Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №46 А. с. Пушкин атындаҒЫ мектеп – лицейі коммуналды мемлекеттік мекемесі



бет4/13
Дата08.02.2022
өлшемі367,43 Kb.
#123330
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға

Зерттеудің өзектілігі. Қазақ ғылыми тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған Ахмет Байтұрсыновтың еңбегінің тек реформатор ретінде ғана емес, ұлттық рухтың ұраншысы ретінде қарастырылуы.
Менің таңдаған ғылыми жобамның тақырыбы: Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға - Ахмет Байтұрсынұлы.
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар дарынды ақын, өз бетін танытқан мысалшыл, қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарының авторы, жаңашыл ағартушы. Ол шын мәніндегі нағыз күрескер-демократтық поэзияның негізін қалап, азаттыққа ұмтылған, азаматтық жыр үлгісін жасаған халқының қалаулы азаматы.
Оқу-ағарту идеясы – А.Байтұрсынұлының қоғамдық қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі, идеологиялық платформасының тіреуі болды. Бұл платформаны мықтап ұстауға алып келген – оның өз халқының тағдырын ойлаған қам-қарекеті. А.Байтұрсынұлы – ұлттық рухымыздың ұлы тіні. Ұлттық рух дегеніміз – ұлттық намыс, қазақ екенін сезіну. Соны бастап берген, сары маса болып ызыңдап, бүкіл халықты «қазақпын» деп көтерілуге шақырған – Ахмет Байтұрсынұлы [1].
" Қазағым, елім!", - деп,өз ұлтының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресте бұқараның жүрегіне қозғау салып, ұйқысынан оятты. Қазақ халқының тағдыры, бүгіні мен ертеңгісі Ахмет поэзиясының өзегі болды. Ол өзінің ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халқына поэзия тілімен жеткізуді қалады. Ахметтің өз өлеңдер жинағын «Маса» деп атауы да тегін емес еді. Ол ұйқыда, саясаттан тыс жатқан надан халқының құлағына маса боп ызыңдап оятуды ойлады [2].
Ақын арманы - "адамдық диханшысы" болып халқына қызмет ету. Ахмет бұл арманын орындады. Ол туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етті. Халқының, елінің қалаулы сәулелі жұлдызына айналды. Шын мәнінде «адамдық диханшысы» атанды.
Мен осы ғылыми жұмысым арқылы келешек ұрпаққа халқымыздың тарихында белгілі із қалдырып, тумысынан ерекше жаратылған ұлы тұлғалардың бірі Ахмет Байтұрсынов туралы мәлімет бергім келеді, бойындағы ерекше қасиеттерімен, еңбексүйгіштігі, адалдығы, адамдығы, саяси шеберлігі, әдеби шеберлігі, төзімділігі сияқты адами қасиеттері мен еліне деген ерекше құрметі, жанашырлығы және патриоттық сезімін негізге ала отырып, келешек ұрпаққа, біздерге, жол сілтер бағыт-бағдар ретінде Ахмет Байтұрсыновтың өнегелі өмір тарихын, ғылыми зерттеу жұмысы ретінде ұсынғым келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет