Ис bestProfi



бет22/79
Дата06.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#76380
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   79

тазалау және жуу

590. Жүк алушы оның мекенжайына келген жүкті қабылдауды, жылжымалы құрамды босатуды, оны тазартуды, ал қажет болған кезде осы Тарауға сәйкес жууды қамтамасыз етеді.
591. Жүктерді түсіргеннен кейін вагондарды, контейнерлерді тасымалдауға вагондардың тиісті түрлеріне (үлгілеріне) сәйкес пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес техникалық жарамды, жүгі толығымен түсірілген, іші мен сырты тазартылған, есіктері, люктері, борттары, құю аспаптарының қақпақтары жабық күйінде тапсырылады.
Босатылған және тазартылған вагонды, контейнерді жүк алушыдан тасымалдаушының өкілі қол қойылған вагондарды беру-тазалау ведомосінде немесе қабылдап тапсырушының жаднамасында қол қойып қабылдайды.
592. Жүк түсірілгеннен кейін вагонның жүкпен бірге берілмейтін алынатын және алынбайтын жабдықтарын қоспағанда, вагон сыртында және ішінде, қаңқасында және контейнерлерде, сондай-ақ вагонның жүріс бөліктерінде (арқалықтарда, арбашаларда, қақпақтарда, люктерде) және вагонаралық қосылыстарда, жүктің барлық қалдықтары жойылған вагондар, контейнерлер (вагон-цистерналардан, бункерлік үсті ашық вагондардан басқа) тазаланған деп саналады.
Егер қазандардың және бункерлердің ішкі және сыртқы жақтарында жүк қалдықтары болмаса, вагон-цистерналар, бункерлік үсті ашық вагондар тазаланған деп саналады.
Жүк цистернаның жоғарғы жағынан ағызылған кезде, жоғарғы люктен 1 сантиметрден аспайтын жүктің ағызылмаған қалдығына жол беріледі.
Вагондардағы, контейнерлердегі, вагондар рамасындағы белгілер мен трафареттер анық оқылатындай болуы тиіс.
593. Үйме және ақтарылатын жүктерді айналмалы маршрутпен тасымалдағанда жүк түсірілгеннен кейін вагонда қалатын жүктің рұқсат етілетін қалдығы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына қарай, жүк жөнелтуші мен жүк алушының, тасымалдаушының жазбаша келісімі бойынша анықталады.
594. Ашық жылжымалы құрамдағы атмосфералық жауын-шашын ертеректе тасымалданған жүк қалдығы және оның ластану белгісі болып саналмайды. Вагондарды жауын-шашыннан тазалауды жүк жөнелтуші жүргізеді.
595. Вагонның, контейнердің сыртқы және ішкі беті ластаушы заттардан: қорғағыш үлдір қалдықтарынан, эмульсиядан, сондай-ақ жапсырма суреттен, жапсырма хаттан, таңба салынатын тақтадан, бор таңбасынан тазаланған болуы тиіс (бос вагонда, контейнерде мұндай жапсырмалардың болу жағдайын қоспағанда немесе вагондармен, контейнерлермен бұл жүктерді тасымалдау ережелерінде бұл жағдайлар қарастырылса).
596. Вагондарды, контейнерлерді тазалаудың барлық амалы, олардың міндетті түрде сақталуын қамтамасыз етуі қажет, сондай-ақ қоршаған ортаны ластауға жол бермеуі керек.
597. Вагонда, контейнерде бұрын тасылған жүктен қалған қалдық табылса, жүк алушы міндетті түрде вагонды, контейнерді қалған қалдықтан толық тазартууы тиіс.
598. Жүк алушы жүк жөнелтушінің мекенжайына тазартылмаған вагонға, контейнерге, жүк тиегені үшін шағым жіберуге құқылы. Жүк алушының арызы бойынша тасымалдаушы жалпы нысандағы ГУ-23 актісін жасай отырып, вагонда, контейнерде бұрын тасылған жүктен қалған қалдықтың бар екенін растауға қатысуы мүмкін.
599. Жабық вагондарды жуып-шаю оларды түсірген соң осы Қағидаларға 46-қосымшаға сәйкес Жабық вагондарды жуу жүргізілуі тиіс жүктердің тізбесінде көрсетілген жүктер түсірілгеннен кейін жүргізіледі.
600. Оларды түсірген соң осы Қағидаларға 46-қосымшаға сәйкес Жабық вагондарды жуу жүргізілуі тиіс жүктердің тізбесінде көрсетілген жүктер түсірілгеннен кейін, вагондарды жуып-шаю мына жағдайларда жүргізілмейді:
айналма маршруттармен ластаушы, сасық иісті заттарды тасығанда, егер бұл вагондар сол заттарды тиеуге берілетін болса;
егер вагон бір ластаушы (сасық иісті) зат түсірілгеннен кейін қосарланған операция тәртібімен сол вагонға басқа ластаушы (сасық иісті) зат тиелетін болса.
601. Астықтасығыш вагондар астықсыз жүк түсірілген соң, жүк алушылардың жуып-шаюына жатады. Ашытқы түсірілгеннен кейін жүк алушы арнайы иісті жою мақсатында астықтасығыш вагондарды желдетеді.
602. Жүк алушының вагонды жуып-шаюға жағдайы болмаған кезде, жуып-шаюды тасымалдаушы жүк алушының есебінен жүргізуі мүмкін.
Жүктерді және көлік құралдарын залалсыздандыруды жүк алушылар жүргізеді немесе жүк алушының есебінен жуу пунктіне дейінгі көлік шығыстарын төлей отырып, мемлекеттік тиісті бақылау (қадағалау) органдары жүргізеді.
603. Малдарды, құстарды, малдан шыққан шикі өнімдерді түсіргеннен кейін вагондарды, контейнерлерді жуып-шаюды, ветеринарлық-санитарлық өңдеуді жүк алушы қамтамасыз етеді немесе тасымалдаушы жүк алушының есебінен қамтамасыз етеді.
604. Вагоннан немесе контейнерден, жекеменшіктегілерді және жалға алынғандарды қоспағанда, буып-түйілген қауіпті жүктерді түсіргенде ағу, төгілу, ерекше иіс немесе жүктің шашылуы анықталған болса, вагонды, контейнерді тазарту, ал қажет болған жағдайда жүк алушының есебінен және құралдарымен вагонды, контейнерді жуып-шаю және залалсыздандыру қажет.
605. Егер жүкті түсіру орнында вагонды немесе контейнерді тазалау және өңдеу жүргізілмесе, онда бұл вагон немесе контейнер бұрын тасымалданған қауіпті жүктің шарттарына сәйкес тасымалданады.
606. Ақтарма және үйілмелі қауіпті жүктер тасымалданған және осындай жүкті тасымалдауға қайта пайдаланбайтын вагондар немесе контейнерлер жүкті түсіргеннен кейін толық тазалануы тиіс.
607. Осы Қағидада баяндалған талаптар бұзылғанда, тасымалдаушы тазартылмаған вагондардан, контейнерлерден бас тартуға құқылы. Вагондардың, контейнерлердің тазартуда болған уақыты үшін жүк алушы тасымалдаушыға вагондарды пайдаланғаны үшін төлем төлейді.
608. Бос вагондарды жууға немесе ветеринарлық-санитарлық өңдеуге жіберу толық тасымалдау құжаттары бойынша тасымалдау ақысын төлеу арқылы жүргізіледі.
Теміржол көлігімен

Каталог: bitrix


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   79




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет