Ішкі ағзалар туралы ілім спланхнология


Жұтқыншақтың төменгі қысатын бұлшықеті



бет16/39
Дата16.10.2023
өлшемі7,91 Mb.
#185855
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
Байланысты:
Ас қорыту Соңғы түрі20.08.21.

Жұтқыншақтың төменгі қысатын бұлшықеті, m.constrictor pharyngeus inferior, қалқаншатәрізді және жүзіктәрізді шеміршектердің латералды беттерінен басталады. Оның талшықтары жоғары, горизонталды және төменгі бағыттарда жүріп, жұтқыншақтың артындағы ортаңғы сызық бойында - қарсы жақтың бұлшықетімен қиылысып, жұтқыншақ жігін, raphe pharyngis, түзуге қатынасады. Жоғарғы талшықтары ортаңғы қысатын бұлшықеттің төменгі бөлігін жауып жатады.
Жұтқыншақты көтеретіндер:
Біз - жұтқыншақ бұлшықеті, m.stylopharyngeus, самай сүйектің бізтәрізді өсіндісінен басталып, жұтқыншаққа енеді. Жұтқыншақты көтереді және кеңейтеді.
Таңдай - жұтқыншақ бұлшықеті, m.palatopharyngeus, аттас доғаның ішінде орналасады, жұтқыншақтың артқы қабырғасына бекиді. Жұтқыншақты көтереді.
Жұтқыншақтың тамырлары мен нервтері. Қанмен қамтамасыздануы: сыртқы ұйқы артериясынан кететін жұтқыншақтық жоғарылаған артерия, бет артериясынан кететін таңдайлық жоғарылаған артерия, және бұғанаасты артериясынан кететін қалқанша – мойындық сабау тармақтары. Веналық қан: жұтқыншақ веналары арқылы, ішкі мойындырық венаға құяды. Лимфа тамырлары: жұтқыншақ артындағы және ішкі мойындырықтық лимфа түйіндеріне құйылады. Н е р в т е н у і: сезімтал және парасимпатикалық нервтенуі – тіл-жұтқыншақ, кезбе нервтері. Симпатикалық нервтенуі – симпатикалық діңнен кететін көмей-жұтқыншақтық тармақтар.

ӨҢЕШ
Өңеш, оesophagus, жұтқыншақ пен асқазанның аралығында орналасатын, алдыңғы қабырғасы артқысымен қабысып тұратын түтікті (ұзындығы 30 см-ге дейін) ағза. Ересек адамдарда жұтқыншақ өңешке VІ - VІІ мойын омыртқалары деңгейінде өтсе, ал өңеш асқазанға Х – ХІ кеуде омыртқалары деңгейінде ашылады. Өңеш кеуде қуысынан іш қуысына көкеттің өңештік тесігі арқылы өтеді ( 224 – сурет ).


224 – сурет. Өңеш пен асқазанның сызбасы.
1 – жұтқыншақтың көмейлік бөлігі; 2 – өңеш; 3 – өңештің іштік бөлігі; 4 – асқазан түбі; 5 – асқазанның денесі; 6 – асқазанның үлкен иіні; 7 – он екі елі ішек; 8 – асқазанның қақпалық бөлігі; 9 – көкет; 10 – қолқаның кеуделік бөлігі; 11 – қолқа доғасы.

Өңештің үш бөлігін ажыратады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет