Құқықтану кафедрасы БӨж тақырыбы: «Бұйрықтар, олардың берілу себептері мен құрылымы» Тобы: ЗҚТ-212 Орындаған: Қалмахан С



Дата26.11.2023
өлшемі84,86 Kb.
#193530
Байланысты:
Бұйрық және оның берілу себептері, құрылымы


Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университеті
Экономика, басқару және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы



БӨЖ


Тақырыбы: «Бұйрықтар, олардың берілу себептері мен құрылымы»


Тобы:ЗҚТ-212
Орындаған: Қалмахан С.
Қабылдаған: Кошенова Т.


Түркістан, 2023 жыл

  1. Бұйрық және берілуі себептері

Бұйрық – басшының мекемені басқарудың барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық т.б. мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орындауға тиісті ісқағаздарының бір түрі.

Бұл құжаттың жауапкершілігі оған қол қоятын лауазымды адамға жүктеледі. Бұйрық ауызша да, жазбаша да беріледі.


Мазмұны жағынан бұйрықтар 2 топқа бөлінеді:
1-ші топ. Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты.
2-ші топ. Жеке құрамға байланысты.

1) Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспарлау, өнімді өткізу сияқты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты бұйрық деп аталады.


Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты бұйрықтар негізі, әдетте, “...байланысты”, “...жүзеге асыруда”, “... жақсарту мақсатында”, “... орындау мақсатында”, “...жетілдіру мақсатында”, “... үшін”, “...сәйкес” деген сияқты тұжырымдаулармен басталады.

2) Азаматтарды жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауыстыру т.б. сияқты мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар жеке құрам бойынша бұйрық деп аталады. Жеке құрам бойынша бұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады. Жеке құрам бойынша бұйрықтарда оның cебебі көрсетіледі.


Мысалы:

  • Зейнеткерлікке шығуына байланысты

  • Басқа жұмысқа ауысуына байланысты

  • Кәсіпорынның жойылуына байланысты

  • Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты

  • Өз өтініші бойынша

  • Бала күтімі үшін демалыс алуына байланысты

  • Еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігіне байланысты

  • Ресми сапарға кетуіне байланысты

  • Себепсіз жұмыстан қалуына байланысты

  • Айрықша жұмыс жағдайлары үшін.

Барлық бұйрықтарда, ең алдымен, мекеменің атауы, күні, айы, жылы көрсетілуі тиіс. Содан кейін «№7 БҰЙРЫҚ» деген сӛз және не туралы бұйрық екені жазылады.
Мысалы:




  1. Бұйрық құрылымы

Құрылымы:
1. Мекеме атауы.
2. Жазылған күні, айы, жылы, орны.
3. Бұйрықтың тақырыбы.
4. Құжат нөмірі, атауы.
5. Айқындаушы бөлік (Бұйрықты беруге негіз болған дерек, бұйрықтың мақсаты).
6. Өкімдік бөлік (Негізгі мәтіні).
7. Бұйрықтың орындалуын қадағалаушы тұлға жайлы мәлімет (міндеті, аты-жөні, лауазымы).
8. Бұйрық беруші адамның лауазымы, аты-жөні, қолы.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет