Iv тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



Дата25.04.2024
өлшемі20,02 Kb.
#201387
Байланысты:
экотуризм

IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР




«Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау





Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым
Айтылым

Оқу мақсаты

4.1.3.1* Тыңдалған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру/болжау
4.2.1.1* Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тыңдалған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді

  • Мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтайды

  • Сөйлеу барысында қарама-қарсы мағыналы сөздерді қолданады



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану



Орындау уақыты

20 минут

1-тапсырма
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.

Ай – Жерге ең жақын орналасқан суық аспан денесі. Ол өзінен жарық шығармайды. Айға күн сәулесі түседі, сондықтан ол жарқырап тұрады. Ай Жерден әлдеқайда кіші.


Ай өте үлкен және жарық, сондықтан ол әрқашан адамдарды қызықтырды. 1969 жылы Айға алғаш рет ғарышкерлер барды. Айда олардың іздері әлі сақталған. Себебі Айда іздерді жоятын жел де, су да жоқ.
Айда өмір сүруге болмайды. Өйткені онда ауа жоқ. Бірақ адамдар болашақта Айға үй салып, өмір сүруді армандайды.



  1. Адамдар Айға неліктен қызығады?




  1. Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтыр.

    • Айға түседі, сондықтан ол жарқырап тұрады.

    • Айдағы іздер жойылмайды, себебі .



2-тапсырма
Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып айт.
Жақын, ірі, суық, бұрынғы, үлкен
Оларды қатыстырып «Күн жүйесі» тақырыбында сөйле.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет