ҚЫСҚа мерзімдік жоспар



Дата24.11.2016
өлшемі71,39 Kb.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІК ЖОСПАР

Пәні

Қазақ әдебиеті

Сынып

6 в

Күні

16.04.2014ж

Тақырыбы

Ә.Кекілбаев «Шыңырау» повесі

Мақсаты

Әбіш Кекілбаев өмірі және шығармашылығы туралы мәлімет беру.

Жеті модульдің негізінде «Шыңырау» повесінің тақырыбы мен идеясын ашу.

Еңсептің прототипін ашу арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Міндеті

Жазушы өмір жолы мен шығармашылығын слайд арқылы көрсету,

«Шыңырау» сөзінің мағынасын табу,

Шығарманың мазмұнын ұғындыру,

Шығарма кейіпкері Еңсептің бейнесін талдау

Күтілетін нәтиже

Жазушы өмірі, шығармашылығы туралы мәлімет алады.

«Шыңырау» сөзінің мағынасын түсінеді.

Шығарма мазмұны мен кейіпкерлерін талдай алады.

Постер қорғау арқылы мазмұнды баяндайды, идеясын ашады.

Түйінді түсінік

Теориялық білімді практикамен ұштастыру, ойларын тиянақты жеткізе білу. Білім деңгейлерін бақылау.

САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ

Сабақ кезеңдері, модульдері

Мұғалім әрекеті

Тапсырма мазмұны

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

І. Бақылау

(Оқу бағдарламасын анықтау: балалар нені оқып-үйренеді және сабақта жоспарланған жұмыс формаларының нәтижесінде қандай әрекеттерді игереді)


Сабаққа қатысушылардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, проблемаға бетбұрыс жасау, топта бағалаушы тағайындау.

Сынып оқушыларын ортаға жинау, қол ұстаса шеңбер құру, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. (1 минут)

Среттерді таңдату арқылы ( Жазушының суреті, құдықтың суреті, таудың суреті, суат басындағы мал суреті) топтастырамын.

Суреттерді алады, сол бойынша топқа бөлінеді. Ұжыммен жұмыс жасайды.

Формативті бағалау, ынталандыру т.б.

Білім стандарты, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, сабақ жоспары, Жалпы білім беретін мектептің 6- сыныбына арналған оқулық.

«Атамұра» баспасы, Google, «Ашық сабақ», «YouTube»,«Білімділер», «45 минут» сайттары.

Слайд, парақшалар, түрлі-түсті бояулар, түрлі пішіндегі шартты белгілер.


ІІ. Өткен тақырыптарды пысықтау

(сабақ басталмас бұрын оқушылар нені білетіндіктерін анықтау)



Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту



«Автор орындығы» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын сұрау.

«Бәріміз бір өзеннің арнасы, Бір атаның баласымыз» деген сөзді қалай түсінеміз?

Зекен Бегімбетов кім еді, кім болды?

Ой қозғау.

Қолымыздағы кімнің суреті? (Ә.Кекілбаев)

Келесі сурет ненің суреті? (құдық)

2 суретті байланыстырып көрейік

3-суреттегі тау өлкеміздің қай өңірінде орналасқан деп ойлайсыздар?

4-суретте не бейнеленген?

3,4-суреттерді байланыстырып көрейік?


Олай болса жазушы өмірімен таныс болайық (слайд боынша)

Шыңырау дегеніміз не?

Шыңырау сөзі - шың және орау деген екі сөздің бірігуінен жасалған деген болжам жасалған.Қазақ тілінде шың сөзі- биік шың дегенді білдіреді.Маңғыстаулықтар тілінде Көлденең шың, Құба шың, Ала шың болып сан атауды иеленіп, құбылып, түрленіп кететіні бар. Ал орау – етістігі тұйықтап, доға жасап әрекеттену мағынасын береді. Орап байлау, орап тарту, т.б. Демек бұның түбірі шың бойлап, орап қазу дегеннен шығатындай.

Ал түсіндірме сөздікте шыңырау – тұңғиық, терең мағынасында келтірілген.



Оқушылар топтасып жауап береді

1. «Ой қозғау» стратегиясы бойынша оқушылар жазушының аты Ә. Кекілбаев екенін табады. 2.Құдықтың суреті екенін біледі.

3.Әңгіменің құдық туралы екенін жорамалдайды.

4. Бұл тау үстірт шоқылары екенін бірлесе отырып табады.

5. Үстірттің үстіне жайлауға көшетінін біледі.
Оқушылар слайдты көру арқылы топтастырады:


Әбіш

Оқшылар шыңырау сөзінің мағынасын дәптерлеріне жазып алады.


Шың – биік екенін білсе, шыңырау тұңғиық, терең екенін біледі.

Стикер, бағалау бетшесі.

Слайд, парақшалар, түрлі-түсті бояулар.

ІІІ. Негізгі бөлім

(оқушылардың тарау бойынша оқып-үйренген білімдерін қорыту)

Өз бетінше гипотеза құру, шешімдер әзірлеу


Барлық қатысушылардың элементтерін топта біріктіру.

Оқушыларға тапсырмаларды бере отырып, өз беттерінше жұмыс жүргізуге, өз шешімдерін дайындауға мүмкіндік беру.

Оқушыларға жалпы тапсырмалар беру.

Әр топқа тапсырмалар беру.


Оқушылардың ойын сергіту, сабақтан шаршағандарын басу.

Білім. Повесті төрт бөлімге бөліп беремін. Оқушылар мазмұнын постерге салуы керек

Түсіну. Жоспар бойынша әр топ шығарманың мазмұнын айтады.

Қолдану.

Кәтеп- жүк артқанда нардың өркешіне ауыр салмақ түспеу үшін салынатын қом, тазы.

Қом- түйеге жүк арту үшін оның жотасына орай салынған қабат-қабат киіз.

Ауыт- нар түйенің ершік тәрізді етіп істелген шом ағашы

Зауза- мамыр айының арапша аты.

Шеген- құдықты шегендейтін құрсау тас, қима ағаш, өрме тал.

Метей- жергілікті сөз. Ағаштан жасалған кішкене күбі, ыдыс

4-қадам. Ой толғаныс. Талдау. Шығарманың басты кейіпкері – Еңсеп. Еңсеп – өмірде болмаған адам. Ол – құдықшы Қараш Бейнеубай Құлшарұлы сияқты бірнеше құдықшының жиынтық бейнесі болса керек.

Сергіту сәті: «Қара жорға»

Топта оқушылар бірігіп әрекет етеді. Берілген тапсырмаларды орындауда бастарын біріктіреді. Тапсырмаларды топта жинақтайды, тыңдайды, қабылдайды, ойлайды..

Топта жасалған жұмыстарды жариялап, жалпы талқылауға шығарады, түсіндіреді, айтады.

Берілген тапсырманың негізгі айтар ойын, түйінін шығарады.

Ойланады, салыстырады, табады.

Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс жасайды.


«Жеміс ағашы», «Бағдаршам» арқылы бағалау

Суреттер, сызбалар, ватмандар, түрлі түсті бояулар.

ІV.Сабақты қорытындылау

(оқушылардың оқып үйренгендерінің нәтижесін бағалау)



(Способность сознания человека сосредоточиться на самом себе, адам санасының өзіне тоқталу қабілеті) – жұмыс соңындағы өзіндік баға. Жасалған әрекеттен туған сезімдерді бастан өткізу, қорытындылар жасау, болашақты жоспарлау.
Үй тапсырмасын беру.


Жинақтау. «Еңсеп қазған» емес, «Еңсеп өлген» құдық атану себебін айт

«Кубизм» стратегиясы

  1. Еңсепке құдық қазуға өтініш берген кім?

  2. Еңсептің арманы қандай?

  3. Еңсеп арманына жетті ме?

  4. Еңсептің еңбекқор адам екенін қай тұстарынан байқадыңыз?

  5. Құдық қазу оңай іс пе?

  6. Шығарманың идеясы?

Әңгіменің жоспары бойынша мазмұнын әңгімелеп беруге дайындалып келу

Ойланып, ой қорытады.

Сабақты бекіту тапсырмасын орындайды.

Бағалайды, талқылайды.

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?









Үй тапсырмасын жазып алады.


«2 жұлдыз, 1 тілек»

Бағалау бетшесі



Стикер, бағалау бетшесі, кесте.

Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет