Қысқа мерзімді жоспар. Пән мұғалімі: Бакирова А. Т



Дата10.06.2017
өлшемі61,82 Kb.
#19035
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар.

Пән мұғалімі: Бакирова А.Т.


Пәні : физика

Сыныбы: 8 ә Күні: 12.01.2015ж

Тақырыбы:

Кернеу. Вольтметр.

Мақсаты


Электр кернеуі ұғымдарын қалыптастыру, өлшем бірліктерін енгізу, вольтметрдің жұмыс істеу принциптерімен таныстыру, сызба бойынша электр тізбегін құрастыру дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

Электр кернеуі ұғымы бар, өлшем бірліктерін біледі, вольтметрдің жұмыс істеу принциптерімен таныс, сызба бойынша электр тізбегін құрастыра алады. Формула бойынша электр кернеуін анықтай алады.

Түйінді идеялар (кілтті сөздер)

Кернеу - тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасына тең.

Сабақ кезеңдері:

Сабақ барысы

Бағалау

ресурстар

  1. Кіріспе




  1. Ұйымдастыру.

  2. Амандасу «Сәлемдесу» тренингі. ( бір-бірімен «Сәлеметсің бе, менің досым!» деп амандасу)

  3. Топқа бөлу (ток күші, кернеу, кедергі )




«ток күші, кернеу, кедергі» сөздері бар кеспе қағаздар



  1. Тұсаукесер

Миға шабуыл

  1. Электр тогы дегеніміз не?

  2. Электр тогы пайда болу және ұзақ сақталу үшін қажетті және жеткілікті шарттарға не жатады?

  3. Қандай құрылғыларды ток көздері деп атайды?

  4. ЭҚК деп нені айтады?

мадақтау





  1. Негізгі бөлім

Ойлан, жұптас, топтас.

тізбек бөлігінің U кернеуін табу үшін А — ток жұмысын осы бөліктен өтетін q — зарядқа бөлу керек:

Ең алғаш ток көзін жасаған А. Вольтаның құрметіне кернеу бірлігі ретінде вольт (В) алынған. 1 В — бұл электр өрісі тізбек бөлігінде 1 Кл зарядты тасымалдауға 1 Дж жұмыс жасайтын кернеу. Егер тізбек бөлігінің кернеуі 10 В болса, онда тізбек бойымен 1 Кл зарядты тасымалдау үшін 10 Дж жұмыс жасалады. Іс жүзінде вольттан басқа (еселік және бөліктік) кернеу бірліктері де қолданылады. Мысалы, киловольт және милливольт: 1 кВ = 1000 В, 1 мВ = 0,001 В. Кернеуді өлшейтін құрал вольтметр деп аталады. Вольтметрлердің құрылымы әр түрлі. Тізбекке вольтметрді қосқанда мынадай ережелерді орындау қажет: 1) вольтметр клеммаларын арасындағы кернеуді өлшеу қажет болатын тізбек нүктелеріне қосу керек (керекті тізбек бөлігіне параллель); 2) вольтметрдің «+» таңбалы клеммасын ток көзінің оң полюсін жалғанған тізбек нүктесіне, ал «–» таңбасы клеммасын ток көзінің теріс полюсі жалғанған нүктеге қосылады.






Оқулықтан § 36 оқу

  1. Бекіту

  1. Постер жасау

І топ: Ток күші Амперметр.

ІІ топ: Электр кернеуі. Вольтметр.

ІІІ топ: Электр тогы. Электр тогы көздері

Екі жұлдыз, бір тілек

Плакат, фломастерлар,

стикерлер,

кітап





  1. Есептер шығару

Оқулықтан 17 – жаттығу (1,3,4)

басбармақ

Кеспе қағаздары

  1. Қорытынды

Атыспақ.

Оқушылар сабақ бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.



  1. Ток күші деп нені айтады?

  2. Ток күшінің бірлігіне нені қабылдайды?

  3. Ток күшін қандай құралмен өлшейді?

  4. Электр кернеуі деп нені айтады?

  5. Кернеуді қалай өлшейді?




мадақтау

Стикерлер

Қосымша оқу

Үйге тапсырма

Оқулықтан тақырыпты оқу § 36

Рефлексия

ББҮ кестесі.

білемін

Білдім

Білгім келеді























Сабақтың өзіндік талдауы

Физика

8 «ә» сынып

Сабақтың тақырыбы: Кернеу. Вольтметр.


Сабақ барысында оқу үрдісінің жалпы заңдылықтарына сүйене отырып, тұлғаны қалыптастыру, оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып дара қабілетін анықтау болатын және сабақтың тақырыбына сәйкес мынадай мақсат жүктедім:

1. Электр кернеуі ұғымдарын қалыптастыру, өлшем бірліктерін енгізу.

2. оқушылардың тез ойлап, нақты нәтижеге жете білу дағдыларын, сабақ үстіндегі өз еңбегін ұйымдастыра білу қабілеттерін дамыту.

3. оқушылардың өзін-өзі тану белсенділігін жетілдіру; көшбасшылық қасиеттерін жетілдіру.

Сабақтың типі: білік және дағдыны қалыптастыру;



Күтілетін нәтиже: Электр кернеуі ұғымы бар, өлшем бірліктерін біледі, вольтметрдің жұмыс істеу принциптерімен таныс. Формула бойынша электр кернеуін анықтай алады.

Оқытудың әдісі: практикалық

Сабақ құрылымы қазіргі таңдағы заман талабына сай интерактивті тақтаны пайдалану арқылы слайд арқылы жүргіздім. Кез келген әдіс –тәсілдер оқушылардың даму деңгейіне, жас ерекшелігіне сәйкес құрылды. Сабақ барысында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдандым. Мысалы үй тапсырмасын қайталау мақсатында «миға шабуыл», жаңа сабақты өз беттерімен меңгерту мақсатында «ойлан, жұптас, топтас» және сабақты бекіту кезеңінде кластер жасау тәсілдерін қолдандым.

Оқыту үрдісінде оқушылардың дамуын жүзеге асыру да ескерілді. Шығармашылық ойлауы, ойлау негізінде талдау, топтастыру, жүйелеу әдістері қолданылды.

Сабақ барысында мынадай нәтижелерге қол жеткіздім:

Оқушылардың топта жұмыс істей алуына;

Тақырыпты өз беттерімен меңгеруіне;

Оқушылардың физика пәніне қызығушылығының артуына;

Оқушылардың бір-бірін формативті бағалай алуына.

Сыныппен сұрақ –жауап, тыңдау, түсіндіру арқылы жақсы қарым-қатынас орнаттым. Ол сабақ барысында, оқушылардың жауабынан байқалды. Бірақ кейбір оқушылардың топта шеттеп қалуын байқадым. Оқушылар топтық жұмысқа және білімді өз беттерімен алуға әлі толығымен қалыптасқан жоқ. Болашақта күнделікті сабақтарда меңгертемін деп ойлаймын. Сабақтың соңында жазған рефлексияларынан алдағы сабақта оқушыларға осы тақырып бойынша көбірек практикалық есептер шығару керек екенін түсіндім.



Физика пәні мұғалімі Бакирова Айжан Тиштықбайқызы








Каталог: uploads -> doc -> 0902
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0902 -> Модуль өтілетін сабақтың тақырыбы
0902 -> Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
0902 -> 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кезекті халыққа жолдауын: Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім
0902 -> Сабақтың тақырыбы: «Қазақ тілін білесің бе?»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет