Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің өткізілген апталықтар бойынша есеп



бет1/3
Дата18.05.2023
өлшемі1,33 Mb.
#177088
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Апталықтар бойынша анықтама


Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің өткізілген апталықтар бойынша есеп.
2022-2023 оқу жылының басында мектебіміздің оқу-тәрбие жоспары бойынша апталықтар жоспары ұсынылып бекітілді. Апталықтарды өткізу мақсаты: «Оқушылардың пәндер бойынша білім-білік дағдыларын арттырып, оқуға деген ынталарын арттыру мақсатымен мұғалімдерге сабақтан тыс іс шаралар өткізуге мүмкіндік туғызу». Жылдық жоспар келесі апталықтарды қамтиды.





5-15-қыркүйек аралығында «Қазақстан Халықтарының Тілдері күні» мерекесіне орай «Ахмет Байтұрсынұлы  және тіл тағылымы» тақырыбында онкүндік өтті. «Қазақстан сияқты көп ұлттың өкілдері тұратын мемлекеттегі тілдік ахуалды, тіл құрылысын қалыптастыру мен дамытудың негізгі факторы және ұлтаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді реттеу еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін кеңінен түсіндіру, насихаттау» мақсатын алға қойып, мерекелік іс-шаралардың жоспары құрылып өткізілді.



Тілдер онкүндігінің жоспарланған іс-шаралары ауқымды тақырыптарды көтеріп, жақсы дайындықпен өткізілді. Мұғалімдер әрбір іс-шараға аса жауапкершілікпен дайындалып, өткізу барысында алға қойған мақсатына жетуге тырысты. Оқушылар өте белсенді болды. Барлық өткізілген іс- шаралар бейнетаспаға түсіріліп, фотасымен инстаграмға жіберіліп әлеуметтік желілерге жарияланып отырды.
Өткізілген іс- шаралардың сараптамасы жасалып, келесі ұсыныстар берілді:
1. Келесі оқу жылында басқа тіл мамандары, яғни орыс тіліндегі, ағылшын тіліндегі іс-шаралар қамтылсын;
2. Іс-шараларды өткізу барысында ұйымдастырушылармен қатар сынып жетекшілер қатыссын;
3. Көремсөз байқауына оқушылар нақыл сөздерін, толғауларын мәнерлеп жатқа оқуына, көрініске келгенде киім эстетикасына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың сөздік қорларының баюына, дүниетанымдарының кеңеюіне көңіл аударылып, кітап оқуына мән берілсін;
5. Әдіс бірлестік жетекшісі апталықтың жоспарлануына аса жауапкершілікпен келіп, өткізу барысында белсенділік танытсын.

Қазан айының 17-21 күндері аралығында мектебімізде «Денсаулық және спорт» апталығы өтті. Тақырыбы: «Спорт - денсаулық кепілі!». Апталықтың мақсаты: «Оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, ұлттық ойындарды жандандыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Оқушылардың дене қасиеттерін дамыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ұлттық құндылыққа тәрбиелеу»


Денешынықтыру және спорт апталығының әрбір іс шарасы жоспар бойынша уақытымен өткізілді. Оқушылар белсене қатысты және жеңімпаз оқушылар мадақтамалармен марапатталды. Оқушылардың деншынықтыру пәніне деген қызығушылытары оянып, спортқа деген құлшыныстары артты.


Ұсыныстар:

  1. Алдағы уақытта оқушылардың спорт туралы теориялық білімдерін жетілдіру;

  2. Әр бір іс-шараға жаратылыстану әдіс бірлестік мүшелері қатыссын;

  3. Бастауыш сыныптың денешынықтыру пәнінің мұғалімдері ауқымды іс-шара жоспарлап, өткізсін;

  4. «Денсаулық және спорт» апталығына мектеп медбикесі қатысып, іс шара өткізсін.

Қараша айының 21-і мен 25-і аралығында бастауыш әдіс бірлестігінің «Бақытты балалық шақ» атты апталығы өтті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет