Қызылөзен ауылы З. О. Баймырзаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бекеш Бибігүл



Дата25.12.2016
өлшемі60,46 Kb.
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,

Қызылөзен ауылы

З.О.Баймырзаев атындағы орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Бекеш Бибігүл

Сабақтың тақырыбы : «Жылқы»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға төрт түліктің бірі – жылқы туралы айту.

Білімділігі: Мәтінді, әңгімені оқып, жылқының адамға пайдасы

қандай, «Жылқы» - малдың патшасы.

Түйе – малдың қасқасы» деген мақалдың мағынасын

түсіндіру.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелігі : Оқушыларды төрт түлікке деген қамқорлығы, күтіп

баптау, өсіру, табиғатты қорғауға баулу.

Көрнекілігі: Төрт түліктің пірі, сөзжұмбақ, түрлі-түсті суреттер,

жұмбақтар, карта (мал ауылдың)

Қолдану әдісі: Сұрақ – жауап.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру.

2. Жаңа сабақ.

Саяхатқа шығу.

3. Сұрақ – жауап.

4. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың жүрісі:

І. КІРІСПЕ: Ұйымдастыру. – Қандай сабақ

- Ана тілі, ана тілім – дара тіл

Аталарым сөйлеген.

Ең ардақты баба тіл

Ана тілі, Ана тілім – дара тіл,

Дауға, жауға алдырмай

Алып жүрген дала тіл!

Үй тапсырмасын сұраудан басталады.



  • Қазір балалар, қай мезгіл?

  • Қыс.

  • Одан кейін қандай мезгіл?

  • Көктем.

  • Енді мал ауылға мал басының амандығын білу үшін саяхатқа шығамыз.




  1. «Мұрынқора» - Гүлмираның көкесінің ауылы.

  2. «Қызылсығыра» - Жазгүлдің, Айдананың ауылы.

  3. Бізде сиыр ауылы жоқ болса да, сиыр туралы айта кетейік.

  4. «Түбіжік» - 3б сыныбындағы Жанардың ауылы.




А

Й

Ж

А

Н




Қ

Ы

С

Б

А

Л













Қ

Ы

З


Б

А

Л

Д

Ы

Р

Ғ

А

Н



  1. Қыз есімі.

  2. Жыл мезгілі.

  3. Аюдың асы.

  4. ... өссе елдің көркі.

  5. Балалар журналы.

Мал басының амандығын білген соң, ауылымызғы келіп, мектебіміздегі сабаққа кірдік.

ЖАҢА САБАҚ: С. МҰҚАНОВ. ЖЫЛҚЫ.

С.Мұқанов (1900-1973) қазіргі Солтүстік Қазақсиан облысының Жамбыл ауданында туған. Қазақтың аса көрнекті жазушысы, қоғам қайреткері. «Өмір мектебі», «Ботагөз», «Ақ аю», «Балуан Шолақ» т.б. көптеген шығармалардың авторы. «Жылқы» әңгімесін оқып беремін.

СҰРАҚ – ЖАУАП :



  1. Әңгіме кімнің атынан баяндалған?

  2. Қос деген не?

  3. Жылқы етінің қандай қасиеті бар?

  4. Жылқы терісі жөнінде не делінген?

  5. Жылқының адамға пайдасы қандай?

ӨЛЕҢ ШЫҒАРУ : АЙДАНА, ГҮЛФАРИЗА, АЙТКҮЛ

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау барысында «Ер қанаты – ат» деген мақал өткен заманда жаудан елін қорғаған батырлардың қасында аты да болған.

Тайбурыл – Қобыланды

Байшұбар – Алпамыс

Қарақасқа – Қамбар

Құлагер – Ақан

Үлкен аналардың еркелеткенде «ботам, қозым, құлыным» деп еркелетеді.

ҚОС – шөп шабу, егін салу, егін жинау,жылқыны қысқы отарда бағу кезінде көшіп-қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай баспана.

ЖЫЛҚЫ ЕТІ – жүрек, қан тамырлары ауларына, бүйрек жұмысын жақсартуға, буындардың қалтылдауына қарсы қолданылады.


  1. Жылқы еті жуылған суға шашты жуып тұрса, теміреткінің салдарынан болатын шаштың ағаруы тоқтайды.

  2. Жылқының жүрегін қуырып жесе, ұмытшақтық бәсеңдейді.

  3. Қиюластырылмаған сүйектерді, орнына дұрыс түспеген буындарды түзетуге жылқы майын қолданады.

  4. Аттың терін жыланның аузына тамызса, тіл тартпай өледі екен.

  5. Жылқы етін боршалап кептірген соң, отқа күйдіреді. Оны қақтап жесе, іштің өтуі тоқтайды.

  6. Жылқы сүйегін күйдіріп, талқандап, сірке суына араластырып, таз немесе денедегі жараларға жақса ем болады.

ҚЫМЫЗ – денеге қуат бітіреді, ас қорытуға көмектеседі, жүйкені тыныштандырады, ұйқыны түзейді. Әсіресе өкпе туберкулезіне бірден бір ем.

ЖҰМБАҚТАР

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)


Аспан – аспан,

Ескі шапан.

Иір қобыз,

Жарық жұлдыз. (Түйе)


Екі айнасы бар

Екі найзасы бар.

Төрт жылтырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар. (Сиыр)


Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)


Жағасында – құрақ,

Жайылып жүр ... – лақ (Қозы)


МАҚАЛ

1.Түйк бойына сеніп, жылдан құр қалған.

2.Ат – адамның арқауы.

3.Аттың көркі – құйрық, жылы, құлағы

Таудың көркі – тасы мен бұлағы.

4.Сиырдың сүті – тілінде.

5.Малды бақсаң, сиыр бақ,

Сүт кетпейді шарадан.

6.Малды өсірсең қойды өсір

Өнімі оның көл-көсір.



Төрт түліктің төлдерін сүюі.

1.Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,

«Ештеңені білмейтін момыным» деп.

2.Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,

«Қараңғыға баспаған қорқағым» деп.

3.Түйе сүйеді баласын « боташым» деп,

«Жаудыраған көзіңнен, тоташым» деп.

4.Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,

«Тастан тасқа секірген , шұнағым» деп.

5.Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,

«Тұлпар болып жүгірер жұрыным» деп.

Тыйым сөздер.

1.Малды теппе, ақты төкпе.

2.Малды басынан ұрма.

3.Малға теріс мінбе.



Түлікті құрметтеу.

Кендірмен байлама

Жыңғылмен ойнама

Кендірмен байласаң,

Жыңғылмен ойнасаң,

Мал бітер деп ойлама.



Қорытынды бөлім.

Жылқы – ер қанаты. Ол суыққа төзімді, аса сезімтал, талғампаз жануар. Жылқы – тақ тұяқты. Жылқыда өт жоқ, сондықтан ол күйіс қайырмайды. Жылқының жүйрігі, жорғасы, аяқшылы, желгіші, жүк тартқышы болады.

Кендебайдың Керқұласы, Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың Қарақасқасы, Ақанның Құлагері нағыз тұлпарлар болған.



Каталог: baimurza -> images -> files
files -> З. О. Баймырзаев мектебі бойынша 2014 жылдың қыркүйек айы мен 2015 жылдың тамыз айындағы
files -> Қызылөзен ауылы З. О. Баймырзаев атындағы орта мектебінің тарих және құқық пәні мұғалімі Беркімбай Гүлшат Күшікбайқызы
files -> Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы З. О. Баймырзаев атындағы
files -> Сабақтың тақырыбы : Орта ғасырлардағы ғылым мен білімнің дамуы Сабақтың мақсаты
files -> Тарас Шевченко және сәулет өнері Дайындаған: Ерсайынова Айман


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет