Ішкі ағзалар туралы ілім спланхнология



бет9/39
Дата16.10.2023
өлшемі7,91 Mb.
#185855
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39
Байланысты:
Ас қорыту Соңғы түрі20.08.21.

Тілдің шырышты қабығы, tunica mucosoe linguae, қызғылт түсті, бетінде майда өсінділері - тіл бүртіктері, papillae linguales, орналасады. Келесі бүртіктерді айырады:
1. Конустәрізді және жіптәрізді бүртіктер, papillae conicae et papillae filiformes, ең көбі, тіл арқашығында, шекаралық жүлгенің алдында орналасқан. Олар жалпы (жанасу, ауырсыну, температура) сезімталдықты өткізеді.
2. Саңырауқұлақтәрізді бүртіктер, papillae fungiformеs, тілдің жоғарғы бетінде орналасқан. Саны жағынан конустәрізді және жіптәрізді бүртіктерден аздау болады. Дәм сезімталдығын қабылдайды.
3. Жапырақтәрізді бүртіктер , papillae foliatae, тілдің бүйір беттерінде орын тепкен. Дәм сезімталдығын өткізеді.
4. Науашықтәрізді бүртіктер, papillae vallatae, бүртіктер арасындағы ең азы (7 – 12) және ең ірісі болып табылады, оладың пішіні рим цифры V-тәрізді болып келеді де, шекаралық жүлгенің алдында жатады. Олар дәм сезімталдығын өткізеді. Тіл түбірінде лимфойдты түйіншелерден түзілген тіл бадамшасы, tonsilla lingualis, орналасады.
Тілдің төменгі бетінің шырышты қабығы тегіс, бұл жерде бойлық бағытта жүріп, тілдің ұшы аймағында бір – бірімен қосылатын екі шашақты қатпарлар, plicae fimbriatae, өтеді. Тілдің төменгі бетінің ортасынан басталып, қызылиекке дейін баратын шырышты қабықтың қатпары - тіл жүгеншігін, frenulum linguae, түзеді


218 – сурет. Ауыз қуысы және тілдің төменгі беті.
1 – жоғарғы ерін; 2 – жоғарғы тістер; 3 - тілдің ұшы; 4 – тілдің төменгі беті; 5 – тілдің жиегі; 6 – шашақты қатпарлар; 7 - тіл жүгеншігі; 8 - тіласты қатпары; 9 – тіласты бүртігі; 10 – төменгі тістер; 11 – төменгі ерін.

Тіл бұлшықеттері көлденең жолақты бұлшықеттерден тұрады. Тілдің ішінде орналасқан - тіл қалқасы, septum linguae, бұлшықеттерді оң және сол жаққа бөліп тұрады. Тіл бұлшықеттері қаңқалық және меншікті деп екі топқа бөлінеді.Қаңқалық бұлшықеттер сүйектерден басталып, тілдің ішінде аяқталады, ал, меншікті бұлшықеттер тілдің ішінде жатады.


Тілдің қаңқалық бұлшықеттері:
1. Тіласты-тіл бұлшықеті, m.hyoglossus, тіласты сүйегінің денесі мен үлкен мүйізінен басталады да тілдің бүйір жағына енеді. Қызметі: тілді артқа және төмен тартады ( 219 – сурет ). .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет