Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат



Дата15.03.2023
өлшемі11,45 Kb.
#172545
Байланысты:
Қызыл кітап
көкөністер ертегі

ҚЫЗЫЛ КІТАП
Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат.
Алғаш рет 1978 жылы жануарларға арналған, ал 1981 жылы өсімдіктерге арналған бөлігі жарық көрді. Қазақстанның «Қызыл кітабы» содан бері 1991 және 1996 жылдары өңделіп, қайта басылып, көпшілікке ұсынылды.
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Қызыл кітапқа белгілі бір түрде енгізу үшін ғалымдар әр жануардың немесе өсімдіктің бес санатын анықтаған:
I санат – жойылып бара жатқандар.
II санат – саны азайып бара жатқандар, жақын арада жойылып кетуі мүмкін.
III санат – сирек түрлер, қазір жойылып кету қаупі жоқ, бірақ өте сирек кездесетіндер.
IV санат – белгісіздер, толық зертелмеген түрлер.
V санат – қалпына келгендер, қорғау жұмыстары нәтижесінде қайта көбейген түрлер.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет