Қыз: Сіздер кімсіздер? Бірге: Суреттер. Ернар


Қыз: Мен неге сенің ыстық, суығыңды сезбей тұрмын? Ей, тамшы? Мақсат



бет5/5
Дата20.04.2023
өлшемі24,25 Kb.
#174995
1   2   3   4   5
Байланысты:
Суреттер

Қыз: Мен неге сенің ыстық, суығыңды сезбей тұрмын? Ей, тамшы?
Мақсат: Сен енді сезбейсің!
Қыз: Жоқ, мен бұл тамшының шексіз ыстық екенін ойлап тұрмын.
Нурик: Енді тек ойлайтын боласың.
Бірге: Сезбейсің!
Қыз: Бұл тамған тамшының өзінде ешқандай жылу да, салқындық та болмады. Енді тағы тамады тамшы.
Бағдат: Енді тамшы тоқтайды.
Тахмина: Бұл соңғы әрекет!
Алмаз : Енді бітті.
Нұрлы: Бізге асығу керек.
Бірге: Сен бізге қосылуға тиіссің.
Қыз: Жоқ, ештеме біткен жоқ, мен мынау таяқтың иесін күтемін, ол оралады. Және мені мына әлемнен алып кетеді. Біз жер бетіне ораламыз.
Бірге: Сен бізге қосылуға тиіссің.
Қыз: Ешқашан! Міне, көріп тұрсыңдар ма? Менің көздерімнен аққан жас бүкіл бойымды шайып барады.
Нұрхат: Бұл соңғы рет.
Қыз: Мен жылай аламын, мен күле аламын, мен бәрін сезіне аламын.
Сахнаның екі жағына кезек-кезек барып біреуді іздейді.
Қыз: Ей, жігіт, мені естисіз бе?
Бірге ашулы: Ол сені естімейді.
Қыз: Ол келеді. Мына таяқты алу үшін ....... қайтып келіңізші, менің сізге айтар сырым бар. Сіз мені міндетті түрде тыңдауға тиіссіз.
Қыз бұл сәтте жылап тұрды.
Наргиза: Ол оралмайды.
Нұрлы: Босқа үміттенесің.
Қыз артына жалт бұрылып, ортаға жүгіріп келеді.
Қыз: Менің махаббатым оны қайта әкеледі.
Тахмина: Бұл ой.
Қыз: Менде шексіз махаббат бар.
Ернар: Тағы да бос сандырақ.
Қыз: Мен жылап тұрмын және күле де аламын.
Қыз күлуге тырысады, бірақ ол өзінен тек бос дыбыс қана шыққанын естиді. Езуін тарта алмайды.
Бағдат: Сен соңғы рет жыладың.
Алмаз: Сенде енді күлкі жоқ.
Бірге: Сен суретсің! Сен бізге қосылуға тиіссің.
Қыз: Жоқ, ешқашан! Мен күле аламын.
Ол қанша тырысса да езуін тарта алмады, тек түсініксіз ебедейсіз дауыс қана шығады, күлкі жоқ.
Мақсат: Күлкі жоқ.
Нұрхат: Қайғы жоқ.
Наргиза: Махаббат жоқ.
Ернар: Адам жоқ.
Нұрлы: Соңғы әрекет қана.
Алмаз: Енді бәрі бітті.
Тахмина : Сен суретсің!
Бірге: Сен бізге қосылуға тиіссің.
Бағдат: Бәрімізді тек Нұх пайғамбар кеп құтқарады.
Мақсат: Ол тағы біз үшін келе жатыр.
Бірге: Сен бізге қосылуға тиіссің.
Қыз: Мен неге күле алмай тұрмын? Мен өзімнің күлкімді естіп тұрмын ғой. Менің миым рахаттана күліп жатқанымды айтады маған.
Нурдаулет: Бұл ой.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет