Қызылорда облысы Қазалы ауданы Шәкен ауылы №134 орта мектептің өзін-өзі тану пәні мұғалімі



Дата30.01.2017
өлшемі69,84 Kb.
түріСабақ
Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Шәкен ауылы

134 орта мектептің өзін-өзі тану пәні мұғалімі



Қалыбаева Шолпан Жүсіпалиқызы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Тақырып: Әдептен озбайық

Құндылық:Дұрыс әрекет

Қасиеттер: әдептілік, сыйластық, әділеттілік

Сынып : 6



Сабақ мақсаты:Әдептілік арқылы оқушылардың «дұрыс әрекет» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

1.Адамдардың айналамен жағымды қарым-қатынас жасау үшін әдептіліктің мәнін ашу.

2. Қарым-қатынастағы сыйластық, сыпайлылық, кішіпейілділік қасиеттерінің дамуына ықпал ету.

3.Оқушыларды әдептілікке, адалдыққа тәрбиелеу.



Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Ватман,маркер,

Оқулық, жұмыс дәптер, интерактивті тақта.

Сабақ барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңi.

1.Тыныштық сәтi. Орманға саяхат
Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз.

Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, 306 аудиториядан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.

Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.

Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.

Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз.

Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.

Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, институтқа қарай аяңдаймыз. 306 аудиторияға келіп өз орнымызға отырайық.

Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз.


2.Үй тапсырмасын тексеру: №9 сабақ 33 бет

М.Жұмабаевтың «Сұлулық сезімдері» мәтінін оқып, сұлулықты сипаттайтын сөздерді іріктеп алу деген тапсырма берілді.

/үлбіреген гүл, сылдыраған су, былдырлаған бұлақ, ерке сұлу ай, жұлдызды түн т.б./


Сабақ барысын талдау:

3.Дәйексөз.

Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды.

Ж. Баласағұни
3.1. Дәйексөзді оқу

3.2. Дәйексөздің мәнін ашу

- Адам бойында болатын қандай жақсы қасиеттерді білесіздер?

- Осы дәйексөзді қалай түсінесіздер?

3.3 Дәйексөзді дәптерге жазу

3.4. Мұғалімнің түйінді сөзі.






4. Әңгімелеу.

Тістелген алма. Ел ауызынан

Өте ерте заманда бір жас жігіт өмір сүріпті.Оның жаман іске ешқандай әуестігі жоқ екен. Өтірік айтқанды жек көретін бұл жігіттің бойынан әр түрлі жақсы қасиеттер табылып жататын. Кішіпейіл де қарапайым, әдепті бұл жігіт ел ортасында сыйлы болатын.

Ол бір күні өзеннің жағасына барып, жайғасып отырады. Бір кезде өзеннің бетінде қалқып келе жатқан алманы көзі шалады. Алма біресе суға батып, біресе су бетіне шапшып шығып келе жатады. Жігіт алманың әдемілігіне қызығып, алуға ыңғайланды. Алманы қолға түсіргенде қатты қызыққаны соншалық қалай тістеп қалғанын да байқамады. Әлден уақытта тамағын кермек дәм қарпып өткендей болып оның ойына бір нәрсе сап ете қалады: «Бұл алма менің меншігімдегі алма емес. Бөгде адамның алмасын қалайша рұқсатсыз жедім. Енді қайтсем де алманың иесін тауып, кешірім сұрауым керек», - деп шешті. Сөйтіп, алма ағып келген жаққа қарай өзен бойлап жүріп отырды. Ілгері жүрген сайын, өзенді жағалай өскен бау-бақшаға тап болды. Ол бір кезде бұтақтары иіліп жерге тиіп тұрған, самсаған алманың ортасында алма теріп жүрген бақтың иесін көрді. Оның теріп жатқан алмаларының кейбірі жерге, кейбірі өзенге түсіп, өзенге түскендері ағып кетіп жатыр екен. Жігіттің қолындағы алма да сол алмалардың бірі еді. Бақ иесімен амандасқан жігіт, болған жайды түсіндірді. Алманы қызығып жеп қойғанына өкініп, кешірім сұрады. Бақ иесі оның әдептілігі мен адалдығына таңырқап тұрып қалды. Бір сәт ойланып:

-Жоқ, кешіре алмаймын. Егер менің қолымда біраз уақыт қызмет етсең, ойланып көрейін. Бәлкім кешірермін?- дейді.

Жігіт шартқа келісе кетеді.

-Кешірерсіз. Бұл талаптарыңызға келісемін.

Бақ иесіне жігіттің шешімі ұнайды. Арада біраз уақыт өтті. Бақ иесі жас жігітті жанына шақырып:


  • Сені кешіретін уақыт келді. Бірақ менің саған тағы бір шартым бар. Соны орындасаң сені толық кешіремін. Менің бір қызым бар. Екі көзі көрмейді , екі құлағы естімейді. Қолдарында қуат, ақтарында күш жоқ болған соң жүре де алмайды. Сол қызыма үйленсең, саған екі дүниеде риза болар едім,- дейді.

Алманы тістегеніне өкінген жігіт , бақ иесі алдында «келістім» деген ишара білдірді.

Дүркіреп той да өтті. Қалындығын көретін кез келді. Ол бұл кезге дейін қызды көрмеген болатын. Оны үнемі «көз көр, құлағы керең, жүре алмаймын қыз қандай болар екен?» деген ой мазалайтын. Осы ойлармен бөлмеге кіріп келгенде өз көзіне өзі сенбей қалшиып тұрып қалды. Өйткені ол қарсы алдынан ай десе аузы, күн десе көзі бар, қыз шығады деп еш ойламаған еді. Жігіт жалма-жан бөлмеден шықты да, қыздың әкесіне келді. Шатасып басқа бөлмеге кіріп кеткенін әрі айтылған қызға емес басқа қызға тап болғанын түсіндірді. Қыздың әкесі күліп:



  • Ұлым, сөзіме құлақ сал. Сен ешқандай да қателескен жоқсың. Оның көзі көрмейді дегенім, осы уақытқа дейін әдептен озбаған, жаман нәрсеге қарамаған. Құлағы естімейтіні, яғни ол жаман сөз тыңдамаған. Жүре алмайтыны, өйткені жаман жерге аяқ баспаған. Екі қолында қуат жоқ. Ол ешқашан жаман нәрсе ұстамаған және ешқашан ұрлық жасамаған. Алманы тістегенің үшін кешірім сұрап келген кезде, мен сені қызыма лайық жігіт деп тапқанмын. Сен менің күйеу балам болуға жарадың. Бара ғой. Бүгіннен бастап ол саған адал жар болады. Сендерге адал ниет берсін! Жеген алмаң кешірілді. Алма бақ та сенікі,- деп ризалығын білдіріпті. Сөйтіп, жас жігіт өзінің әдептілігің арқасында мұратына жетіп, бақытты ғұмыр кешіпті.

Мәтін бойынша сұрақтар:

  1. Әңгіменің кейіпкерлері кім?

  2. Бақ иесінің жігітті ұнату себебі неде?

  3. Жігіттің қылығын қалай бағалайсыздар?

  4. Жігіт пен бақ иесінің қызының қандай ортақ қасиеті бар?

  5. Қасыңызда әдепті және әділетті адамдар бар ма? Кімдер?




5.Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс.

5.1. Топқа бөлу реті

3 қызыл алма – 1 топ, 3 сары алма – 2 топ

5.2. Тапсырмаларды орындау



1 топ

Тапсырма: Әдептілік ережесін құрастырыңыздар /5 –тен кем болмасын/

2 топ

Тапсырма:Әдепті баланың бейнесін салыңыздар /коллаж жасау, ватман, пластелин беріледі/

Екі топ тапсырмаларын қорғайды. Қорытындылау.






6.Топпен ән айту

«Оқуда озат боламын» әні мен сөзі Бота Бейсенованікі

1.Оқуда озат боламын

Білімім тасып толамын

Мектепке барып күн сайын

Тек қана бестік аламын (2 рет)


Қайырмасы:

Оқуда озат боламын

Қашанда таудай талабым

Тәртіпті бала атанып

Бәріне үлгі боламын (2 рет)
2.Оқуда озат боламын

Білімім тасып толамын

Әр сөзін тыңдап ұстаздың

Санама құйып аламын (2 рет)


Қайырмасы:

Оқуда озат боламын

Қашанда таудай талабым

Тәртіпті бала атанып

Бәріне үлгі боламын (2 рет)





7.Үй тапсырмасы

№11 сабақ, 39 бет Ы.Алтынсариннің «Әдеп» мәтінін оқу






  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Көздеріңізді жұмасыздар,

бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады» 
Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп рахмет!
Сау болыңыздар!






Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет