Қысым 7 сынып «Кім жүйрік?» деңгейлік есептер шығару. Әр топқа А,В,С, деңгейінен есептер беріледі. 1-топ



бет3/6
Дата30.08.2022
өлшемі30,53 Kb.
#148389
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қысым 7
6.-Metod IngEnzim 06.06.01 OFO Biotex 2017
III. Жаңа сабақ: Жаңа сабақты түсіну үшін «Оқытудың жаңа инновациялық технологиялары» әдісін қолданғалы отырмын. Бұл әдіс арқылы жаңа сабақты түсініп, талдау жасап, есеп шығару барысында формула қолдану,түрлендіру, қорытынды жасай аламыз.

а) Мұғалім сөзі: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қысым».


Олай болса сабағымызды мынадай өлең шумағынан бастайық.

«Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Сегіз найза қолында, көз аудармай,
Батыр да аял қылмай ерте таңға.
Қанат құйрық суылдап, ысқырады,
Көктен қыран сорғалап құйылғанда. А. Құнанбаев

Осы жерде сегіз найза деп отырғанымыз бүркіттің тырнақтары. Бұл жыртқыш құстың тырнақтары мен тұмсықтары қатты өткір жылтыр болып келеді. Аудандары кішкентай болғандықтан, тіпті болымсыз ғана күшпен зор қысым жасап, аң аулауға шамасы келеді.


Күнделікті тұрмыста біз пышақ, қайшы, ине сияқты алуан түрлі құралдарды пайдаланамыз.
Мысалы: бір денені өткір пышаққа қарағанда, өтпейтін пышақпен кесу қиын, сол себепті құралдардың жүзінің ауданын кішірейтіп, мұқият қайрауға тырысамыз. Матаны доғал инеге қарағанда, үшкір инемен тесу оңай, немесе ұлдар жағы білеміз қалың шегеге қарағанда жіңішке шегені ағашқа қақсақ тезірек, әрі жеңіл қағылатынын, сол себепті құралдардың кесетін жүзінің ауданын кішірейтуге тырысатынбыз.
Алайда олардың әсері осы күш түскен беттің ауданына тәуелді болатынын байқай бермейміз. Сондықтан, құралдардың әсерін есептегенде бір дененің басқа бір денеге түсіретін күшінің мәнін ғана емес, күш түсірілетін беттің ауданында білу қажет.
Енді оқушылар мынадай тәжірибелік суретті қарастырайық. Ол үшін назарымызды бәріміз слайдқа аударайық. Көріп отырғанымыздай бізге бірінші құмның үстіне жіңішке төрт аяғы бар үстелше төңкеріліп үстіне, 5кг гір таспен бастырылған, батпады, себебі неде? Екінші, құмның үстіне үстелшені жоғары қаратып, үстіне сондай гір тас қойған, батып кетті, себебі неде?
Келесі слайдқа назар аударып қараймыз, сол сияқты адамның қармен жүруі қиын, себебі ол қадам басқан сайын қарға омбылайды. Ал аяғына шаңғы байлаған адам қар үстімен жеңіл жүре алады. Мұның себебі не? Шаңғымен де, шаңғысыз да адам қарды өзінің салмағына тең бірдей күшпен басады. Бірақ ол күштің бұл екі жағдайдағы әрекеті бірдей емес. Себебі шаңғы бетінің ауданы адамның табанының ауданынан жиырма еседей үлкен. Сондықтан ол шаңғымен тұрғанда қар бетінің әрбір шаршы сантиметр ауданын шаңғысыз тұрғандағыдан гөрі жиырма еседей аз күшпен басады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет