«Қыздар сұлу көрінер қылығымен»



Дата28.11.2023
өлшемі20,63 Kb.
#193865
Байланысты:
жиналысы


«Қыздар сұлу көрінер қылығымен»
Мақсаты: қыздарды ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге, қыз бала гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету; өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру; қызарды инабатты қыз болып өсуге баулу.
Сөз басы:
Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.
Жүру барысы: Армысыздар, құрметті қонақтар! Бүгін біз 8-11-сынып қыздарымен бірлесе отырып, «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» атты қыздар жиналысын өткізгелі отырмыз. Бүгінгі кездесуіміз пікірлесу, ой бөлісіп, көкейдегі сұрақтарымызға жауап алып, қыз тәрбиесіне байланысты мағлұмат алу мақсатында ұйымдастырылды. Жалпы қыз бала халықтың шырайы, болашақ ана, отбасының ұйытқысы болып табылады. Қазақ халқы ұл баладан гөрі қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән беріп, ақ босағаның ұйытқысы, шаңырақтың құт- берекесі деп еркелетіп, төрге отырғызған. Осындай ілтипатқа ие қыз баланың бойында сыпайылық, мейірбандылық, адалдық, сезімталдық пен еңбекқорлық сияқты қасиеттерді кішкентайынан бастап дамытуды халқымыз өте ежелден қолға алған.
Кешімізді бастамас бұрын қазақтың мағынасы терең, тәрбиелілігі мол мақал – мәтелдеріне тоқталып өтейік.
Жүргізуші:
«Қыздар сұлу көрінеді қылығымен
Жарыла төгілген қос бұрымымен
Бұл күнде сұлулықтың үлгісі осы
Қыздар сұлу көрінер білімімен»
Құрметті, ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі қыздар жиналысының тақырыбы «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» деп аталады. Қыз бала ақылды, кішіпейіл, жанашыр, мейірімді болса сүйкімді де сұлу көрінері анық. Мұндай қыз бала бәріне де ұнамды. Сондықтан да ата – бабаларымыз «Қыз қылығымен сүйкімді» деген сөзді бекер айтпаса керек.
Бүгінгі кеш қонағы ардагер ұстаз, аяулы ана, ардақты әже Гүлшарипа қызын  ортаға шақырамыз.
Ұстанымы: «Қыз өмірдің қызғалдағы»
Ал, енді ортаға мектебіміздің кітапханашысы Бекбосынова Анар апаны ортаға шақырамыз.
Ұстанымы: «Өмір қымбат бәрінен»

Келесі қонағымыз мектеп- дәрігері Қаңлыбаева Айман апаны ортаға шақырамыз


Ұстанымы: «Қыз саулығы – ұлт саулығы»
Мектебіміздің тәрбие жөніндегі орынбасары Амангүл Рахатқызын шақырамын
Ұстанымы: «Қыз үміті бәрінен қымбат»
Құрметті қонақтар бүгінгі жиынымызға қош келдіңіз дей келе назарларыңызды мына бір бейнежазға аудартсам:
Слайдтан бейнеролик жіберіледі
Құрметті апайлар бейнежазба бойынша ой бөліссеңіздер.
«Қызға қырық үйден тыйым» дегенді қалай түсіндіресіз Гүлшарипа апай
Айман апа «Қыз гигиенасы» қандай болуы керек
Бекбосынова Анар сіздің ұстанымыңыз «Өмір бәрінен қымбат» дейсіз Алайда, Қазақ қыздары мен өзге ұлт қыздарының арасында айырмашылық бар деп ойлайсыз ба
Амангүл Рахатқызы сіздің бұл сауалға ойыңыз қандай
Ой бөліскендеріңізге рахмет айтамыз.

Пікірлесіп көрейік біз ашылып,


Даурықпайық бәріміз бір шуласып
Жүгінейік ақиқатқа әрқашан
Дос көңілмен ақтарылып сырласып, - деп оқушыларымызды ашық әңгімеге шақырамыз.
1. Қыз қылығы болмаса, құр шырайдан не пайда?- деген пікірге ой бөлісейік
2. Қазір қандай қыздарды жоғары бағалайды деп ойлайсыз
3. Адамда жан сұлулығы мен тән сұлулығының қайсысы басым болуы керек деп ойлайсыз?
Енді Ә.Нұршайықовтың қыз балаларға арналған өсиет сөздеріне назар аударыңыздар
Қыздар!
1) Егер сүйген жігіттеріңе сүйікті жар боламын десеңдер,еңбекшіл болыңдар!
2) Егер ата-енеге қымбатты келін боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
3) Егер ертең шәкірттеріңе үлгілі ұстаз боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
4) Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған қоғамға адал перзент, асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
5) Егер ертең, егде тартқанда, келісті ана, кемеңгер әже боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Сонымен бірге ақылды болыңдар!
Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар! Сонымен бірге саналы болыңдар!
Ең алдымен еңбекшіл болыңдар! Еңбекшіл адам – ең ардақты адам. Дүниеде ең сұлу әйел – еңбекшіл әйел. Еңбекшіл әйел – ерге сүйікті, елге сүйкімді, отбасыға сыйлы.
…Өңді қыз өтімді қыз болғанымен, түптің түбінде есті, еңбекшіл қыз ғана жақсы жігітті өкіндірмей ең асыл жар, жан серік бола алады.
Қыздар!
Ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар, ұрысқақ болмаңдар!
Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, ұйымшыл болып өсіңдер!
. “Жылтырағанның бәрі алтын емес” дегендей,жарқырағанның бәрі бірдей сән емес. Олардың ішінен тек өз бойыңа қонымдысын, өз денеңе жарасымдысың, сырт көзге де оғаш көрінбейтін ұнамдысы ғана сән. Ендеше, өздеріңе не жарасып, не жараспайтынын біліңдер.
Көрсе қызар болмаңдар!
Қол жетпеске тыраштанбаңдар!
Қыздар!
Сұқ көзден сақтаныңдар. Сұлу сөзден сақтаныңдар. Орынсыз мақтаудан сақтаныңдар, абыройдан аттаудан сақтаныңдар!
Пәк болыңдар!
Пәк болу үшін сақ болыңдар Қыздар!
Жүргізуші:

Бүгін салдық ортаға біз бар ойды


Қалған ойлар өз ойыңнан тарайды
«Алтын сырға» құлағына бар қыздың
Ойланайық, кеш емес қой әлі де, - деп Қыз деген сөздің өзі әдептілік, әдемілік, жан – жақты сұлудық деген ұғыммен астасып жатқандай. Бүгінгі шарада Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі дегендей Қыздарымызды тәрбиелеуден кеш қалмайық деп аяқтағым келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет