Қызылорда облыстық ОҚу орталығЫ (Әдістемелік кабинет)



Pdf көрінісі
бет5/150
Дата29.05.2022
өлшемі9,12 Mb.
#145391
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150
Байланысты:
1614757458 11 -emtihan-tapsyrmalarynyn-zhinagy -9-synyp -1-tom

 
 



Қазақ тілі
9-сынып емтихан тапсырмалары
Ә мәтіні: 
ғаламтор мақаласынан үзінді 
Газет – өмір айнасы 
Цифрлы дәуірде тек қағаз түрінде басылып, белгілі бір аумаққа таралатын 
ақпараттық газет шығарудың мәні жоқ екені түсінікті. Әлем бойынша газет, журнал 
атаулының таралымы күрт төмендеуде, себебі жаңа буын жаңалықты планшет пен 
смартфоннан, компьютерден оқуға ойысып барады. Өйткені аптасына, айына шығатын 
газеттердің беретін ақпаратын күн сайын, сағат сайын жаңалап отыратын жылдам желі 
жеңіп кетті. Ал сізге белгілі ақпаратты қайталап оқудың қажеті бар ма?! Кезінде газетті 
ақпарат алмасу үшін, қоғамда не болып жатқанын білу үшін оқитын едік. Енді тек архивін 
қазып, жазбасын жаңартуға, одан қалса, оттық ретінде пайдаланамыз.
АҚШ-тың «New York Times» газеті 1851 жылдан бері тоқтамай жасап келеді. Оны 
таласа оқитын оқырманы жетерлік. Тіпті әлемдік БАҚ сол газеттен сілтеме жасау арқылы 
ақпараттар таратып жатады. Күніге ақпартты толықтырып, мәні мен мағынасы толысқан 
мақала жазу- тілшінің шеберлігі. Ендеше, біздің тілшілеріміз әлсіз бе?! Әлсіздіктен гөрі 
ізденімпаздық пен жаңашылдыққа ұмтылу үдерісі жоқ секілді. Олай дейтініміз –
аптасына бір келетін газеттің бетінен қайталанған, сылдыр сөзден сүбелі сөз құраған 
авторлардың мақаласы мен қаптаған құттықтаулар оқимыз. Адам газетті, ең бірінші, 
«кеше немесе осы аптада не болды екен?» деп ашады. Одан кейін «әлем не дейді, қоғам 
ше?» деген екінші ой келеді. Бәрінен шаршаған кезде ғана танымдық не қызықты дүние 
іздейді. Ал бізде алғашқы екеуі бар, оның өзінде сараптау емес, тек «болды, бітті, өтті, 
енді не болмақ?» деген жанама сұрақтары бар тақырыптар. Ал оқырманын қызықтыратын 
газеттің жаңашылдық көзқарасы жоқтың қасы.
(220 сөз) 
Тапсырма: 
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет