Ис bestProfi


Индустрия және инфрақұрылымдық



бет2/2
Дата16.01.2022
өлшемі24,82 Kb.
#112207
1   2
Байланысты:
zhaj seriktestikting birlesken qyzmeti turaly ulgilik shartyn bekitu t


Индустрия және инфрақұрылымдық


даму министрінің


2019 жылғы _______


№ _____ бұйрығына қосымша

Жай серіктестік шарты (бірлескен қызмет туралы)

Нұр-Сұлтан қ. №_____ "_____"__________2019ж.

1. ________________________________________________________________,

2. ________________________________________________________________,

3. ________________________________________________________________,

4. ________________________________________________________________,

5. ________________________________________________________________,

«жеке тұлғалардың т. а. ә., азаматтығы, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен күні»

бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.

1. Шарттың Мәні

1.1. Бір көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларын меншік иелерінің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін сақтауды қамтамасыз ету, кондоминиум объектісін басқару, оны күтіп-ұстауды қаржыландыру мақсатында Тараптардың заңды тұлға құрмай бірлескен қызметі Шарттың мәні болып табылады.

1.2. Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметтерді көрсету үшін Тараптар осындай қызмет түрін көрсететін ұйымды жасалған шарт негізінде тарта алады.

1.3. Тараптар өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңына сәйкес, Тараптардың тең құқылығы, өзін-өзі басқару, заңдылық, қызметтің жариялылығы қағидаттарында жүзеге асырады.

1.4. Тараптар пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне жүктелген шешімдерді бірлесіп қабылдау және міндеттерді орындау жөніндегі барлық міндеттемелерді өзіне қабылдайды.

1.5. Тараптар кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау мақсатында, сондай-ақ табыстар алу немесе заңға қайшы келмейтін өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет етуге міндеттенеді. Жай серіктестік заңды тұлға болып табылмайды.

2. Жалпы мүлікті басқару және жалпы істерді жүргізу

2.1. Кондоминиум объектісін басқаруды Тараптар бірлесіп жүзеге асырады.

2.2. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың жалпы істерін жүргізу олардың жалпы келісімі бойынша жүзеге асырылады.

2.3. Тараптар өзара келісім бойынша бірлескен қызметке басшылық жасауды және ортақ істерді жүргізуді қатысушылардың біріне, Шарттың қалған қатысушылары берген жай жазбаша сенімхат негізінде әрекет етуді тапсыра алады.

2.4. Жай серіктестіктің сенім білдірілген адамы "тұрғын үй қатынастары туралы"Қазақстан Республикасының Заңында көзделген функцияларды орындайды.

3. Тараптардың ортақ мүлкі

3.1. Тараптардың кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалану олардың жалпы келісімі бойынша жүзеге асырылады.

3.2. Тараптардың кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі міндеті және осы міндетті орындауға байланысты шығыстарды өтеу тәртібі жеке меншіктегі үлеске мөлшерлес бөлінеді.

3.3. Ортақ меншіктегі Тараптардың Үлесі, мүлікті жеке меншік үлесіне тең.

4. Ортақ мүлікті қалыптастыру көздері

4.1. Жалпы мүлік: материалдық құндылықтар мен қаржы ресурстарын, сондай-ақ осы Шартта көзделген бірлескен қызметті қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де мүлікті құрайды.

4.2. Кондоминиум объектісін басқару мақсатына қол жеткізу, оны күтіп-ұстауды қаржыландыру және оның сақталуын қамтамасыз ету үшін бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар жарналарды ақшалай не еңбек салымы арқылы енгізеді.

4.3. Бірлескен қызмет бойынша жалпы шығыстарды жабу үшін салымдар жеткіліксіз болған кезде және оның нәтижесінде туындаған шығындар шартқа қатысушылардың ортақ мүлкі есебінен жабылады, ал жетіспейтін сомалар олардың арасында кондоминиум мүлкіндегі үлестеріне тепе-тең бөлінеді.

4.4. Ортақ мүлікті қалыптастыру көздері:

1) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің ай сайынғы жарналары (төлемдері);

2) мүліктік жалға (жалдауға) берілген жалпы мүлік үшін төлем;

3) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасында көзделмеген пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері енгізетін нысаналы жарна;

4) қайырымдылық акцияларын және басқа да іс-шараларды өткізуден түсетін түсімдер;

5) гранттар түріндегі қаржылық көмек;

6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де ақшалай қаражат және түсімдер (ерікті жеке инвестициялар және т. б.).

4.5. Жинақ шотындағы тараптардың ай сайынғы жарналары көп пәтерлі тұрғын үйге (оның жекелеген жұмыс түрлеріне) күрделі жөндеу жүргізуге ғана арналады және басқа мақсаттарға пайдалануға болмайды.

4.6. Тараптардың ай сайынғы жарналарын қоса алғанда, ортақ мүлікке келіп түскен барлық ақша қаражаты Тараптарға жалпыға ортақ меншік құқығымен тиесілі және жарғылық мақсаттарға жіберіледі.

5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

5.1. Тараптар құқығы:

1) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға қатысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге;

2) тараптардың алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді жәрдемдесу, ақпарат алу;

3) жасалған шарттар бойынша коммуналдық қызметтерді алуға;

4) әрбір тарап көппәтерлі тұрғын үйге қатысты барлық құжаттамамен танысуға, сондай-ақ бірлескен қызмет бойынша кез келген басқа ақпарат алуға құқылы.

5.2. Тараптар міндеттенеді:

1) кондоминиум объектісін басқару жөніндегі шығыстарға қатысуға;

2) көп пәтерлі тұрғын үйге қатысты бірлескен іс-шараларға қатысу;

3) көп пәтерлі тұрғын үйді басқаруға және ұстауға ай сайынғы жарналарды уақтылы енгізуге;

4) жалпы үй мүлкі мен үй жанындағы жер учаскесінің тазалығы мен сақталуын сақтауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, көршілерді құрметтеуге;

5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі сервистік қызмет субъектілерін шарттық негізде тарту;

6) ортақ мүлікке материалдық залал келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеу.

6. Серіктестіктен шығу

6.1. Жеке меншіктегі мүлікке меншік құқығын иеліктен шығаруға байланысты осы Шартты тоқтатуға ниет білдірген Тарап бұл туралы Шарттан шығуға дейін кемінде 10 күн бұрын мәлімдеуі тиіс. Өтініш жазбаша түрде жасалуы тиіс.

7. Шарттың қолданылу мерзімі

7.1. Осы Шарт оған тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және мерзімсіз сипатта болады.

7.2. Осы Шартты тоқтатудың негіздері мен тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалады.

7.3. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалуы және тараптар қол қоюы тиіс.

8. Дауларды шешу тәртібі

8.1. Осы Шартты орындау кезінде туындайтын даулар мен келіспеушіліктер мүмкіндігінше тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешілетін болады.

8.2. Дауларды келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда Тараптар оларды сот тәртібімен шешуге құқылы.

9. Қорытынды ережелер

9.1. Осы Шартта реттелмеген барлық өзге жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық және тұрғын үй заңнамасының ережелерін басшылыққа алатын болады.

9.2. Шарт әр тарап үшін бір-бір данадан жасалды.

9.3. Осы Шартқа барлық қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.



10. Тараптардың деректемелері



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет