелтуші контейнердің коммерциялық қатынаста жүк тасымалдау үшін жарамдылығын белгілейді.
Контейнердегі жүктің массасы мен орындар санын жөнелтуші белгілейді. Контейнерге тиелген жүктің массасы және контейнер ыдысының жалпы массасы контейнер есігінде көрсетілген контейнер бруттосы массасынан артық болмауы тиіс.
Контейнердегі жүк жүктің сақталуын және тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей, тиеген, тасымалдаған және босатылған кезде контейнер зақымдалмайтындай болып орналастырылуы тиіс, контейнердің есіктері еркін ашылуы және жабылуы тиіс.
393. Контейнерлердің жекеменшік иелері және олардың әріптік кодтары осы Қағидалардың 36-қосымшасына сәйкес теміржол әкімшіліктеріне тиесілі контейнерлердің жекеменшік иелерінің тізбесінде көрсетіледі.
394. Ірі тонналық контейнерге тиелетін жүктің бір орындық салмағы 1500 килограмнан, ал орта тонналық контейнерге тиелетіннің 1000 килограмнан аспайды. Бұл ретте жүктің тиелген орындарынан, соның ішінде құрастырылған қат-қабаттарды есепке алып, контейнердің еденіне түсетін шоғырланған жүктеме ірі тонналық контейнерде бір квадраттық сантиметрге 1 килограмм-күштен және орташа тонналық контейнерде 0,5 килограмм-күштен аспауы керек.
Контейнердің еденіне түсетін жүктеме аталған меншікті жүктемеден асқан кезде жүктік орын қалыпты табандыққа не тиісті тіректік беті бар төсемдерге (қимасы 100х20 миллиметрден кем емес) орнатылады. Мұндай жүк орындары контейнерде тек бір ярусқа орнатылады.
395. Контейнерге жүк тиелгеннен кейін, контейнердің есіктерін жабу, бекітіп тастау және пломбалау осы Қағидалардың 6-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Контейнерлер мен пломбаларға сырттай қарау немесе пломбалар не бекіту-пломбалау құрылғылары туралы мәліметтердің жүкқұжатқа енгізілуін және оның дұрыстығын, массасын және бекіту-пломбалау құрылғылары немесе Жүк жөнелтушілердің бекіту-пломбалау құрылғылары бойынша пломбаларды тексеру арқылы тиелген контейнерлер тасымалдауға қабылданады.
396. Тиеу және түсіру орындарында контейнерлерді вагондар мен автомобильдерге тиеуді және оларды вагондар мен автомобильдерден түсіруді тасымалдаушы, жүк жөнелтуші, жүк алушы жүзеге асырады. Клиенттің кірме жолдарында бұл операцияларды жүк жөнелтушілер және/немесе жүк алушылар орындайды.
397. Жылжымалы құрамда контейнерлерді орналастыру мен бекіту жүктерді тиеу мен бекітудің техникалық жағдайларына сәйкес жүзеге асырылады.
Жүріс жолында контейнерлердің ығысуын болдырмау үшін оларды тиеу қоқыстан, ластан, мұз бен қардан тазартылған теміржолдық платформаларда, ал қыс кезінде сондай-ақ еденге 1-2 миллиметр қабатты таза құрғақ құм себу арқылы жүргізіледі. Бұл ретте контейнерлердің тірек беттері (түптері) платформаларға тиер алдында ластан, мұз бен қардан мұқият тазартылады.
Бос ірі тонналық контейнерлерді тасымалдау бекіту-пломбалау құрылғыларын пломбалау немесе контейнердің есіктеріне бұрауларды орнатып, вагондарға есіктерін сыртқа қаратып қою арқылы жүргізіледі.
398. Жүк жөнелтуші контейнерлермен тасымалдауға берілген жүктердің құндылығын жарияланған кезде тасымалдаушы осы Қағидаларға сәйкес жүктің тізімін береді.
399. Тағайындалу станциясында контейнерлерді беру, оларды тасымалдауға қабылдаудың ұқсас тәртібімен жүргізіледі.
Жүкті түсірген соң тасымалдаушыға тиесілі контейнерлерді тазартуды жүк алушы қамтамасыз етеді. Жүк алушы контейнерді тазарту жөніндегі талапты орындамаған кезде, тасымалдаушы, аталған талаптарды орындағанға дейін жүк жөнелтушіден контейнерлерді қабылдамайды.
400. Контейнерлер операторымен шарттары бар жүк жөнелтушілер мен жүк алушылардың, экспедиторлардың станциядан контейнерлерді әкетуі және әкелуі осы Қағидалардың 37-қосымшасына сәйкес КЭУ-16 нысандағы контейнерді станциядан шығаруға және оны станцияға қайтаруға арналған жүктелім бойынша жүргізіледі, ол тасымалдаушының өкілімен екі данада жазылып беріледі.
Осы Қағидалардың 37-қосымшасына сәйкес КЭУ-16 жүктелімдері бойынша, сондай-ақ контейнерлердің жүк жөнелтушілерде, жүк алушыларда және экспедиторларда болу уақытының есебі жүргізіледі. Контейнерлерді жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың және экспедиторлардың кірме жолдарында болуы уақытын есепке алу формасы осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес ГУ-45 нысанындағы жадынама бойынша контейнерлер операторы жүргізеді. Осы мақсатпен КЭУ-16 жүктелімдерінде осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес ГУ-45 нысанындағы жадынамаларда контейнерлердің нөмірлері қойылады.
Тиелген немесе бос контейнерді берген кезде, сондай-ақ бос немесе тиелген контейнерді станцияға қайтарған кезде, тасымалдаушының өкілі жүктелімнің тиісті бағандарына контейнердің берілген және қайтарылған күні мен уақытын қояды. Контейнермен бірге жүктелімнің екі данасы жүк алушыға, жүк жөнелтушіге беріледі, жүктелімнің бір данасы тасымалдаушыда қалады.
Меншікті контейнерлермен келген жүктер жүк алушыға контейнерлермен бірге беріледі және тасымалдаушы контейнерлердің қайтарылуына жауапты болмайды. Ақаусыз контейнерде жүк жөнелтушінің бұзылмаған пломбасымен келген жүктер жүк алушыға жиынын, жүктің жағдайы мен орнының санын тексерместен контейнерді және пломбаны сырттай қарау бойынша беріледі. Азаматтардың үй заттары алушылардың талабы бойынша тізімдемеге сәйкес тексеру арқылы беріледі.
Егер контейнерді жүк жөнелтуші немесе экспедициялық ұйымы техникалық ақаулы күйінде қайтарған болса, онда вагондарды қарап тексеруші мен тасымалдаушының станциядағы өкілі қол қоятын осы Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес ГУ-106 нысанды контейнердің техникалық күйі туралы акт жасалады.
Тасымалдаушы беретін контейнерлердің жүк жөнелтушілерде, жүк алушыларда болған уақытына тасымалдаушы контейнерлерді пайдаланғаны үшін төлемақы алады. Тасымалдаушы берген контейнерлер зақымдалған немесе жоғалған жағдайда жүк жөнелтушілер, жүк алушылар оларды жөндетуге не зақымданған немесе жоғалған контейнерлердің құнын тасымалдаушыға өтеуге міндетті.
401. Қауіпті жүктерді контейнерлермен тасымалдау қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасына сәйкес жүргізіледі.
402. Теміржолдық жылжымалы құрамға мамандандырылған контейнерлерді тиеу және оларды түсіру кірме жолдарында жүргізіледі.
Мамандандырылған контейнерлерді қабылдау, беру және сақтау (қауіпті жүктер тасымалданатын контейнерлерден басқа) егер контейнерлер контейнерлердің сақталуын және қызмет көрсету персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тиісті операцияларды орындау үшін қажетті құрылғылармен жабдықталған жағдайда, кірме жолдарында жүргізіледі.
403. Мамандандырылған ірі тонналық контейнерлерді контейнертасушы-платформаларда орналастыру вагондар мен контейнерлерде жүктерді орналастыру мен бекітудің техникалық жағдайларына сәйкес жүзеге асырылады.
404. Тиелген мамандандырылған контейнерлер тасымалдауға жүк жөнелтуші мен бекіту-пломбалау құрылғыларымен пломбаланып ұсынылады.
Мамандандырылған контейнерлерді қайтару тәртібі контейнерлердің иелері мен тасымалдаушы арасында жасалатын шарттармен реттеледі.
405. Пакеттің тұтастығы туралы куәлік ететін бақылау сипаттары бар пакеттеу құралдары көмегімен құрасытырылған жүктің ірілендірілген орны пакет болып табылады (пломба, құлыпқа бекітілген бақылау таспасы, отырғызу пленкасы және т.б.). Бір жөнелтілімдегі барлық пакеттер үшін бірдей бақылау сипаттарын пайдаланады.
406. Пакет тасымалдау және сақтау кезінде төмендегіні қамтамасыз етуі тиіс:
механикалық тиеу, босату және қайта тиеу мүмкіндігін;
пакеттің тұтастығын (бақылау сипаттарын бұзбай пакеттен жекелеген орындарды ау мүмкін болмайтын);
жүктің сақталуы және поездар қозғалысы қауіпсіздігі;
көліктік, қоймалық тиеу-түсіру және қайта тиеу жұмыстарын орындайтын қызметкерлердің қауіпсіздігі;
пакет өлшемдерінің вагон, контейнер өлшемдеріне реттілігін, ал ашық жылжымалы құрамда тасымалдаған кезде - тиеу габаритіне сәйкес келуін;
тасымалдау уақытында пакеттің тұрақтылығы, ал қажет жағдайларда бойлық пен көлденең жылжудан пакеттерді бекіту мүмкіндігі.
407. Ашық жылжымалы құрамда көліктік пакеттерде жүктерді тасымалдау осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
408. Вагондар мен контейнерлерге тиелеген пакеттердегі жүктер тасымалдауға кірме жолдарда қабылданады. Қабылдау шарттары бойынша көліктік пакет жеке жүк орнына теңестіріледі.
Көліктік пакет массасын жүк жөнелтуші белгілейді және оны жүкқұжаттың тиісті бағанында көрсетеді (пакеттеуші құралдарымен қоса жүк массасы).
409. Вагондар мен контейнерлерде көлік пакеттерін орналастыру және бекіту жүктерді орналастырудың және бекітудің техникалық шарттарына сәйкес және тиісті жүктерді тасымалдау қағидасын сақтап жүзеге асырылады.
25. Мұздап тоңазыған жүктерді тасымалдау тәртібі
410. Мұздап тоңазыған жүктерге үйіп тасымалданатын жүктер жатады, олар сыртқы ауаның температурасы 0о С-ден болған кезде жүк бөлшектерінің өзара мұздап тоңазуы және олардың вагонның шанағының еденіне және қабырғаларына мұздап қатуы салдарынан өздерінің әдеттегі сусымалы қасиетін жоғалтады.
411. Жүктің мұздап тоңазуына кедергі болатын алдын алу шараларын қолдану міндетті жылдың суық кезеңі басталғанға дейін жүк алушы мен жүк жөнелтуші тиісті дайындық жүргізеді, ол бірінші кезекте мұздап тоңазыған жүктерді түсіру пункттерінде алдын алу құралдарының қажетті қорын жасауды, үйілме жүктердің және тиеу кезінде вагондар шанақтарының, сондай-ақ түсіру пункттерінде мұздап тоңазыған жүктердің сусымалығын қалпына келтіру үшін механизмдер мен құрылғылардың алдын алуды жүргізу үшін қондырғыларды жөндеуді жүзеге асыруды көздейді.
412. Мұздап тоңазуға ұшыраған жүктерді тасымалдауға ұсынғанға дейін жүк жөнелтуші олардың мұздап тоңазуына қатысты МемСТ-тарда, техникалық шарттарда белгіленген қауіпсіз шектерге дейін өнімге ылғалдылығын азайтуға шаралар қабылдайды.
413. Қауіпсіз шектерге дейін үймелі жүктің ылғалдылығын кемітуге мүмкіндік болмаған кезде жүк жөнелтуші осындай жүкті жылдың суық мерзімінде вагондарға тиеген кезде тиісті алдын алу құралдарын қолдану жолымен оның мұздап тоңазуын және вагонның қабырғалары мен еденіне мұздап қатып калуын болдырмау жөнінде шаралар қабылдайды.
414. Мұздап тоңазуға қарсы алдын алу шаралары мен құралдарын порттар (порттар), егер олар жүк жөнелтушілер болып табылса, қолданады. Бұл жағдайда порт жүк құжатта белгі жасайды.
415. Үйіп тасымалданатын жүктердің мұздап тоңазуына қарсы алдын алу шаралары 15 қарашадан бастап 15 наурызға дейін жүргізіледі.
416. Алдын алу құралдарын қолдану жеткілікті дәрежеде тиімді болмаған жағдайларда жүк жөнелтуші түсіру пунктінде жүктің сусымалылығын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдайды.
417. Мұздап тоңазитын жүктерге жататын үйіп тасымалданатын жүктердің тізбесі осы Қағидалардың 38-қосымшасында жазылған.
Жүктерді мұздап тоңазудан сақтандыратын алдын алу шараларының (бұдан әрі – алдын алу шаралары) санатына мыналар жатады:
үйілмелі жүктерді қауіпсіз ылғалдылыққа дейін алдын ала кептіру;
ылғалданған жүктерді оларды тиегенге дейін мұздату;
олардың массасын, сондай-ақ ашық вагондар мен платформалардың едені мен қабырғаларын таскөмірлік және минералдық майлармен, сақтандыру сұйықтарымен бірқалыпты бүрку;
жүктің үстіне сөндірілмеген әкті, ағаш үгінділерін себу.
Үйіліп тасылатын жүктердің көпшілік түрлерін мұздап тоңазудан сақтандыратын алдын алу шаралары осы Қағидалардың 39-қосымшасына сәйкес келтірілген.
418. Жүктерді қоршаған ауаның төмен температурасы жағдайларында, ауысатын климаттық және метеорологиялық жағдайларда (әсіресе жылдың ауыспалы мерзімдерінде) жүк алушылар мұндай жүктердің сусымалылығын қалпына келтіру үшін мұздап тоңазитын жүктер түсірілетін пункттерді жылыту немесе механикалық қопсыту құралдарымен жарақтандырады.
Мұз болып қатып қалатын жүктерді жылыту үшін жылы үйшіктер және басқа жылыту құрылғылары (мысалы, инфрақызыл сәуле шығарғыштар) пайдаланылады.
Мұндай жүктерді механикалық қопсыту үшін бұрғыфрезерлік қондырғылар, өздігінен жүретін дірілсоққылық қондырғылар, әртүрлі түрдегі дірілқопсытқыштар, экскаваторлық түрдегі қондырғылар қолданылады.
Мұз болып қатып қалатын жүктерді жылыту, жүктердің сусымалылығын механикалық қопсытумен немесе түсіруді қамтамасыз ететін басқа тәсілдермен қалпына келтіру жүк алушы бекіткен Қағидаға сәйкес жүргізіледі. Нұсқаулықта осы құралдардың жұмыстық параметрлері және пайдалану технологиясы, қауіпсіздік техникасының ережесі мен жылжымалы құрамның зақымдануын болдырмайтын шаралар көрсетіледі.
419. Егер жүк құжатында жүк жөнелтуші тиеу кезінде мұздауға қарсы шаралар қолданғаны туралы немесе жүк алушының сақтандыру құралдарын қолданбастан, жүкті тасымалдауға келіскені туралы көрсетілмеген болса, мұз болып қатып қалатын жүктерді тасымалдауға қабылдауға рұқсат берілмейді.
420. Жүк жөнелтушінің сақтандыру шараларын немесе мұз болып қатып қалатын жүктерді жөнелту шарттарын бұзуы нәтижесінде жүктер мұз болып қатып қалған күйде келген жағдайда, тасымалдаушы жүк алушының қатысуымен жалпы нысанды ГУ-23 актісін жасайды. Актіде жүктің мұз болып қатып қалған күйде келу фактісі расталады.
26. Тез бүлінетін жүктерді тасымалдау тәртібі
1-параграф. Жалпы шарттар
421. Тез бүзылатындарға теміржол көлігімен тасымалдау кезінде өз қасиеттері бойынша стандарттарға, техникалық регламенттерге, техникалық шарттарға сәйкес, оларға сыртқы ауаның жоғары немесе төмен температурасының әсер етуінен қорғауды, жүру жолында күтуді немесе ерекше қызмет көрсетуді талап ететін жүктер жатады.
Тез бұзылатын жүктер изотермиялық вагондарда (рефрижераторлық вагондар, термос-вагондар, термос-цистерналар, изотермиялық вагон-цистерналар), жабық вагондарда, әмбебап және рефрижераторлық контейнерлерде тасымалданады.
422. Жүк жөнелтуші тиеу алдында жүктің термикалық күйі мен физиологиялық күйін, оның жарамдылық мерзімін, жеткізудің есептік мерзімін, сондай-ақ бүкіл жол жүру бойында неғұрлым қолайсыз климаттық жағдайларды ескеріп, тез бұзылатын жүкті тасымалдау үшін қ ажет қорғау шаралары мен вагонның және контейнердің түрін белгілейді.
423. Тасымалдауға ұсынылатын тез бүлінетін жүктердің сапасы, сондай-ақ олардың ыдысы және орамасы нормативтік құжаттармен (стандарттармен, техникалық шарттармен және жүктің сапасы мен орамасына қойылатын талаптары бар өзге құжаттармен) белгіленген талаптарға сай болуы тиіс.
424. Жүк жөнелтуші тез бүлінетін жүктерді тасымалдауға ұсынған кезде тасымалдау құжаттарымен бірге әр жүк вагонына Қ азақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 107 бұйрығымен бекітілген Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында инфекциялық және паразиттік аурулардың әкелінуін және таралуын санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10521 болып тіркелген), «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы және «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес тасымалдаушыға ілеспе құжаттарды береді.
425. Егер жүк құжатында көрсетілген тасымалдауға жарамды мерзімі осы Қағидалардың 15-тарауына сәйкес белгіленген жеткізу мерзімінен аз болса, тез бүлінетін жүктер тасымалдауға қабылданбайды.
426. Тез бүлінетін жүктерді тиеуге түзу, ал қажет кезде – белгіленген ветеринарлық-санитарлық талаптарды қанағаттандыратын вагондар, контейнерлер беріледі.
Тез бүлінетін жүктерді тасымалдау кезінде вагондардың ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкестігін жүк жөнелтуші анықтайды.
Тасымалдаушыға тиесілі емес немесе ол сүт, шарап, шарап материалдары мен құйылатын басқа тағамдық жүктерді құюға жалға берген мамандандырылған цистерналарды дайындауды жүк жөнелтуші жүргізеді.
427. Тасымалдаушы жүктің жеткізілу мерзімі бұзылып келген, рефрижераторлық вагондармен тасымалдау кезінде температуралық режим сақталмаған жағдайларда, тез бүлінетін жүктерді тағайындалған станциясында беруді жүргізеді, оның жағдайын, массасы мен орындарының санын тексереді.
428. Температуралық режимді ұстай отырып, рефрижераторлық вагондарда тасымалданатын тез бүлінетін жүктердің бүлінуіне коммерциялық акт жасау кезінде, жұмыс журналынан алынған, коммерциялық актіге қызмет көрсететін бригада басшысының қолымен расталған, жүру жолындағы температуралық режим туралы көшірме қоса беріледі.
429. Тез бүлінетін жүктерді пешпен жылытылатын вагондық жөнелтпелермен тасымалдау үшін тасымалдаушы жүк жөнелтушінің өтінімі бойынша жабық вагондарды береді. Пештер мен пеш жабдықтарын жүк жөнелтуші өз есебінен сатып алады және орнатады.
Жекелеген жағдайларда, шарттық жағдайларда және тасымалдаушының рұқсатымен жолсерік рефрижераторлық секциялардың қызметтік вагонында немесе қызметтік бөлімшесі бар автономиялық рефрижераторлық вагондарда (АРВ-Э) сапар шегеді.
430. Жабық вагондар балық пен май шабақты, картопты, ас қызылшасын, сәбізді, қарбыздарды, жаңа піскен қырыққабатты, бөшкелік ыдыста тұздалған және ашытылған көкөністер мен тірі өсімдіктерді түсіргеннен кейін міндетті жууға жатады.
Етті, ет өнімдерін және балықты түсіргеннен кейін рефрижераторлық вагондар, жануарларды, құсты, шикі жануарларды тасымалдау үшін пайдаланылған вагондар (контейнерлер), «Ветиранария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес міндетті зарассыздандыруға жатады.
431. Ветеринарлық-санитарлық өңдеуден өткен вагондарға ветеринарлық қадағалау саласындағы құзырлы орган белгілеген тәртіппен тиісті құжат беріледі. Рефрижераторлық секцияларды немесе АРВ-Э-ні ветеринарлық-санитарлық өңдеуден кейін оларға тез бүлінетін, соның ішінде мемлекеттік ветеринариялық қызмет органдарының бақылауындағы жүктерді тиеуге негіз болып табылатын аталған құжаттың көшірмесі қызмет көрсететін бригаданың басшысына беріледі.
432. Рефрижераторлық секцияларда жүктерді тасымалдау кезінде жүк жөнелтуші әрбір жүк вагонына жүк құжатын және басқа ілеспе құжаттарын береді.
2-параграф. Тез бүлінетін жүктерді орналастыру және қалау
433. Жүк жөнелтуші тез бүлінетін жүктерді тиеу кезінде оларды вагонда, контейнерде орындарды ластамай, ыдысты және вагонның (контейнердің) ішкі жабдығын бүлдірмей, вагондар мен контейнерлерде жүкті орналастыру мен бекітудің техникалық шарттарына және желдету шарттарына сәйкес орналастырады және қояды.
434. Тез бүлінетін жүктер (жеміс-көкөністерді қоспағанда) білте тақтайшаларды қолданусыз тығыздап қатарлап қаланады. Жәшіктерді тығыздап қалау кезінде вагонның (контейнердің) ұзына бойына бір-біріне және бүйірлік қабырғаларға тақау тығыздап орналастырылады. Вагонның (контейнердің) ені бойынша жәшіктердің көлемдері еселенбеуі мен жүк жайының ені есебінен пайда болатын саңылаулар жәшіктердің арасында біркелкі бөлінеді.
Бөшкелерде, қаптарда, торларда тасымалданатын жүктер жүк орындарының көлемдері мен вагонның (контейнердің) ені еселенбеуі жағдайында вагонның, контейнердің бойлық осіне симметриялы түрде орналастырылады.
435. Бөшкелерді жылдың қысқы мезгілінде жабық вагондар мен әмбебап контейнерлерде тасымалдау кезінде олардың сыйымдылығын 10-15%-ға толтырмай қалдырған жөн, бұл туралы жүк жөнелтуші жүк қағазының «Жөнелтушінің ерекше мәлімдемелері мен белгілері» бағанына белгі соғады.
436. Вагонда жүктер есіктердің екі жағынан да еркін ашылуы қамтамасыз етілетіндей етіп орналастырылады.
437. Осы Қағидада тиеу биіктігі көрсетілмеген жәшіктердегі тез бүлінетін жүктер тиелген жүктің массасы вагонның трафареттік жүк көтергіштігінен аспайтындай биіктікке дейін қаланады. Жүк қатарының жоғарғы жағы мен жабдығы жоқ вагон төбесінің арасында 70 сантиметрден кем емес аралық қалдырылады. Вагонда ауаарна мен ілмектері бар арқалықтар болғанда олар мен жүктің арасында кем дегенде 40 сантиметр қашықтықта орнатылады. Есік аралық кеңістікте мұндай жүктерімен орындарды қажет болғанда есіктерге жүктердің бастырмалатып құлауының алдын алатын, тақтайлар қатарының екі жоғарғы қабаты биіктігінде есік тесіктерінде вагонның бойымен, көлденең немесе диагоналы бойынша орналастыруға рұқсат етіледі. Жылжып кетуді болдырмау үшін жәшіктерді жоғарғы қабаттарға сатылап толық емес қатарлап қоюға рұқсат етілмейді.
438. Жүк жөнелтуші тез бүлінетін жүктерді тиеу, бекіту және тасымалдау үшін қажетті жабдықтардың, материалдарың және өзге де құралдардың болуын қамтамасыз етеді.
Тиеуді және түсіруді кімнің жүзеге асыратынына байланысты, тиеу кезінде мұндай құралдарды орнатуды және түсіру кезінде оларды алуды жүк жөнелтушілер, жүк алушылар немесе тасымалдаушы жүргізеді.
3-параграф. Ет және ет өнімдері
439. Вагондарға ет пен ет өнімдерін тиеуге оларды мал дәрігері қарап тексергеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Ет пен ет өнімдерін тиеуге тағайындалған уақыт туралы жүк жөнелтуші вагондарды жүк тиеуге бергенге дейін кем дегенде үш күн бұрын мемлекеттік ветеринарлық қызметтің органына хабарлайды.
440. Жүк жөнелтуші ет пен ет өнімдерін тасымалдауға ветеринарлық куәлікте көрсетілген станцияға және сол жүк жөнелтушінің адресіне ғана ұсына алады. Жүк тиеу (адресін өзгерту) кезінде аталған ветеринарлық куәліктегі тағайындалған станция мен жүк жөнелтушіні өзгертуге тек мемлекеттік ветеринарлық қызмет органымен келісім бойынша рұқсат етіледі. Мұндай жүктердің адресін өзгертуге мемлекеттік ветеринарлық қызмет органымен келісім бойынша рұқсат етіледі.
441. Ет және ет өнімдерін жыл мезгілдері бойынша рефрижераторлық вагондарда тасымалдаудың шекті мерзімдері осы Қағидалардың 40-қосымшасында көрсетілген.
4-параграф. Балық және балық өнімдері
442. Тасымалдауға ұсынылатын мұздатылған балықтың, балықтың жон еті мен теңіздің тарақ балығының, мидиялардың, трепангтердің, таңқышаян таяқшаларының, таңқышаяндардың, пісірілген-мұздатылған асшаяндардың және басқа мұздатылған теңіз өнімдерінің температурасы минус 18о С-ден жоғары болмайды. Таңқышаян таяқшаларын, пісірілген таңқышаяндар мен асшаяндарды мұздатылмаған күйде тасымалдауға рұқсат етілмейді.
443. Суық және ыстық күйде ысталған, кептірілген балық пен балық жон етінің өнімдері және басқа балық тауарлары тек ыдыста ғана тасымалданады. Ыстық күйде ысталған балық пен балық өнімдері тасымалдау тек мұздатылған күйінде жол беріледі.
444. Балық және балық өнімдерін жыл мезгілдері бойынша рефрижераторлық вагондарда тасымалдаудың шекті мерзімдері осы Қағидаларға 40-қосымшада көрсетілген.
5-параграф. Жаңа піскен жемістер мен көкөністер
445. Тасымалдауға жеміс мен көкөністер жаңа піскен, таза, механикалық зақымдалмаған және зиянкестер мен аурулар бүлдірмеген, сыртының ылғалдықсыз ұсынылады.
446. Жеміс мен көкөністер рефрижераторлық вагондар мен рефрижераторлық контейнерлерде тек ыдысқа салынып тасымалданады.
447. Жаңа піскен жеміс мен көкөністерді тасымалдаудың шекті мерзімдері осы Қағидалардың 40-қосымшасында көрсетілген.
6-параграф. Сүт, май-ірімшік жасау және май өнеркәсібі

Каталог: bitrix


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   79




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет