Искакова Ж. М., Симбаева С. О



Pdf көрінісі
бет7/67
Дата19.12.2021
өлшемі0,89 Mb.
#103324
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   67
Байланысты:
ҚАЗІРГІ-ҚАЗАҚ-ӘДЕБИЕТІ-конвертирован
baltabaeva g tuelsizdik kezenindegi kazak prozasy, my planner kony study
Негізгі ұғымдар
Кеңес дәуірі, аңыздар, архивтік деректер, 
қаһарман, тарихи тұлға. 
 
Жоспары: 
1.
 
Тарихи романдардағы оқиғалар мен кеййіпкерлер.  
2.
 
Халық тарихына жаңаша үңілу.  
3.
 
Тарихи тұлғалардың романдағы бейнесі.  
4.
 
Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» роман-дилогиясы. 
 
 
 
Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдары  тарихи  тақырыпқа 
арналған  романдар  жарық  көрді.  Кеңес  дәуірі  кезінде  шынайы 
айтылмай, бұра тартылған тақырып арнасы бұл кезеңде тереңдей 
ашыла  түсті.  Сондай  туындылардың  қатарында  Рамазан 


12 
 
Тоқтаровтың “Абайдың жұмбағы”, “Қалмұқан Исабаевтің “Серт”, 
“Шоң  би”,  Кәдірбек  Сегізбаевтың  “Беласқан”,  Қабдеш 
Жұмаділовтың  “Дарабоз”,  Софы  Сматаевтың  “Жарылғап  батыр” 
(өлеңмен  жазылған  роман),  Ұзақпай  Доспанбетовтың  “Қызыл 
жолбарыс”,  Хасен  Әдібаевтың  “Отырар  ойраны”,  Әнес 
Сараевтың  “Еділ-Жайық”,  Тұрсынхан  Зәкенұлының  “Көк 
бөрілердің көз жасы”, Жанат Ахмадидің “Шырғалаң” тағы басқа 
романдарын атауға болады.  
 
Тарихи  тақырыптағы  кесек  туындылардың  бірі  – 
Қ.Жұмаділовтің  «Дарабоз»  роман-дилогиясы.  «Дарабоз»  роман-
дилогиясында қазақ халқының даңқты батыры Қабанбай бейнесі 
сомдалған. 
Қабанбай  батыр  –  ірі  тарихи  тұлға.  ХҮІІІ  ғасырда  Абылай 
ханның  төңірегінде  болған  қазақ  батырларының  ең  даңқтысы. 
Қабанбайдың өзімен тұстас замандастары – атақты батыр жырау 
Ақтамберді  мен  Үмбетей  жырау  өздерінің  ерлік  толғауларында 
Қабанбайдың  асқан  батырлығын  тебіреніп  айтады.  Бұхар  жырау 
қазақ  қолының  қалмақ  ханы  Қалден-Серен  әскерімен  жеті  күнге 
созылған  кескілескен  ұрысын  суреттегенде,  Абылайдың  қол 
астында  болған қаһарман батырлар ішінен Қабанбайдың бірінші 
атайды. 
Романда халық аузында жүрген аңыздар, архивтік деректер, 
баспа  жүзін  көрген  кейбір  мәліметтер  ұтымды  пайдаланылған. 
Олар  көркем  шығарманың  өн  бойында  шеберлікпен  қисынын 
тауып, табиғи кіріктірілген. 
Автор  бұл  қомақты  шығармада  бас  қаһарманның  бейнесін 
көркемдік  биік  талап  тұрғысынан  сомдап  тұлғалауды  мақсат 
еткен.  Оның  өз  жерінің  азаматы  ретіндегі  басты  ерекшелігі, 
әрине, қаһармандығы мен отансүйгіштігі.  
Жазушы  Қабдеш  Жұмаділов  Қабанбай  батыр  өміріне 
қатысты  аңыздар  мен  шежірелік  деректерді,  жыр-дастандарды 
мүмкіндігінше  түгел  оқып  және  тыңдап,  оларды  ой  елегінен 
өткізіп, ойша қорытқанына еш күмән жоқ.    
Қабанбайдың  романдағы  екінші  қыры  –  халық  тағдыры 
шешілетін  елеулі  шайқастарды  асқан  әскери  стратегиялық 
шеберлікпен ұйымдастыра алатын мықты қолбасшылығы. Өзінің 
үзеңгілес серіктерімен бірге  Дарабоздың басынан көптеген қиял-


13 
 
кесті  ұрыстар  өтті.  Ел  тағдыры,  жер  тағдыры  шешілетін,  тіпті, 
қазақ  елінің  келешегі  қыл  үстінде  тұрған  қиын  сәттердің  түйіні 
осы  ұрыс  алаңдарында  шешіліп  жатты.  Сол  үлкенді-кішілі 
шайқастардың  баршасында  да  Қабанбай  Абылай  ханның  бас 
сардары  ретінде  жол  тауып,  ұтымды  айла-тәсіл,  қолданып, 
дұшпан  әскерлерін  тоз-тоз  ететін  ұрыстарды  ұтырын  тауып, 
ұйымдастыра білді. 
Роман-дилогияда Қабанбай бейнесінің тағы бір қыры – оның 
топ  бастаған  көсемдігі,  сөз  бастаған  шешендігі  мен  ел  қамын 
жеген  үлкен  қайраткерлігі.  Оны  әлеуметтік  –  тұрмыстық 
мәселелер,  пендеге  тән  күйкі,  ұсақ  жағдаяттар  қызықтырмайды. 
Ес  біліп,  етек  жапқалы  «жерімді,  елімді  дұшпаннан  қалай  азат 
етсем,  екен?!»  –  деген  көкейкесті  арман  қартайып  барып,  мәңгі 
көз  жұмғанша  Қабанбай  батырдың  өмірлік  мұраты  болып  өтеді. 
Сондықтан да бүкіл саналы ғұмырын халқының азат болуы үшін 
сарп  еткен  қаһарманның  тұлғасы  дүнуаи  майда  детальдермен 
ұсақталмай, бір бөлімнен, бір бөлімге  асқақтай түсіп, суреттеліп 
отырады. 
Жыл сайын бүкіл қазақтың игі жақсылары бас қосатын хан 
кеңестерінде,  соғыс  жағдайындағы  тосын,  жедел  жиындарда 
Қабанбай  қолбасы  шешендікпен  көсемдіктің  ұтымды  үлгісін 
танытып,  ел  басқаратын  деңгейдегі  ірі  адам  екенінде  сездіріп 
отырады.  Осы  арқылы  Қабанбай  тұлғасы  әр  түрлі  тұрғыдан 
көрініп, шынайы тарихи, халықтық тұлға деңгейіне көтерілген. 
Романда Қабанбай барынша ақылды, парасатты, сабырлы да 
сырбаз мінезімен баурайды. Ол ата қанынан, ана сүтінен бойына 
сіңген қасиеттер. Дилогияда жазушы оның қарапайым тіршіліктің 
тоқсан  түйінін  шешуге  де,  үлкен  азаматтық  ерлік  сыналар  өмір 
арнасында  да  алдына  қара  салмай,  қазанаттай  күн  кешкенін 
дұрыс пайымдаған. 
Өзге  батырларға  қарағанда  Қабанбайдың  ерлігімен  қоса, 
рухани  бітімі  кесек,  ақыл-парасаты  жоғары,  елге  деген  шексіз 
махаббаты  мен  сенімі  зор  болуының  себептері  де  романда  жете 
зерттеліп, терең пайымдалып, жасынан ел сөзін ұстауы, Төле би, 
Қазыбек  би,  Төбен,  Боранбай,  Бекболат  билермен  қылаусыз 
сезім,  қимас  көңілмен  жиі  табысып,  дүниетанымын  байытып 
отыруы,  Бұқар,  Ақтамберді  жыраулардың  жырын  жалықпай 


14 
 
тыңдап, оларды  ой көсемі, сөз пірі деп  таныпы, үздіге тыңдауы, 
ел  жақсыларымен  тағдырдың  шым-шытырық  шырғалаңды 
шақтарында  үзеңгілес  жүріп,  бірге  күйзеліп,  бірге  көсіліп,  бірге 
тебіренетін  сәттер  арқылы  тұнық,  жүрегі  құнарлы  Қабанбайға 
неге  әсер  етпесін...  Халық  қамын  тереңірек  ойлайтын, 
адамгершілік,  адалдық  жолымен  ойлайтын  адам  –  ойшыл  адам, 
жақсыны тану үшін парасат керек. 
Қабанбайды  заманы  алып  батыр,  ойшыл  еткен,  парасатты 
еткен,  таразының  басын  тең  ұстайтын  би  еткен.  Биліктің 
барынша әділ көрінісі – оның жаудан босаған жерлерді бірде-бір 
руға  қиянат  жасамай  бөліп  беруі.  Бас  қаһарманының  дара 
болмысын  танытуда  қаламгер  баяндау  мен  суреттеудің  тиімді 
үлілерін талғампаздықпен пайдаланған.  
 
«Дарабоз»  роман-дилогиясы  –  халық  тарихының  маңызды 
бір  кезеңін  тарихи  тұлға  болмысымен  тұтастықта  ашқан  тарихи 
роман.  Қазақтың  тарихи  тұлғасы,  қаһарман  қолбасшы 
Қабанбайдың  көркем  бейнесін  жан-жақты  сомдаған  роман  қазақ 
тарихи романдарының көрнектілерінің бірі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет