Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы


мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті



бет4/8
Дата12.03.2018
өлшемі1,26 Mb.
#39295
1   2   3   4   5   6   7   8

мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік
корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне,
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-бөлімнің атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану; шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қызметті беруші басшысының атына беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      ХҚО қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ХҚО басшысына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағы мен 14-тармағы 2-тармақшасында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым мемлекеттік корпорация филиалының басшысына Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
      Қолма-қол, сондай-ақ поштамен түскен шағымдардың мемлекеттік корпорация кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа койылады).
      Портал арқылы шағымданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» мемлекеттік қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Шағымда:
      1) Жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі.
      2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде Мемлекеттік


корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып,
қойылатын өзге де талаптар

      Ескерту. 4-бөлімнің атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп тұру, бағдарлай алуды жүзеге асыру қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдау Мемлекеттік корпорация қызметкері Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы жүгінумен тұрғылықты жері бойынша шығу арқылы жүргізеді.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) Министрліктің интернет-ресурсында www.mid.gov.kz («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» кіші бөлімінде);
      2) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурстарында;
      3) порталда орналастырылған.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      15. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электронды нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі болады.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі болады.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

"Кеменің ипотекасын мемлекеттік 


тіркеу және кеме ипотекасының 
мемлекеттік тіркелгенін растайтын
құжаттың телнұсқасын беру"  
мемлекеттік көрсетілетін   
қызмет стандартына      
1-қосымша         

Қазақстан Республикасы Инвестициялар


және даму министрлігі Көлі комитетінің
_________________ облысы (қаласы) 
бойынша аумақтық органының басшысы 
________________________________  
(Т.А.Ә.А)               
________________________________  
(заңды тұлғаның толық атауы,    
жеке тұлғаның бизнес-сәйкестендіру 
нөмірі немесе Т.А.Ә.А. мен ЖСН, тел.)

Өтініш

      Сізден ________________________________________________________


тиесілі кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті/кеменің
ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын (керек
емесін сызып тастау) беруді сұраймын.
      Кемені сәйкестендіретін деректер (кеменің атауы, тіркеу нөмірі,
тіркеу орны, тіркелу нөмірі, кеменің үлгісі мен класы, тоннажы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Ипотеканың кепіл берушісінің аты мен мекенжайы_________________


__________________________________________________________________
      Ипотеканың кепіл ұстаушысының аты мен мекенжайын немесе оның
ұсынушыға белгiленгенi туралы мәліметтер ____________________________
_____________________________________________________________________
      Екі немесе одан да көп кемеге ипотека белгілеген кезде
ипотекамен қамтамасыз етілген мiндеттемелердiң ең жоғары мөлшері;
тараптардың бұл туралы келiсiмi болған кезде, міндеттемемен жеке-жеке
әрбір кеме қамтамасыз етілетін мөлшер _______________________________
_____________________________________________________________________
      Кеме ипотекасының аяқталу күні ________________________________
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе,
мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен
қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

____________________    _______________     ______________________


       Лауазымы              (қолы)                Т.А.Ә.А.

      М.О.

      20__ жылғы «____» __________

«Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу


және кеме ипотекасының мемлекеттік 
тіркелгенін растайтын құжаттың   
телнұсқасын беру» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына  
2-қосымша              

Нысан                 

(Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
болса әкесінің аты не ұйымының атауы)
_____________________________________
(көрсетілетін қызметті       
алушының мекенжайы)         

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету керек) «Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:


      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) _______________________________;
      2) _______________________________;
      3)....
      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

_____________________________________________________________________


      Т.А.Ә. («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері)           (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә.______________


      Телефон_______________
      Алды: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__жылғы «__» _________

Қазақстан Республикасы       
Инвестициялар және даму министрінің 
2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына
6-қосымша            

«Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан
кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).


      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрлiктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарын тапсырған кезден бастап – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен үзінді көшірме немесе көшірме қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00 бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет кеменің, шағын көлемді кеменің және салынып жатқан кеменің тіркелген жері бойынша алдын ала жазылусыз, жылдамдатып қызмет көрсетусiз кезекке тұру тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы не сенімхат бойынша оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге еркін нысанда өтініш береді.
      Өтінішті тапсыру кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды:
      1) өтініштің нөмірін және қабылдау күнін;
      2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын;
      3) құжаттарды беру күнін (уақытын) және орнын;
      4) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің тегі, аты және әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері қолхат негізінде «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы, онда көрсетілген мерзімде, жеке өзі келген кезде, қол қойғызып және жеке басын куәландыратын құжатты және сенімхатты (көрсетілетін қызметті алушының өкілі үшін) ұсыну бойынша жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша


көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, электрондық пошта мекенжайы: mid@mid.gov.kz, (8-7172) 24-13-12 телефондары арқылы Министрлік басшысының атына немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің блогына (www.mid.gov.kz мекенжайы бойынша Министрлік интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің блогы» бетіне) беріледі.


      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошта мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле


отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет анықтамалық бюро, күтуге арналған орындар және дене мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсетуге арналған пандустар көзделген ғимаратта көрсетіледі.


      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурсында орналастырылған көрсетілетін қызметті берушінің – www.mid.gov.kz («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер»).
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға да болады.

Қазақстан Республикасы        


Инвестициялар және даму министрінің 
2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына
7-қосымша              

«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына


куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).


      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштерді қабылдау:
      1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация);
      2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі



      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру - емтиханды сәтті тапсырған кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде;
      өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 2 жұмыс күні ішінде;
      бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына жаңа куәлікті беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 3 жұмыс күні ішінде;
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
      2) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
      3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - қағаз түрінде өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік, өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасы.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу орны мен күні туралы хабарлама жолданады.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) Мемлекеттік корпорациямен – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - сенбі аралығында, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін.
      Қабылдау және нәтижелерді беру қызмет алушының қалауы бойынша жедел қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезек броньдалуы мүмкін;
      2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (егер қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш берсе, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні іске асырылады).
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін куәландыратын құжат бойынша заңды тұлға; нотариат куәландырған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      Мемлекеттік корпорацияға:
      1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтама) көшірмесі;
      № 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;
      2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      2) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі бір фотосурет;
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      3) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлік;
      № 083/у нысаны бойынша медициналық анықтама;
      2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).
      порталға:
      4) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтаманың) электрондық көшірмесі;
      № 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;
      2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);
      5) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі бір фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);
      6) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқа Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);
      № 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;
      2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады).
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметін Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар түпнұсқада көшірмелермен бірге ұсынылады. Құжаттар түпнұсқалары көшірмелермен салыстырып тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. Құжаттар түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, нотариалдық куәландырылған көшірмелер ұсынылады.
      Құжаттарды мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыны осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 1-тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін тапсыруына тексергеннен кейін Мемлекеттік корпорация өтініш қабылдаған сәттен бастап бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыны шағын көлемді кемені басқару құқығына теориялық білімін тексеру үшін емтихан тапсыруға (бұдан әрі - емтихан) жібереді.
      Құжаттарды портал арқылы берген кезде мемлекеттік корпорация қызметкері электронды нысандағы (фотографиялардан басқа) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 4) тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне емтихан өткізу орны мен уақыты туралы хабарламаны жібереді. Бұл ретте, емтихан көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне хабарлама жіберген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде өткізіледі.
      Емтиханды жақсы тапсырған кезде емтихан нәтижесі мен осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 1) тармақшасында және/немесе 9-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар бір жұмыс күні ішінде шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлікті ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.
      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсынған кезде (немесе оның өкіліне нотариат куәландырған сенімхат бойынша) осы тармақта көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
      Портал арқылы электронды сұрау салған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебесі көрсетіледі.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.
      Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушы мынадай:
      1) теріс нәтижесі бар соңғы емтихан тапсыру күнінен бастап жеті жұмыс күні - уақытша интервалы болмаған;
      2) кеме жүргізуші курстарын аяқталғаннан кейін он екі ай өткен және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды қайта өтпеген;
      3) емтихандарды он екі ай iшiнде үш реттен артық тапсыра алмаған және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курсты қайта өтпеген;
      4) жергілікті атқарушы органда есепте тұрмаған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлікті (анықтаманы) ұсынған;
      ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар берген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін жарамды болып табылады;
      5) он сегіз жасқа толмаған адамдар құжаттарды ұсынған;
      6) сот шешімінің негізінде шағын көлемді кемелерді басқару құқығынан айыру мерзімі бітпеген жағдайларда емтихан тапсыруға жіберуден бас тартады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет