Итальян тілінде бәрімізге «buona fortuna» «Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары



бет52/54
Дата11.04.2022
өлшемі152,67 Kb.
#138763
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
ӘСМ 1 РК

Саяси режим — бұл үстемдік етуші әлеуметтік жіктің қоғам тұрақтылығының мақсаттарын көздей отырып және саяси бостандықтың деңгейін, олардың
қызметінің құқықтық негіздеріне билік органдарының қатынасын көрсете отырып, өзінің саяси үстемдігін жүзеге асыратын құралдардың, тәсілдердің жиынтығы.
Саяси режим- саяси биліктің тұрақтылығын,азаматтардың басқарылуын, билік үшін тиімді қозғалыс (динамика) пен саяси қатынастардың бағыттылығын,
жеткізуін, саясаттың үстемдік мақсатқа етуші қол элитаның мүдделерінің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Тоталитарлық саяси режим мемлекеттің, қоғамдық өмірдің барлық салаларына шексіз бақылау қоюға ұмтылуымен, адамның саяси билікке және үстемдік етуші идеологияға толық бағынуымен сипатталады.
Авторитарлык режим - бұл қоғамның мемлекеттік-саяси құрылымы, онын негізін қандай да бір топты бір адамның немесе институттың билікке деген монополиясы құрайды.
Авторитарлық саяси режимдердің ортақ белгілері:
1. халыктың биліктен шеттетілуі.
2. бірыңғай міндетті идеология болмаса да, мемлекеттік
идеология басымдық етеді.
3. биліктің айкын бөлінуі болмайды.
4. бағынбайтындарды көндіруге мәжбүрлеу үшін қажетті
күшке сүйену.
5. саясаттың монополиялануы.
6. коғамға толык жаппай бақылау орнатудан бас тарту.
7. басқарушы элитаның қалыптасуы жоғарыдан
тағайындау арқылы жүреді.
Демократиялық саяси режим халықты биліктің қайнар көзі ретінде мойындаумен
айқындалып, азаматтардың қоғамдык өмірге және олардың саяси құқыктары мен
бостандықтарын практикалық жүзеге асыру арқылы билік құрылымдарын
қалыптастыру процесіне жаппай қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.
Демократиялык режим - бұл дамушы, ілгері жылжушы режим, халық өкіметі- яғни, халыққа барлық билікті,қоғамды, мемлекетті басқарудын шынайы мүмкіндігін олар бақылайтынсаяси институттар арқылы беру.
Демократиялық: Президенттік, Парламенттік
Демократиялық емес: Тоталитарлы, Авторитарлы
58.Азаматтық қоғамның мәні және оның критерийлері.
Азаматтық қоғам ғылыми тұрғыдан өте аз зерттелген, ол туралы қомақты бірде ғылыми еңбек жоқ. Оның себебі ғалымдар азаматтық қоғам мен мемлекеттің мазмұны ұқсас деп түсініп келді. Расында ұқсастық бар, бірақ та айырмашылық басым. Адам қоғамының қалыптасқанына 1,5 млн. жыл өтті, ал мемлекеттің өмірге келгеніне 6 мың жыл ғана болды. Мемлекет қоғамның санқырлы көрінісінің бір ғана нысаны. Қоғам туралы ой-пікірлер көне дәуірде де болды, ал "азаматтық қоғам" толық мағынада бұл ұғым өмірге тек XVIII ғасырда келді. Басында азаматтық қоғам деп меншік, отбасы, рынок, мораль салаларындағы қатынастарды түсініп келді. Мемлекет бұл қатынастарға толық бостандық берді. Гегельдің ойынша, азаматтық қоғам - жеке меншіктің, діннің, отбасының, моральдық т.б. талаптарын іске асырудың жүйесі. Азаматтық қоғамда әр адам өз мүддесін көздейді, басқаларды көрмейді... Басқаларсыз ол өз мүддесін іске асыра алмайды -деген Гегель. К. Маркстің пікірі — бір саяси жүйені алып мазмұнына қарасаң ол азаматтық қоғамның санқырлы көрінісінің бір нысаны болып шығады.
Біз өткен ғасырдағы ірі ғалымдардың пікірін әдейі келтіріп отырған себебіміз азаматтық қоғам мәселесі сол кездегі өмірдің объективтік даму процесінің алдына қойған талабы дегіміз келеді. Сол себепті Гегель мен Маркс тағы басқа ғалымдар азаматтық қоғамды біраз зерттеп құнды теориялық ғылыми мұра қалдырып кетті. Енді осы құнды ғылыми мұраға сүйене отырып қазіргі заманның талабына сәйкес азаматтық қоғамды ғылыми тұрғыдан зерттеуді жалғастыру керек. Біздің пікіріміз — азаматтық қоғамның мазмұнының санқырлы көрінісі төмендегідей болуға тиіс:

  • экономикалық бостандық, әр түрлі меншік, нарықты қатынас;

  • адамдардың табиғи бостандығы мен құқықтарын қалыптастырып, қорғау;

  • заңды, демократиялық билік;

  • ақпаратқа бостандық беру;

  • заңның, соттың алдында адамдардың теңдігі болу;

  • таптық, ұлттық бірлік, достық, келісім болу;

  • адамдардың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын, мәдени, рухани білімін, санасын көтеру, жақсарту.

Азаматтық қоғамның кұрылымы - Қоғамды өзінің табиғи мүдде-мақсаттарына сәйкес құрушы, реттеп-басқарушы - адам. Адам - қоғам кұрылымының негізгі элементі - діңгегі. Адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары, еңбек ұжымдары, саяси партиялары, мемлекет, олардың ара қатынастары — азаматтық қоғамның элементтері.
Қазіргі Қазақстанның азаматтық қоғамын бес жүйеге бөлуге болады: әлеуметтік, саяси, экономикалық, рухани-мәдени және ақпараттық жүйелер:
Әлеуметтік жүйе - объективтік тұрғыдан қалыптасқан адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары т.б., олардың өзара байланысы бұл жүйеге азаматтық қоғамның ең негізгі ұйымдастырушы жүйе, өзі үш топқа бөлінеді: бірінші тобы — қоғамның үзіліссіз өмір сүру негізін жасаушы, дамытушы топ: отбасы, бала тәрбиелеу, табиғи өмірді жалғастыру; екінші тобы — адамдардың өзара, бір-бірімен байланысы, қатынасы; үшінші тобы — қоғамдық ұйымдардың, таптардың, топтардың, ұлттардың ара қатынастары.
Экономикалық жүйе — қоғамдағы меншіктің түрлері, өндіруші күш пен өндірістік қатынастар, материалдық кірісті әділ бөлуді қалыптастыру. Бұл жүйенің құрылым элементтері: жеке, муниципалдық, акционерлік, кооперативтік, мемлекеттік, фермерлік меншіктер мен шаруашылықтар және қоғамдық кірісті, байлықты әділ бөлу.
Саяси жүйе — мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер және жеке адамдар, депутаттар, т.б., олардың ара қатынастары. Оның ішінде ең күрделісі мемлекеттік билікті іске асырудағы қатынастар. Қатынастардың даму процесінде субъектілерге бостандық берілуге тиіс. Күштеу тек заңдылықты, тәртіпті бұзса ғана қолдануы кажет.
Рухани-мәдени жүйесі - осы бағыттағы мемлекеттік, қоғамдық органдар мен ұйымдар, олардың ара қатынастары. Бұл жүйенің негізгі бағыттары: білім, ғылым, мәдениет, рухани сана-сезім, дін, адамдардың денсаулығы.
Ақпараттық жүйе - осы ақпараттық бағыттағы барлық ұйымдар, бірлестіктер, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, олардың жұмыстары мен ара қатынастары. Бұл бағытта іс-әрекеттерге толық бостандық берілуі кажет.
Осы көрсетілген азаматтық қоғамның жүйелерінің жақсы, сапалы дамуына зор маңызды үлес қосатын мемлекет пен құкық, қоғамдық ұйымдар мен партиялар және қоғамдағы демократияның жоғарғы дәрежеде болуы.
Азаматтық қоғамның белгі - нысандары:

  • адамдардың экономикалық, әлеуметтік, саяси бостандығы мен құқықтарының қамтамасыз етілуі;

  • қоғамда бостандықтың, жариялылықтың болуы, ақпараттың жұмысына азаматтардың қатысуы, ішкі-сыртқы байланыстарға қатысуға, жүріп-тұруға толық кұқықтарының болуы;

  • азаматтардың қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер құрып, өз мүдде-мақсаттарын орындауға, іске асыруға және шет елдердің сондай ұйымдарымен байланыс жасауға кұқықтарының болуы;

  • жергілікті өзін-өзі басқаруға толық бостандық болуы, оның жұмысына мемлекеттің араласпауы, қажет болса тиісті көмегін көрсетуі; жергілікті өзін-өзі басқаратын мекеме жергілікті мемлекеттік органмен тығыз байланыста жұмыс жасауы;

  • азаматтық қоғам - толық бостандық, демократия қалыптасқан қоғам болуы қажет, ол болашақ құқықтық мемлекеттің талаптарын іске асырып, сол мемлекеттің объективтік тұрғыдан негізі болуға тиісті.

Сонымен азаматтық коғам және кұқықтық мемлекет екеуі қатар дамып, өрескел қайшылықтарды бірлесіп реттеп, қоғамның бейбітшілік, прогрестік жолмен дамуына толық мүмкіншілік жасаулары кажет. Қазақстан Республикасының Конституциясында бұл мәселенің негізгі бағыттары көрсетілген. Оның бірінші бабында азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің ең негізгі қағидалары былай деп жарияланған: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».
59.Қазақстанның саяси партиялары. Партиялық жүйенің қазақстандық моделі.
САЯСИ ПАРТИЯЛАР және МАҚСАТТАРЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет