Қысқа мерзімді жоспар әзі



бет2/5
Дата08.02.2022
өлшемі32,58 Kb.
#120182
1   2   3   4   5
Сабақты жоспарлау
Сабақ мақсатын анықтаған соң, мұғалім осы мақсатқа қол жеткізу үшін сабақты қалай жоспарлау керек екендігін шешеді. Сабақ мақсатына жету үшін мұғалім бірқатар белсенді оқу тәсілдерін қолдана алады. Дәстүрлі дидактикалық оқыту әдістерінде жекелеген оқушының тұлғалық дербестігіне, ұмтылысы мен уәждеріне, мүдделері мен дағдыларына, оқу ерекшеліктеріне жеткілікті дәрежеде мән беріле бермейді. Оқыту мен оқудың заманауи әдістері оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеру арқылы оқу үдерісін ұйымдастыруға аса мән береді және бұл бағыттағы мұғалімнің табыстылығы оқушылардың оқу үлгеріміне оң әсерін тигізеді. Мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарын орындау үшін, сонымен қатар, оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сабақты барынша тиімді жоспарлауы қажет.
Мысал ретінде алынған 7-сыныптағы «Денсаулық – зор байлық» бөлімі бойынша Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу коммуникативтік дағдысы аясындағы оқу мақсаттарының бірі 7.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу деген оқу мақсаттарына байланысты мұғалім барынша белсенді сабақ жоспарын әзірлей алады:
- мұғалім оқушыларға денсаулық тақырыбында оқылым не тыңдалым мәтінін ұсынады; - мәтінді оқушылар жеке оқып шығады немесе барлығы бірлесе тыңдайды;
- оқушылар өздері оқыған не тыңдаған мәтіннің тірек сөздерін анықтайды;
- жеке жұмыс істеп, тірек сөздерді жазады, сосын жұпта және топта салыстырады;
- жұмыстың соңғы нәтижесін сынып алдында талқылай отырып, негізгі тірек сөздерді анықтап алады;
- іріктелген тірек сөздерді екінші бір баламаларымен – синонимдерімен жазып шығады.
- оқушыларға баламалары табылған тірек сөздерді қатыстыра отырып, тарау тақырыбы негізінде шағын, жинақы мәтін жазу тапсырылады.
Сабақ жоспарында мұғалім:
- сабақ мақсатын анық, түсінікті түрде тұжырымдауы;
- сабақ жоспарының әртүрлі компоненттерінің тиісті бөлшектерін қамтуы (оқу жоспарындағы сабақ жоспарының үлгісін қараңыз);
- логикалық жағынан реттелген және оқу мақсаттарына сай келетін жаттығулар мен тапсырмалар туралы толық ақпарат ұсынуы;
- мақсатты білім мен дағдыларды қалыптастыруға арналған тиісті әдіс-тәсілдерді анықтап, проблемаларды алдын ала көре білуге және анықталған дағдыларға қатысты шешім ұсынуы;
- қажетті материалдар мен ресурстарды пайдалануды жоспарлауы тиіс. Сабақты жоспарлау барысында мұғалімнің ескеруі тиіс бірқатар мәселелер:
- Сабағымның мақсаты қандай? Сабақтың әрбір бөлімі оқушыны мақсатқа жетуге жетелей ме?
- Оқушылар іс жүзінде не істейді? Мен оқушыларға олар не істейтінін және олар қандай нәтижеге қол жеткізу керектігін қалай түсіндіремін?
- Оқушылардың білімді игергенін қалай білемін?
- Егер мен өзім осы сабақта оқушы болсам, бұның бәрін қалай қабылдар едім? Оқушыға көмек көрсетіле ме / жігерлендіріле ме? Қосымша материал ала ма?
- Жоспар қаншалықты икемді? Оқушының көп түсіндіруді қажет ететін қызықты сұрағы, дыбыс-бейне құралдарды пайдаланудағы қиындықтар, әлдебіреудің сырттан рұқсатсыз кіріп келуі сияқты күтпеген оқиғалар туындаса, оларды қалай шешемін?
- Оқушылар ұсынатын кері байланысқа қатысты, оны қалай жіктеп, жазып және талқылаймын?
Төмендегі сұрақтар мұғалімге сабақтан кейінгі рефлексия жасауға мүмкіндік береді: - Менің оқушыларым бүгін не үйренді? Бұған не әсер етті?
- Сабақта ештеңеге үйренбеген балалар болды ма? Мұның себебі қандай?
- Сабақта қолданған әдістерім сәтті болды ма? Сабақ бұдан да сәтті өтуі үшін басқа қандай әдістер қолдануым керек еді?
- Сабақта ерекше бір жағдай байқалды ма? Бұл неліктен осылай болды?
- Сабақта оқушылардың жинақтаған білімі мен тәжірибелері, қызығушылық танытатын салалары есепке алынды ма? Мұны қалай жақсартуға болатын еді?

Қысқа мерзімді жоспар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет