Құқықтану және жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері пәнінен дәріс жұмысы Дайындаған: аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі


Мемлекеттің түсінігі белгілері, нысаны, пайда болуы, түрлері, қызметі және мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар. Мемлекеттік аппарат



бет2/6
Дата16.01.2022
өлшемі27,06 Kb.
#112294
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1-Тақырып. Дәріс. Құқықтану және жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері. Ақпанбаев 3b01c85b18acea84ddaa8283e036c0c3
1-дәріс 3931cf2f993a8284d453995f02ab17c2, Formula 7 8 9 10 11
1. Мемлекеттің түсінігі белгілері, нысаны, пайда болуы, түрлері, қызметі және мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар. Мемлекеттік аппарат.

   Мемлекет туралы мәселені бастамас бұрын біз мемлекеттің қоғамда әрекет ететіндігінжәне қоғаммен өзара байланыста болатындығын ескеруіміз керек. Яғни мемлекет қоғам негізінде пайда болады. Қоғам дегеніміз –мемлекеттің объективті негізгі, базисі,тіршілік ету ортасы болып табылады.Қоғам мемлекеттен әлдеқайда бұрын пайда болған.Мемлекеттің пайда болуы екі түрлі модель тұрғысынан қарастырылады. Олар: батыстық және шығыстық.Мемлекет дегеніміз белгілі бір аумақ щеңберінде басқару функциясын орындайтын және соның көмегіменқоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін, бүкіл халыққа міндеттізаңдар мен ереже қағидаларын қабылдайтын және сол нормалар арқылықоғамдық өмірді реттейтін ерекше құқылы саяси ұйым Мемлекеттің белгілері. Жария билігінің. Белгілі территориясының болуы, мемлекттік органдарының, егемендігінің болуы.Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар:теологиялық,патриархалдық, коғамдық келісім теориясы психлолгиялық ,органикалық теория ,материалистік. Мемлекеттік басқару нысандары: монархия (абсолютті, шектеулі, дуалистік), республика( парламенттік, президенттік, аралас).Құрылым нысаны: 1) қарапайым, унитарлы; 2) күрлелі мемлекет (империя.федерация,конфедерация, одақтастық) Саяси режимге қараймемлекттер үш түрге бөлінеді: тоталитарлы, авторитарлы, демократиялық. Мемлекет  пен құқықтың пайда  болуы мен дамуы алғашқы   қауымдық  қоғамның  экономикалық , әлеуметтік, құры-лымдық , басқарушылық салаларындағы  обьективтік даму  процестері бір-бірімен тығыз  байланысты  өзгеріп,  жаңарып отырады. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған  тастан жасалған  қарулар өмірге келіп, адамның тәжірбиесі өсіп молайды. Қоғамдық  еңбек төрт  күрделі  тарауға  бөлінеді: Малшылық,  жер игеру, өнірістік және саудагерлер тобы. Оың  бәрі еңбектің өнімділігін артырады, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар,  таптар  паида  болды. Экономикалық  өзгерістер әлеуметтік  қайшылықтарды  өмірге әкелді. Олар төмендегі  негізгі обьективтік заңдардың- қосымша  өнімнің  пайда  болуы: жеке меншіктің қалыптасуы : топтар мен таптардың арасындағы күрестің  басталуы әсерінен туындайды қайшылықтарды реттеп,  қоғамдық басқару  үшін  өмірге мемлекетпен құқық  келеді.

Мемлекеттің дамуы -мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке мменшіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа  бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы  мен іс- әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам  өмірін ұйымдастырудың нысаны  мен оның негізгі салаларын басшылық  ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің  күшқуатына  үйренетін  басқару  жүиесі.

      Мемлекеттің  пайда  болуыының, дамуының  бірнеше түрлері  бар .

    1. Шығыс елдерінде ( Иран, Индия, Қытай, Араб т.б. шығыс  типтегі елдерде) мемлекеттің  қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен  байланысты. Себебі  алғашқы  қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі  құрылыстар  болды: ірі  су каналдарын  жасау, суармалы ирригациялық жүйелер құру, құрғаұшылықпен күресу.  Міне  ос күрделі  жұмыстарды жақсы  жүргізу  үшін  қоғамдық-мемлекеттік  меншік қалыптасты. Сол  меншіктің иелері:  шенеуліктер, ру,  тайпа  басшылары, хандар,  корольдер мен  императорлар болды.

Сонымен,  Шығыс  елдеріндегі  мемлекеттердің  қалыптасу  себептеріне:

-  ірі  ирригациялық  жүйелерді  жасау ; оны іске  асыру  үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру, біріктіру; барлық жұмыстарды бір  орталықтан  басқару  жатады.

    Мемлекеттің  басқару  аппараты  бұрынғы  ру,  тайпаны  басқарған   аппараттан  өсіп  қалыптасты.  Жаңа  аппарат  қалың  бұқарадан  алыстай  түсіп   әділетсіздікті,  тонаушылықты  күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте  бәсең  дамып  ХІХ-ХХ ғасырларға дейін  көп  өзгермей,  сақталып келеді ( Қытай,  Иран  т.б.).

2. Еуропалық елдерде мемлекет   жеке меншіктің  шапшаңғ күрделі  дамуы,  қоғамның тапқа  бөлінуі арқылы қалыптасты.

    Афина  мен  Римде  алғашқы  қоғамның  ыдырауы   кезінде  экономикалық күшті  топтар  мен  таптар  мемлекеттік  билікті  өз  қолдарына  алып,  өз  мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік,  көбінесе,  демократиялық  жүйедегі   саяси  бірлестік   болып  қалыптасты.  Германияда  мемлекеттің  қалыпиасуы  басқаша  болды. Қалың  бұқара байларға тәуелді болады, федолдық қатынастар  дами бастады.  Осы  типті  мемлекеттер  Европаның  бірнеше  елдерінде  Ресейде,  Ирландияда  және  т.б.  қалыптасты.

     Құқықтың дамуы -  адам қоғамның дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол - әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамда қарым қатнастарда реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып,салт-дәстүр,мораль,діни нормалары) нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді кесіндер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.

    Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенеді. Мысалы, Индия да Ману заңына сүйенеді, ал мұсылман елдерінде – Құраң заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатнастардың мемлекеттік органнының өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарады.

Адам қоғамның мыңдағын жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс- әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүде – мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекетпен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді? – деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.

    Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.   

Теологиялық теория -  мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.

Табиғи теория – бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлып тапқан жоқ, олар адманың өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсалюттік ұғымдар деп атайды.

Тарихи теория – осы теорияны ұсынғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.

Патриарқалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірбиесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде – мақстарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді.

Писхологиялық теория – адамдардың писхологиялық біріккен көз қарасы, іс-әрекетті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және т.б. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет