Ішкі ағзалар туралы ілім спланхнология


Аш ішек шажырқайының түбірі



бет38/39
Дата16.10.2023
өлшемі7,91 Mb.
#185855
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Ас қорыту Соңғы түрі20.08.21.

Аш ішек шажырқайының түбірі, radix mesenterii, он екі елі – ащы ішек иілісінен, flexura duodenojejunalis,басталып, жоғарыдан төмен, сол жақтан оң жаққа қарай қиғаш бағытта жүріп, мықын ішектің соқыр ішекке өтетін жеріне дейін келеді. Оның ұзындығы 15 – 18 см. Шажырқайдың екі жапырақшасының ішінде шажырқайлық жоғарғы артерияның тармақтары, аттас венаның құйылыстары және лимфа тамырлары мен түйіндері, нервтер орналасады. Оң шажырқайлық қойнауды, sinus mesentericus dexter, жоғарылаған жиек ішек, көлденең жиек ішек шажырқайының түбірі мен аш ішек шажырқайының түбірі шектеп тұрады. Қойнауда париеталды ішастармен жабылған оң бүйректің төменгі шеті, он екі елі ішектің төмендеген бөлігінің төменгі жағы, он екі елі ішектің горизонталды бөлігі, олар қоршап жатқан ұйқы безінің басы, оң несепағар, төменгі қуыс вена орналасады.
Сол шажырқайлық қойнауды, sinus mesentericus sinister, төмендеген жиек ішек, сигматәрізді жиек ішектің шажырқайы мен аш ішек шажырқайының түбірі шектеп тұрады. Сол қойнауда париеталды ішастармен жабылған сол бүйректің төменгі бөлігі, он екі елі ішектің жоғарылаған бөлігі, сол несепағар, іш қолқасы орналасады. Сол шажырқайлық қойнаутөменгі жағында кіші жамбас қуысымен қатынасады.
Іш қуысының артқы қабырғасында, ішастар бір ағзадан екінші ағзаға өткенде ұңғылдар түзіледі.Бұл ұңғылдарда ретроперитонеалды жарықтар пайда болуы мүмкін.
Он екі елі ішектік жоғарғы ұңғыл, recessus duodenalis superior, көлденең жиек ішек шажырқайының түбірінің астында орналасқан. Ол, оң жағынан, он екі елі – ащы ішек иілісі, flexura duodenojejunalis, пен сол жағынан, он екі елі ішектік жоғарғы қатпар, plica duodenalis superior, аралығында жатады. Он екі елі ішектік жоғарғы қатпар (он екі елі – ащы ішек қатпары, plica duodenojejunalis ), ащы ішектің бастапқы бөлігінің жоғарғы, сол жағында орналасады.
Он екі елі ішектік төменгі ұңғыл, recessus duodenalis inferior, он екі елі – ащы ішек иілісінің астында жатады, Оны төменгі жағынан он екі елі ішектік төменгі қатпар, plica duodenali inferior, шектеп тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет