Искакова Ж. М., Симбаева С. О



Pdf көрінісі
бет9/67
Дата19.12.2021
өлшемі0,89 Mb.
#103324
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   67
Байланысты:
ҚАЗІРГІ-ҚАЗАҚ-ӘДЕБИЕТІ-конвертирован
baltabaeva g tuelsizdik kezenindegi kazak prozasy, my planner kony study
Жоспары
1. Романдағы оқиғалар жүйесі.  
2. Кейіпкерлері. Абай мен Құнанбай тұлғасы.  
3. Кейіпкерлер жүйесі.  
4. Романның көркемдік-идеялық мәні. 
  
 
 
Жазушы Рамазан Тоқтаровтың “Абайдың жұмбағы” романы 
1999  жылы  жарық  көрді.  Ұлы  Абайдың  өмірі  мен 
шығармашылығына  арналған  «Абайдың  жұмбағы»  роман-
хамсасында  жазушы  ақын  өмірінің  барлығын  қамтып,  туғаннан 
бастап дүниеден өткен шағына дейін уақыт кеңістігінде, тұтас бір 
дәуір  панорамасын  толық  көрсетуді  мақсат  еткен.  Қазақ  елінің 
екіталай  тағдырын,  сол  кездегі  толғақты  мәселелердің  өмірге 
Абай  сияқты  данышпанды  әкелуі  заңды  құбылыс  деген  түйін 
жасаған  жазушы  ақын  өлеңдерінің  өн  бойында  қазақ  өмірінің 
шындығы  мен  мұңы  жатқандығын  көрсетеді.    Бұл  мәселелер 
төңірегінде  тек  Абай  ғана  емес  оның  тұстастары  да  болғанын 
қазақтың  тұңғыш  ғалымы  Шоқан  Уәлиханов,  оның  орыс  досы 
Федор  Достоевскийдің  Семей  қаласында  бас  қосып,  заманының 
келелі  мәселелері  туралы  кеңескендігін  көркем  тілмен 
бейнелейді. 
  
Романда  жасалған  әр  түрлі  характерлер,  олардың 
әрқайсының  өзіне  ғана  тән  көзқарастары,  айналаға  қарым-
қатынасы, дүниетанымы автордың негізгі идеясына қызмет жасап 


16 
 
қана қоймаған, сол заманнның шынайы суретін, бейнесін жасауға 
септігін тигізген. 
 
Р.Тоқтаровтың  роман-хамсасындағы  кейіпкерлер  ұдайы 
қозғалыста,  іс-әрекет  үстінде,  ішкі-сыртқы  қайшылықта, 
қақтығыс  үстінде  көрсетіледі  және  әр  қаһарманының  ішкі  әлемі 
психологиялық  тұрғыда  бейнеленеді.  Бұл  орайда  шығармадағы 
Абай,  Шоқан,  Достоевский  т.б.  өнер,  шығармашылық 
адамдарының  болмыс-бітімі,  рухани  жағынан  ширатылып, 
драмалық  тұрғыда  суреттеліп,  талай  тағдырлары  талқыға  түскен 
заманда  өздерін  қалай  ұстағаны  мен  болмыс-бітіміне  көбірек 
назар аударылады. Ақын Абайдың осы қиын-қыстау кезеңдердегі 
психикалық  құбылыстары,  сыртқы  келбетінің  кейбір  деталь-
штрихтарымен қатар алына отырып сипатталады. 
 
Жазушының  М.Әуезовтен  кейін  бұл  тақырыпқа  бару 
себептері  де  жоқ  емес.  Біріншіден,  романның  прологындағы 
«Ілтифат хат» деп аталатын тұсында ұлы М.Әуезовтен кейін бұл 
тақырыпқа  бару  себебін  былай  түсіндірген: 
«Мұхтар  Әуезов 
“Абай  жолы”  эпопеясында  ақын  өмір  сүрген  дәуір  мен  оның 
айналасына  күн  көзіндей  күшті  жарық  түсірді.  Бірақ  “елу 
жылда ел жаңа, жүз жылда қазан” деген сөз бар, енді қайтып 
айналып келмейтін Абайдың қатпары мол дәуірі санада ол роман 
бойынша  өзгермей  сақталғанымен,  Абайдың  өзі  заман  озған 
сайын  сан  түрге  еніп,  әр  жайда  құбылып  көрініп,  көп  сөздеріне 
уақыт ыңғайымен басқа түсініктер енеді. М.Әуезов Абайдың әрі 
салса  дәуірін,  бері  салса  бір  қабат  өмірін  көркемдікпен  шебер 
бейнелеп  берді.  Бірақ  Абай  поэтикасының  қуатты  көзі,  өзінің 
жұмбақтығы  “толық  ашылды,  шешілді”  деп  ешкім  де 
тұжырып  айта  алмас.  Мен  Абайды  жазуға    мүлде  басқа 
қырынан  келемін».
  Екіншіден,  шығармашылық  иесі  Абай 
ақынның  ішкі  жан  дүниесін  мейлінше  ашуға,  сол  арқылы  бүкіл 
адамзаттың  бойындағы  қасиеттерді  көрсетуге  күш  салған. 
Үшіншіден,  әр  адам  Абайды  өз  танымының  елегінен  өткізіп 
барып, бейнелейді. 
 
Ұлы  Абай  –
 
ұлттық  поэзияда  реформа  жасаған  жаңашыл 
ақын.  Ол  ақындық  әлеміндегі  шынайы  көркемдіктің  ауылы  қай 
жақта екенін өз замандастарына да, келешек ұрпаққа да көрсетіп 
кеткен  ақын.  Сол  шынайы  көркемдікті,  бір  жағынан  өз 


17 
 
шығармасы  арқылы  көрсетсе,  екінші  жағынан,  өлең  өнерінің 
шартын
 
ақындық  тілмен  өрнектеп,  ұстаздық  жолмен  насихаттап 
өткен,  сөйтіп  соңына  тұтас  бір  эстетикалық,  әсемдік  мектебін 
қалдырған ақын.
 
 
Абай  заманы  патшалық  отарлау  саясаты  әбден  дүрілдеп 
тұрған  кез  еді.  Бұл  кезде  қазақ  даласындағы  өмірдің  патша 
әкімшілігіне  тәуелді  болмаған,  отаршылдықтың  қатал  заңына 
бағындырылмаған  бірде
-
бір  саласы  қалған  жоқ  еді.  Абайдың 
өмірі  мен  шығармашылық  қызметі  отарлау  саясатының  осы 
кезеңіне  тұспа
-
тұс  келді.  Әкесі  Құнанбай  аға  сұлтандық  құрып 
тұрғанда,  сол  әке  ырқымен  шығарып  алынып,
 
ел  билігінің  шет 
жағасына араластырылған жас жігіт кейін ел тіршілігінен қол үзе 
алмай,  неше  түрлі  талас
-
тартыс  пен  дау
-
шардың  ортасында 
қалып қояды. 
 
 
Ел ішінің не бір күрделі мәселелері қазақтың ежелгі төрелік 
айту жолымен шешіліп келген әке билігі кезінде әрдайым әділет 
жағында  болып,  талай  жапа  шеккен  әлсіздердің  қорғанышы 
ретінде  жұрт  алдында  беделі  артып,  жақсы  атымен  танылып 
қалған  ақын  ел  тағдырының  бұдан  былайғы  тетігі  патша 
әкімшілігінің  қолына  көшкеннен  кейін  елдің  өткен  тарихын, 
қазіргі  тұрмысын,  салт
-
дәстүрін  білмейтін,  тілі,  діні  жат 
билеушілер  алдында  көзі  ашық,  көкірегі  ояу  азаматтар  қажет 
екенін ерекше сезінген еді. 
 
 
Абай  осы  зәрулікті  түсінгендіктен  де  ел  тіршілігінен  бойын 
аулақ  сала  алмады.  Бірде  төреші, бірде  би  бола  жүріп,  ел  ішінің 
тыныштығын 
көздейтін, 
зорлықшыны 
тезге 
салып, 
жәбірленушінің  теңдігін  әперетін  жерде  өзінің  ақыл
-
парасаты 
мен  қажыр
-
қайратын  іркіп  қалмады.  Сөйтіп  жүріп  ол  халықтың 
Абайы  атанды.  Бірақ  ел  ішінде  дүрдараздықтың  тамыздығын 
алып келіп, озбырлық отын маздата түскен отаршылдар саясаты 
ел  ішін  бүлдірмей  қойған  жоқ.  Сондай  күйзелісті  кезеңдердің 
бәрінде  ақын  бойына  жаңадан  рух  беріп,  туған  халқының 
болашағы  үшін  қайтадан  қайратқа  мінгізіп  отырған  ғаламат  күш 
бар. Ол –
 
даналықтан нәр алған ақындық дарын, биік азаматтық 
санадан арна тартқан сарқылмас мол шабыт еді. 
 


18 
 
 
Міне, 
осының 
барлығы 
жинақталып 
келгенде, 
өз 
заманының барлық шындығын ақындық жіті көзбен көріп, өтімді 
өлең  сөзбен  өрнектеп  кеткен  халық  өмірінің  шежіресіне 
айналды.  Міне,  өнер  туын  биікке  көтеріп,  өлең
 
абыройын 
арттыру  бағытындағы  Абай  тағылымының  күні  бүгінге  дейін 
маңызын жоймағандығының дәлелі. 
 
 
Бірқатар  қаламгерлеріміздің  «Әуезовтен  кейін  Абайға 
барудың  не  қажеті  бар»  деген  біржақты  пікірлеріне  ақын 
Мұзафар  Әлімбаев  былай  дейді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет