Құқықтану және жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері пәнінен дәріс жұмысы Дайындаған: аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі


Құқықтық сана және құқықтық мәдениет



бет5/6
Дата16.01.2022
өлшемі27,06 Kb.
#112294
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1-Тақырып. Дәріс. Құқықтану және жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері. Ақпанбаев 3b01c85b18acea84ddaa8283e036c0c3
1-дәріс 3931cf2f993a8284d453995f02ab17c2, Formula 7 8 9 10 11
4. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.

Құықтық сана адамдардың құқыққа көзқарастарын білдіретін түсініктері мен сезімдерінінң, бағалары мен мақсаттарының жиынтығы. Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Құқықтық сана заң нормалары мен нақты қоғамдық қатнастар арақатнасын белгілей отырып құқықтың мүмкіндігінше қандай болуы керектігін анықтайды. Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени- тарихи мазмұнымен күшті Құқықтық сана жеке топтық және қоғамдық болып үш түрге бөлінеді. Құқықтық мәдениет. Қоғамның құқықтық жүйесінің даму деңгейін көрсетеді.

Құқықтық сана дегеніміз қоғамда кең етек жайған адамдардың құқықтық құбылыстарға қатысты сезімдерін, көзқарастарын, ой-пікірлерін білдіретін қоғамдық сананың бір түрі болып саналады. Құқықтық сананы ғалымдар Ғ.С. Сапарғалиев пен А.С. Ибраева былай деп тұжырымдайды: «Құқықтық сана – Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға, құқықтық сезімдердің, әсерлерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі». Біз, бірінші кезекте жастардың құқытық санасының қалыптасу ерекшеліктері мен олардың қоғам дамуына тигізетін әсерін қарастыруымыз керек. Оған себеп біздің елде «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 09.02.2015 ж. ҚР заңында көрсетілген 14 пен 29 арасындағы жастар саны 40 пайыз деңгейіне жақын. Сондықтан қоғамда жастардың құқықтық санасы заң шығару үрдісіне, құқық қорғау органдарының қызметіне және т.б. жағдайларға әсер етпей қоймайды.

Жастардың құқықтық санасының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі факторлар ішінде ерекше тоқталып өтуді қажет ететіндері, біздің ойымызша, жастардың қазіргі еліміздегі саясатқа, реформаға, билік басындағыларға сенімі қандай және діни ұстамдары қандай деген мәселелер. Себебі, аталған факторлар жалпы құқықтық сананың дұрыс қалыптасуына, оның жоғарғы құқықтық мәдениетпен ұштасуына үлкен ықпал етеді. Елін, жерін, оның басқарушы тұлғалардың іс әрекетінің заңдылығына деген құрмет жас тұлғаның бойында тұрақты ой-тұжырым сезімін орнатады.

Қазіргі кездегі жағдайлар құқықтық мемлекеттіліктің негіздерін орнықтыру, қоғам ішінде қажетті шеңберде қоғамдық тәртіпті нығайту, құқықтық мәдениетті жаңғырту және жандандыру, моральдық құндылықтарды күшейту, заңдарымыз бен қоғамдық тәртібіміз жұртты қорқытып – үркітпейтін, күштемейтін, қайта қоғам мүшелері өздері түсіне отырып, ол заңдылықтарды қолдапқуаттап отыруын қамтамасыз ету болып табылады.

Құқықтық мәдениет – рухани мәдениеттің маңызды саласы. Ол материалдық мәдениетпен тығыз байланысты. Мысалы, заң қорғау органдарының жұмыс істеу стилі мен қызметкерлерінің деңгейі, олардың кәсіптік және адамгершілік қасиеттері осы елдегі құқықтық мәдениеттің қалыптасып, дамуына ықпал етіп отыратын маңызды факторлар. Сот, тергеу және прокурорлық органдардың материалдық базасы құқықтық мәдениетті бағалауға еске алынып отырады. Қылмыстық процесс мемлекеттік іс-әрекеттің формасы ретінде заңмен реттеліп отыратын болғандықтан, ол әр уақытта құқықтық мәдениет тұрғысынан бағаланып отырады. Заң шығару мен қолдану іс-әрекеті құқықтық мәдениетті дамытуға ықпал жасап отыруы қажет. Құқықтық мәдениет адамгершілікпен тығыз байланысты. Адамгершілік жоғары болған сайын құқықтық мәдениет те жоғары бола беретіні сөзсіз.

Құқықтық мәдениет (кең мағынада) дегеніміз нақты іс қимыл, әрекет жасау үстіндегі заң қондырғысы компоненттерінің жиынтығы және құқық жөнінде және оның жүзеге асырылуы туралы, мемлекет отрандарының, лауазым иелерінің іс-әрекеттері жөнінде адамдардың жалпы түсінігі мен пайымдаулары.



Құқықтық мәдениет (тар мағынада) дегеніміз тұлғаның құқық туралы ой-пікірлері, сезімдері мен пайымдаулары және де саналы түрдегі қажеттіліктері. Осы қажеттіліктер тұлғаның құқыққа сай мінездерінен, жүріс-тұрыстарынан көрініс табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет