Ізденіс кезеңінің мақсаты



бет1/4
Дата25.08.2017
өлшемі497,55 Kb.
#26589
  1   2   3   4
Ізденіс кезеңінің мақсаты:

-Табиғат обьектілеріне деген

қызығушылығын ояту және бақылау дағдыларын

қалыптастыру.




Міндеттері:

  • Балаларды табиғатпен таныстыру.




  • Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже:


  • Табиғат туралы түсінеді.




  • Табиғатқа қамқор болуға үйренеді.




  • Табиғатты ажыратады.

Теориялық ізденіс кезеңінің жұмыстың

жүргізілуі жоспары.



Жүргізілетін жұмыстар

Мерзімі

1

Теориялық ізденіс кезеңінің жұмыс жоспарын меңгеруші жанындағы кеңесте бекіту

Қыркүйек

2

Шығармашылық тақырып бойынша материалдар жинақтау

Жыл бойы

3

Көрнекіліктер мен үлестірмелі материалдар,дидактикалық материалдар жинақтау.

Жыл бойы

4

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеттерді табиғатпен байланыстыра жүргізу, серуен кезінде бақылауды ұйымдастыру.

Жыл бойы

5

Атқарылған жұмыстар бойынша тұжырымдама жасау

Мамыр


Теориялық ізденіс кезеңінің жұмыс жоспары.



Жүргізілетін жұмыстар

Мерзімі

1

Табиғатқа серуен

Қыркүйек

2

Алтын күз ертеңгілік өткізу

Қазан

3

Құстар қайтып барады ертеңгілік

Қараша

4

Аяз ата келсе екен ертеңгілік

Желтоқсан

5

Шыңықсаң шымыр боларсың

Қаңтар

6

Не қалай дыбыстайды? Дидактикалық ойын

Ақпан

7

Бұл қай кезде болады? Дидактикалық ойын

Наурыз

8

Құстар біздің досымыз Ашықіс әрекет

Сәуір

9

Саяхат сабақ ұйымдастыру

Мамыр











Тақырыбы: Табиғатқа серуен
Мақсаты: Балаларды табиғатты танып оған қамқор болуға тәрбиелеу.
Серуендегі жұмыс түрлері
Біздің балабақшада серуендерді өткізгенде үлкен жұмыс жүргізіледі. Серуен жүргізер алдында, алдын ала жұмысты таңдап алу қажет, серуеннің өзін, серуенде алған білімдерін бекітіп және шығармашылық шеберханада балалармен жұмысты ұйымдастыру керек. Жұмыс қарапайымнан басталып бірте-бірте күрделене түседі.

Мысалы :


*балалардың өсімдіктерді күту дағдыларын жетілдіру ;

*өсімдіктерді күткен жағдайда, еңбек дағдыларын дұрыс қолдану қатынасын қалыптастыру :

*еңбек дағдыларын дербес қолдануға жағдай жасау ;

*сабақтар , іс-тәжірибелерді өткізу.

Барлық шаралардың мағынасын түсіндіру, мысалы неге гүлдерді суару қажет, балалар осы сұраққа жауап қайтарады-өйткені су құймаса кеуіп қалады. Өсімдіктерге не қажет екенін балалар анықтай алады, қажетті барлық іс-әрекеттерді орындайды. «Дүкендегі гүл», «Бөлме гүлдерімен таныстыру» атты өткізілген сабақтар және сонымен қатар дидактикалық ойындар мен сұрақ-жауап ойындары балалардың білімдеріне үлкен үлестерін қосты. Өсімдіктер туралы білімдерінің қалыптасуы балалардың еңбек іс-әрекеттеріне жағымды ықпал жасайды, ал еңбек процесінде балалар пайдалы дағдыларды қабылдап алады, табиғатты сүюге және қорғауға дағдыландырады. Қандай өсімдіктер пайдалы және зиянды екені жөнінде, бақшадағы еңбек арқылы балалар таныды. Осы мезгілде мынадай дидактикалық ойындар өткіздім: «Бейнелеу арқылы танып ал», «Дәмі арқылы тауып ал», «Пісті-піскен жоқ», «Басы және түбі».

Балалардың жан-жануарлармен достасуы, оларды қызық, қуанышқа бөлейді, олар бұрынғыдан да қайырымды, сергек бола бастайды. Балаларға мынадай тапсырма беріледі : торғайларды бақылап, олардың қылықтары, қандай тамақ жейтіні т.б. туралы әңгімелеу.


Қыс бойына балалар қанатты достарына байқау жасап, оларға жем шашып, тамақтандырып отырды. Ол үшін күзде көптеген дәндер жинайды.

Көктемде балалар құстардың келуін тамашалайды және олардың қылықтарын бақылайды, олардың ұя салуларына толық мүмкіндік жасайды. Серуенде құстардың әндерін тыңдауға, олардың сыртқы түрлеріне қызыға қарауға кеңес беріледі, содан соң, дидактикалық ойындар, жұмбақ шешу, өлеңдер оқу, үнтаспалар тыңдау жүргізіледі, видеофильмдер көрсетіледі.

Су тоғандарын ластауға болмайтындығын, онда балықтар, көлбақалар, яғни, тірі жәндіктердің өліп қалатынын айтып түсіндіріледі.

Көктемгі, жазғы,, күзгі мерзімдерге құмырсқаның илеуіне байқау жасау тиімді. Әр мерзімдегі олардың төбешік үйшіктерін салыстырып түсіндіру қажет, яғни, жәндіктер орманды қорғауға көмектеседі. Сол үшін де оларды «орман тазалықшылары» деп атайды.

Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі туралы балалардың ой-өрісін кеңейту үшін, әдістеме кабинетінде табиғат туралы, жанрлары жөнінен әр-түрлі кітаптар, бейнелеу өнерінің шығармалары, табиғи материалдардың үлгілері жинақталған. Ересек адамның маусымдық еңбегімен таныстыру бойынша іс-шаралар бір мезгілде жоспарланады. Ең бастысы, балалар адамның еңбегі айналаны қоршаған табиғатпен тығыз байланысты екендігін түсінулері тиіс.

Көктемде, жазда және күзде табиғатқа саяхаттар ұйымдастырылады, онда балалар көктемнің шуақты кұндеріндегі болып жатқан тамаша құбылыстарды, яғни, қар еріп, сай-салаға құйылып жатқан суларды, жазда жайқалып пісіп тұрған жеміс-жидектерді, айналадағы көк шөптер, күзде айнала басқа түрге еніп жапырақтардың сарғайып түсе бастағанын өздері байқайды, орман ішіндегі саңырауқұлақтардың жеуге жарамды, жарамсызын қалай айыруға болатынын өз көздерімен көреді.

Қыста биік-биік қарлардың қызықтарына тоймайды, шана, шаңғы тебу оларды қайдан жалықтырсын. Бұлардың барлығы балалар әңгіме құрастырғанда ұшқыр қиялдарын дамытады, шығармашылық суреттер үшін қажетті материал болып саналады. Ой-өрісі дамиды, сөздік қоры молаюына негіз болады.


Каталог: uploads -> doc -> 06b7
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06b7 -> Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреті, үнтаспа, қанатты сөздер, шар, гүл, көктем көрінісі
06b7 -> Сабақ жоспары Тексерілді: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасар
06b7 -> Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет