Қысқамерзімді жоспар Педагогтің аты-жөні



Дата05.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#195193
түріСабақ
Байланысты:
КМЖ құқық
1 сынып, 519217, Қазақстан тарихы ДОТ ТЕСТ (2)

Қысқамерзімді жоспар

Педагогтің аты-жөні:

Закария Ж.А.

Күні:




Сыныбы: 9

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Заңнамамен еңбек жағдайлары қалай реттеледі?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.4.2.1 Қазақстан Республикасының еңбек кодексі баптарының негізінде еңбек жағдайларын анықтау
9.4.2.2 құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін: Қазақстан Республикасының еңбек кодексі баптарының негізінде еңбек жағдайларын анықтай алады;
Көпшілік оқушылар үшін: Құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін түсіндіре алады;
Кейбір оқушылар үшін: Еңбек қатынастарының субьектілерінің міндеттерін ажыратады



Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.



(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптері



Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.



1 қатар - Еңбек жағдайлары (жұмыс уақыты, тынығу уақыты, жалақы)
2 қатар - жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері
3 қатар - жұмыскердің құқықтары мен міндеттері

Дескриптор: Еңбек жағдайларын ажырата алады; Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін біледі Жұмысшының құқықтары мен міндеттерін түсінеді

ҚБ

Оқулық, жұмыс дәптері

Термин сөздермен жұмыс.

Кейс технологиясы Топтар төмендегі жағдаяттарды талқылап, еңбек қатынастары субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды. 1-жағдаят: (1 топ) «Он алты жасар Асан құрылыс жұмысына қосалқы жұмысшы болып тұрақты жұмысқа орналасты. Құрылысты уақытында тапсыру керек болды. Соған орай Асанды түнгі уақытта жұмысқа шығуға міндеттеді. Ол бас тартты. Осы себептен оны жұмыстан шығарып жіберді. Кәмелетке толмағанын сылтауратып, еңбек жалақысы мен еңбек кітапшасын да бермей қойды» (Әкімшіліктің іс-әрекетіне құқықтық баға бер, дәлелдер келтір).
2-жағдаят: (2 топ) «Жұмысты ұзақ іздеген Әлібек, ақырында, бір фирмамен еңбек шартын жасауға келісті. Әлібек бәріне де көнеді. Алайда фирманың директоры мерзімінен тыс жұмыстар болуы мүмкін екендігін, мерзімінен тыс қалай және қанша істейтінін басшылық шешетінін ескертіп, жалақының да өзгеріссіз қалатынын айтты». (Әкімшілік ұсынған шарт еңбек заңнамасына сәйкес келе ме? Жауабыңды дәлелде.)
3-жағдаят: (3 топ) «Зауытта апатты оқиға болады. Іс жүзінде барлық дерлік ұжым мерзімінен тыс жұмысқа тартылды. Кешкісін колледжде оқитын он жеті жасар Нұржанға ауысымнан кейін жұмыста қалуға талап қойылды. Сонымен бірге кадр бөлімінің маманы өздерінде Нұржанның сабақ кестесі барын айтады.Бүгін сабақ жоқ, сондықтан ол егер мерзімінен тыс жұмыстан бас тартса, оныкі заңсыз болады деп мәлімдеді». (Он жеті жасар Нұржанға әкімшіліктің талабы орынды немесе орынсыз? Неге? Дәлелде)
. Дескриптор: Еңбек қатынастарының субьектілерінің құқықтарын біледі; Еңбек қатынастарының субьектілерінің міндеттерін ажыратады Топтар жауаптарын барлық сынып талқысына салады, өздерінің шешімдерін дәйектер келтіре отырып, негіздейді. Топтық бағалау жүзеге асырылады.

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия



«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.



Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.



Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет