Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Донецк орта мектебі



Дата24.07.2017
өлшемі60.25 Kb.
Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы

Донецк орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жаманова Камиля Габдуллаевна


Өнер алды - қызыл тіл

Мақсаты:

1) Білімділік: Пән бойынша білімдерін тереңдету, пысықтау және жүйелеу;

2) Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу әрекеттерін,  танымдық қызығушылықтарын дамыту;

3) Тәрбиелік: Мемлекеттік тілді қастерлеп,  туған жерін, мәдениетін, тарихын мақтан тұтуға тәрбиелеу


Біз бүгінгі сабақта өткен сабақтарымызды қайталаймыз. Оны біз жай сабақ емес «Өнер алды – қызыл тіл» аты сайыс сабақ түрінде өткіземіз.

СЛАЙД Өнер алды – қызыл тіл 


Ой толғаған сырлы тіл. 

Бұл сайыс болғандықтан қарама – қарсы 2 топ болады. «Тұлпар» , «Қарлығаш» Бұларды бағалайтын әділ қазылар сабаққа қатысып отырған мұғалімдер. Әділ-қазыларымызбен таныс болыңыздар. 


І І.  Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады 1 бөлім.. Алдымен 2 топ өздерін таныстырып шығады.

 СЛАЙД-3 2 - Презентация бөлімі. «Ана тілі – жүректің терең сырларын , басынан кешкен дәуірлерін , қысқасы жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп ,сақтап отыратын қазына» деп Ж. Аймауытовтың сөзін есімізге түсіріп, 1- Ана тілі туралы презентацияны бастаймыз

СЛАЙД-Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді. 2-Қазақ тілі туралы презентация

СЛАЙД-3 бөлім. Кімде – кім қазіргі уақытта ана тілін ,өзінің әдебиетін сыйламаса , бағаламаса, оны сауатты , мәдениетті адам деп санауға болмайды ». деген М. Әуезов. Ал біз 3- Мәнерлеп өлең оқу бөлімімізді жалғастырамыз

Өнер алды – қызыл тіл 
Ой толғаған сырлы тіл. 
Қалауын тауып қаржаққан
Тас тілетін алмас тіл. 
Сөз жүйесін тапқан тіл. 
Сарайын ашып , сырын біл. 

Тілім тарих қазынам, 


Анашымның әлдиі.

Жарық дүние жазылған, 


Ғұмырымның сан үйі.
Сенсіз тану мүмкін бе?
Ұлы халық мұратын, 
Енді тілім сілкінде, 
Жиып бойыңның қуатын, 
Теңселсең де тұратын, 
Кезің келді тұғырға.

Әкемнің құты, 


Шешемнің сүті, 
Сіңірген тұла бойыма
Бар асылын халықтың
Лұғатын ұлы тарихтың
Құйған сана ойыма, 
Туған тілім, өркенде
Бола бер күшті, көркем де
СЛАЙД-4 бөлім.  Ауыз әдебиетінің інжу – маржаны мақал – мәтелдер. Мақал-мәтелдердің дидактикалық, тәрбиелік мәні зор. Олар бізді отансүйгіштікке, халқын қадірлеуге баулып, патриотизмге тәрбиелейді. Енді біз сайысымыздың 4-бөлімін мақал –мәтел айту түрінде жалғастырамыз. Тіл туралы мақал – мәтелдер сайысы. 

СЛАЙД-5- бөлім. «Тілден биік асқар жоқ , тілден асқан байлық жоқ , тілден терең теңіз жоқ»(Ғ.Мүсірепов) Еркін тақырыпта мәтіннің мазмұнын диалог құру арқылы айту. 


«Қарлығаш»
Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы. Қазақ тілі өзінің даласындай бай.. Қазақ тілі қасиетті қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті.. «Тұлпар»

ЕлімізҚазақстанРеспубликасыегемен ел атанды.

Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды.

Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды.

Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз. Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз.

СЛАЙД-6-бөлім «Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы үшін – ұлы», - деген Шыңғыс Айтматов. 6- «Ұлы сөзден – ұлағат» бөліммен жалғастырамыз

«Анатілі – жүректіңтереңсырларын , басынанкешкен дәуірлерін , қысқасы жанның барлықтолқындарынұрпақтанұрпаққажеткізіп ,сақтапотыратынқазына» (Ж. Аймауытов

Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы үшін – ұлы», - деген Шыңғыс Айтматов. 

Шыңғыс Айтматов: «Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ.» 

Максим Горький: «Тіл аспап сияқты,оны жақсы білу керек,оны меңгеру керек.» 

Бауыржан Момышұлы: «Тіл дегеніміз-қай халықтың болмасын,кешегі,бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.»

 Махмұт Қашқари: «Игі істің басы-тіл, тәрбие басы-тіл.» 

Нұрсұлтан Назарбаев: «Тілден артық қазына жоқ,тілден артық қасиет жоқ.» 

Кімде – кім қазіргі уақытта ана тілін , өзінің әдебиетін сыйламаса , бағаламаса, оны сауатты , мәдениетті адам деп санауға болмайды ». (М. Әуезов) 

«Тілден биік асқар жоқ , тілден асқан байлық жоқ , тілден терең теңіз жоқ»(Ғ.Мүсірепов) 

СЛАЙД-7-бөлім БіздіңЕлбасымызНұрсұлтан Назарбаев былайдеген : «Мемлекеттіктілдіигеру - әразаматтыңборышы»



Сұраққа дұрыс жауап беру, ұпай жинау

СЛАЙД-10  ұпай – Қазақ тілінде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар?

 12 дауысты, 26 дауыссыз дыбыс бар)

  20  ұпай – Үндестік Заңының қандай түрлері бар?

                                                 (Буын үндестігі және дыбыс үндестігі)

   30 ұпай – Есімдіктің мағыналық түрлерін атаңыз.

                                                       Сіздер – жіктеу

                                                        Бұл – сілтеу

                                                        Ешкім – болысыздық

                                                       Бүкіл – жалпылау

                                                       Кейбір – белгісіздік

                                                       Қашан – сұрау

                                                       Өзім – өздік

СЛАЙД-10 ұпай - Абайдың туған жылы?   

                                                 (1845)
20 ұпай - «Қазақ хрестоматиясын»  жазған кім? 

                                                                                   (Ы.Алтынсарин).

30 ұпай - Қазақтың тұңғыш ғалымы, географ, этнограф

                                                                    (Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов)



СЛАЙД- «Өмірдегі қызықтың бәрі өлеңмен» - дегендей сайыстың соңында «Тойға тілек» әнін орындайды.

Біз алдымызға қойған мақсатқа жеттік пе? 
Біз бәріміз де қазақ тілін мәртебесін көтеруге өз үлесімізді қосуымыз керек, сондықтан біз қазақ тілі сабағында жақсы оқуымыз керек , қазақ елі қандай бай болса да , тіліміз де бай болуы керек. 
Қорытынды 
Ал , енді сайыстың қорытынды сөзін әділқазыларға берейік. 

Осымен сайыс сабағымыз аяқталды.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет